Классный час Күз-береке бастауы

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

КҮЗ - береке бастауы
(ашық тәрбие сағаты)

Абенова Шолпан

бастауыш сынып мұғалімі

№35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицей

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы


1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар, ұстаздар!
2 - жүргізуші:
Қош келдіңіз көрермен,
Отырыңыз қол соғып,
«Алтын күз» кешіне.
Шат күлкіге бөлене.
1 - жүргізуші:
Бүгін, міне, қуандырып біздерді,
Берекелі күз келді, мерекелі күз келді!
Күзді қарсы алайық!
Күз:
Сәлем, өрен достарым,
Қымбатты сый алыңдар,
Өмірге көп қосқаным.
Молайтыңдар шаттықты,
Ән айтыңдар бақытты!
2 - жүргізуші:
Көбейді құт - береке,
Құтты болсын мереке,
Астық толы қоймамыз.
«Алтын күзді» тойламыз!
1 - жүргізуші:
Өнім үйіп тастадық,
Берекелі алтын күз,
Оқуды да бастадық.
Ашық болсын аспаның!
Хор: «Алтын күз»
Күз: Мен - Күзбін. Өте еркемін, сәл нәрсеге ренжіп бұртиып қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп, көз - жасымды аямай төгіп - төгіп жіберемін. Әйтсе де менің жомарттығым, ақкөңілдігім үшін халық мені ұнатады.
2 - жүргізуші: Иә, сізді байлық, молшылық, дархан күз деп білеміз. Біздің сізге арнаған сыйымыз бар. Сізге арнап 2 топ өз өнерін көрсетеді. Соны тамашалаңыз!

Күз:
Барлығыңды қимаймын,
Бір айға нәр бір демім,
Барымды мен сыйлаймын.
Өздеріңмен біргемін - деп себетке салынған жеміс - жидектерін, сыйлықтарын көрсетіп, әділқазыларға да береді.
Оқушылар хормен: «Жаса, жаса, Алтын күз!»- деп айтады.
1 - жүргізуші: Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын!
2 - жүргізуші: Көңілдің серіппелі күйін ашсын!
1 - жүргізуші: Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып
2 - жүргізуші: Береке бірлікпенен ортақтассын,- дей отырып, бүгінгі күзге арналған шағын мерекемізді ашық деп жариялаймыз. Ендеше сайысымызды бастайық. Сайыс 5 кезеңнен тұрады. Екі топ - «Ақ бидай», «Сәбіз».

1-кезең - таныстыру

2-кезең - сұрақ-жауап

3-кезең - «Кім шапшаң»

4-кезең - «Салат жасау»

5-кезең - Сән

1-жүргізуші: Буырқанды күзгі дем,

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ, сары алтын,

Айналаның бәрі алтын.

2-жүргізуші: Асықпаңдар, саспаңдар,

Сыналатын кезің бұл.

Күз маусымын бастаңдар,

Ырыс болып келді жыл.

Алғашқы кезең - Таныстыру. (5 ұпай-ең жоғ.)

1-жүргізуші: 2-кезең -«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» - дегендей, білімдеріңізді сынайтын кез келді. Ұн арасындағы кәмпиттерді қол тигізбей, ауызбен ашып ішіндегі сұрақтарға жауап беру.

А) күз айлары

Ә) жеміс-жидек

Б) күзге байланысты мақал-мәтел

В) көкөністер

Г) күз туралы қандай өлең білесің?

Д) күзгі еңбек түрлері

2-жүргізуші: 3-кезең - «Кім шапшаң?»

Жерге шашылған көкөністерді екі топтан бір баладан шығып (екі көзі байлаулы) себетке тез, көбірек жинау. Қай бала бірінші болады, сол топқа ұпай қосылады.

1-жүргізуші: 4-кезең. Ас мәзірі

Қыздар- «Мимоза» салатын, ұлдар - «Оливье» салатының құрамымен таныстыру.

Жұмбақ шешу, мақал-мәтел жарысы.

2-жүргізуші: 5-кезең - Сән үлгілерін көрсету.

-Сайыстың қорытындысын шығаруға, әділқазыға сөз берейік. (әділ қазы сөйлейді.

Сайыс соңында Күз сөйлейді:
Рахмет, достар, өнеріңе! Талмай еңбек етіңдер,
Уақыт өтпес тірліксіз, Қыстан аман өтіңдер.
Бақыт келмес бірліксіз.
- Барлығың өнерлі, білімді, талантты екенсіңдер. Енді мен қайтайын. Келесі жылы келермін. Мені қуандырып қарсы алдыңдар, риза етіп шығарып салыңдар. Қош болыңдар, келесі жылы амандықпен кездесейік!
Хормен: «Сау болыңыз, Алтын күз!»
Мұғалім: -Балалар, білімді, саналы, дені сау азамат болыңдар, күз мезгіліндей мейірімді болыңдар!





© 2010-2022