Вне классный урок Елім менің

   Ұрпағымызды кеудесінде  намысы бар, білімді, туған елін, жерін сүйетін өнегелі ұрпақ етіп өсіргіміз келсе, бар назарды келешек ұрпақ тәрбиесіне аударуымыз қажет. Қазіргі білімнің болашағы мол факторларының бірі – патриоттық тәрбие.     Қазақстанның тарихымен, бабалар ғұрпымен және мәдени мұраларымен байланысты қызықты сауалдар мен танымал әндер арқылы Қазақстан тарихынан сыр шерту, өз елінің тарихын, салт – дәстүрін толыққанды білетіндігін тексеру.Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, адамгерш...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Вне классный урок Елім меніңВне классный урок Елім менің

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданыВне классный урок Елім менің

«Мұнайшы селосының № 5 орта мектебі»КММ

Информатика пәнінің мқғалімі

Аманчаева Ләззат Мухамбеткалиевна



Тақырыбы: «Елім менің»

Сыныбы: 5-6

Мақсаты: Қазақстанның тарихымен, бабалар ғұрпымен және мәдени мұраларымен байланысты қызықты сауалдар мен танымал әндер арқылы Қазақстан тарихынан сыр шерту, өз елінің тарихын, салт - дәстүрін толыққанды білетіндігін тексеру.

Түрі: танымдық ойын

Жабдығы: интерактивті тақта,алтыбақан, ағаш үй

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) таныстыру (топ басшылары, топтың аты)

ә) ойын шарттарымен таныстыру.

ІІ. Негізгі кезең.

1 - айналым. Шарты: фильмдерге, бағдарламаларға байланысты 4 фотосұрақ қойылады.

1 - фотосұрақ: Фильмнен үзінді көрсетіледі. Киноның аты қандай? Басты кейіпкерлері кім? Жауабы: «Жаужүрек мыңбала» фильмі, Сартай, Таймас, Қорлан.

2 - фотосұрақ. Киноның аты қандай? Басты кейіпкері кім? «Менің атым Қожа» Қожа.

3 - фотосұрақ. Киноның аты қандай? Кейіпкерлерін ата.

4-фотосұрақ. Қай мультфилнің суреті. Кейіпкерлерін ата.

Қосымша 2 ұпай. Шарты: жасырылған музыканы табу керек.

Тапсырма: Туған елім.

2 - айналым.

1 бөлім. Шарты: сөз сауаттылықтарын тексеру мақсатында сөздер беріледі. Сөз құрамын қатесіз айту керек.

1 - топ тапсырмалары:

жарғақ - құлын, тай, лақ, бөкен терісінен түгін сыртына қаратып тіккен сырт киім.

доғалатпа - ұнды майға қуырып дайындайтын тағам түрі .

ашудас - суда жақсы еритін, шөл және шөлейт аудандардағы көл суының түгелімен булануы нәтижесінде түзілетін күрделі құрамды тұздар жиынтығы.

2 - топ тапсырмалары:

дудыға - сілкіп ойналатын дәстүрлі саз аспабы.

шуда - түйенің өркешіне, желкесіне, тізесінің үстіне және мойнының астына шыққан ұзын қылшық жүн.

кебеже - тамақ сақтауға арналған сандық сяқты ағаш бұйым. кебеженің түбі қалың тақтайдан жасалады.

2 бөлім. Шарты: берілген тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын, баламасын табу.

1 - топ тапсырмалары: екі езуі екі құлағына жету (қуану), иненің көзінен өткендей (пысық), қамшысының ұщын да бермеді (көмектеспеді)

2 - топ тапсырмалары: екі көзі төрт болу (қорқу), инемен құдық қазғандай (қиын, ауыр), қамшысын білемдеді (жұдырық көрсетті, қоқаңдады).

3 бөлім. Шарты: екі топ бір - бірінен дайындап келген, көнерген немесе қолданыстан шығып қалған сөз жасырады.

саба-

а) қымыз, шұбат ашыту, іркіт пісу үшін пайдаланылатын, мал терісінен тігілетін ыдыс.

ә) ауылдың әйелдерінің жиналып киіз басуы;

б) тамақтан кейін тоқ басу.

шекпен -

а) итке тамақ беретін ыдыс;

ә) жүннен тоқылатын сырт киім.

б) ашыған сүт.

Қосымша 2 ұпай. Шарты: жасырылған музыканы табу керек. Тапсырма: Алға,Қазақстан!

3 - айналым.

1 - топ тапсырмалары:

1. Н.Ә.Назарбаев

2. Музарт

3. Шәмші Қалдаяқов

4. Роза Рымбаева

5. Бауыржан Момышұлы

6. Қаныш Сәтбаев

7. Ақан сері

8. Заттыбек Көпбосынұлы

9. Қайрат Нұртас

10. Абай Құнанбаев

2 - топ тапсырмалары:

1. Қанат Әлжаппаров

2. Жігіттер квартеті

3. Нұрлан Қоянбаев

4. Мақпал Жүнісова

5. Мәншүк Мәметова

6. Шоқан Уәлиханов

7. Ләззат Асанова

8. Илия Ильин

9. Бижанов Дәулет

10. «Формат» тобы

Қосымша 2 ұпай. Шарты: жасырылған музыканы табу керек. Тапсырма: Отан ана

4 - айналым.

1 бөлім. 1 - топ тапсырмасы: - Көрсетілген алтыбақан макетінде бақан қайсысы?

2 - топ тапсырмасы: - Ағаш үйдің «кереге» деген бөлігі қайсы?

2 бөлім. Шарты: экраннан салт - дәстүрге орай жасалған сурет көрсетіледі. Суретке байланысты сұраққа жауап береді.

1 - топ тапсырмасы. «Бесікке салу» дәстүрінің мағынасы

2 - топ тапсырмасы. «Қыз қуу» ойыны қандай ойын?

Қосымша 2 ұпай. Шарты: жасырылған музыканы табу керек. Тапсырма: Қазағымның дәстүрлері ай.

5 - айналым.

1 бөлім. Шарты: Әртүрлі сала бойынша сұрақтар қойылады. Жауап нақты болуы керек. Топ мүшелері жауап береді.

1 - топ сұрақтары:

1. Қазақстан қанша мемлекетпен шектеседі? (5)

2. Қазақстанның ең алғашқы астанасы қай қала болды? (Қызылорда)

3. Қазақстан ХХХ жазғы олимпиадада қанша медаль иеленді? (13)

2 - топ сұрақтары:

1. Қазақстанда қанша облыс бар? (14)

2. Қазақстанның рухани астанасы қай қала? (Түркістан)

3. Қазақстан ХХХ жазғы олимпиадада нешінші орын иеленді? (12)

2 бөлім. Шарты: күйші-сазгерлердің шығармалары жасырылады. Авторын табу керек.

1. Құрманғазы «Сарыжайлау»

2. Тәттімбет «Сарыарқа»

3 бөлім. Шарты: Экраннан Қазақстан Республикасының картасынан бір қаланы белгілейді. Қай қала екенін табу керек.

1 - топ тапсырмасы: Петропавл.

2 - топ тапсырмасы: Алматы.

Қосымша 2 ұпай. Шарты: жасырылған музыканы табу керек. Тапсырма: Қазақ жігіттері.

ІІІ. Қорытынды кезең. Жеңімпаз топты анықтап, марапаттау.






Қарақия ауданы

«Мұнайшы селосының № 5 орта мектеп» КММ







Тақырыбы:



Өткізген: Аманчаева Л.М.

2014-2015 оқу жылы






© 2010-2022