Тәуелсіздік күніне байланысты желтоқсан-тәуелсіздік шежіресі атты тәрбие сағаты

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Желтоқсан - тәуелсіздік шежіресі

Гимн

1 - жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Желтоқсан-тәуелсіздік шежіресі» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:

Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан.

Тарихы оның тым әріден басталған

«Бодандықтан құтқарам» деп елімді

Талай боздақ талай жерді жастанған-

Иә, бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қанын төкті, жанын берді, жеріміздің тұтастығын сақтап ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті. Оның айғағы ел намысы үшін жанын құрбандыққа қиған Желтоқсандықтар болатын. Оның айғағы - дүниені дүр сілкіндір -ген, әлемге қазақ деген атты паш еткен Желтоқсан көтерілісі. Бүгінгі жарқын өміріміз -сол қаралы күндердің жеңісті жемісі.

1 - жүргізуші: Осы қазақ халқының жері болашағы үміті үшін желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың ұл-қыздары Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатайұлы, Ляззат Асанқызы, Сәбира Мұхамеджанқызының аттарын атамай кетуге болмас.

2 - жүргізуші:

Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
1-жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директоры Сиванбаев Мұрат Серғалиұлына береміз.
2-жүргізуші:

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.

Хор: «Көк тудың желбірегені». 5-6 сынып оқушылары.

1-жүргізуші:

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Ән: Мадияр Бірлікұлымен Мөржан Бағланның орындауында «Терме»

Гүлсана:

Тәуелсіздіктің таңын сүйем,

Таңмен бірге келді ме, өлең

Көк туына басымды ием

Көгімізде желбіреген

Аласармас асқарым да

Күнмен гүлдеп ел өседі

Қазақстан аспанында

Бостандықтың желі өседі

Әнді алысқа жеткіземіз

Көкке елдің туы ілінді

Жылда той ғып өткіземіз

Тәуелсіздік Ұлы тойды

Аяжан:

Маған қымбат Ұлы елімнің

Шешек атқан әр гүлі

Аялайды бәрімізді

Азаттықтың таң нұры

Сарыарқаның даласына

Күн шуағын төккен күн

Елім менің, жерім менің

Баққа толы жеткен күн

Бостандығы тұнғыш рет

Тәуелсіздік Ұлы күнім

Тұрсын жайнап төбемде

Сен жасай бер мәңгі бақи

Қуанышқа бөленде

2-жүргізуші: Қызғалдақ би тобының орындауында «Секірме» биі

Назлым:

Қайраттай қайсар ұлдардың
Жанымен келген еркіндік
Жазира мен Ляззаттың
Арымен келген еркіндік
Қасірет пен қайғының
Бәрімен келген еркіндік

Жанат:

Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!......

Қайрат атты атым бар,он сегізде жасым бар...
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!....

Сұранбады, жалынбады тік тұрды,
Барлық жендет қорықты одан тіксінді,
Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,
Қанышерлер айналада көптін-ді....

Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,
Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік,
Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,
Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып ....

1 - жүргізуші:

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Хор: «Елім менің» 4-5 сынып оқушылары

2 - жүргізуші:

Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерін мәңгілік сақталады.

Би: Қызғалдақ би тобының орындауында «Толғау»

1 - жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Хор: «Атамекен» 4-5 сыныптар

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Ән: «Қазақстан»

1- жүргізуші:
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Желтоқсан-Тәуелсіздіктің шежіресі» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.

2- жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше саусаламатта болыңыздар



© 2010-2022