Классный час на темуЖасыл шырша жанында

Раздел Классному руководителю
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Жасыл шырша жанында

Мақсаты: оқушыларды өнерге баулу, эстетикалық тәрбие беру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Барысы: (көңілді әуен ойнап тұрады)

1-жүргізуші:

Құрметті қонақтар, қадірменді оқушылар! Бүгін біздің сыныбымызда өтетін Жаңа жылдық шыршаға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:

Аппақ бүгін қыр далам

Ақ дастархан жайғандай

Халық біткен қарбалаң

Қонақ күтіп жатқандай

Көңілде көп қуаныш

Көңілде көп жақсылық

Кетер жылға мың алғыс

Әкелген көп жақсылық.

1-жүргізуші:

Жаңа жылда алдағы

Көңіл өсіп кеңейсін

Ортақ ойы, арманы

Жақсы дәстүр көбейсін!

Оқ атпасын ешкімді

Өмір деген тым ыстық

Жұмыр жердің үстінде

Бұзылмасын тыныштық!- демекші, ескі жылды шығарып салып, жаңа жылды қарсы алу мерекесіне келген баршаңызды осы мерекемен құттықтаймыз!

2-жүргізуші:

Төрле, төрле Жаңа жыл

Қуаныштан айтылады әсем жыр

Балалардың бақытында шек болмай

Жүректері қуаныштан толқып тұр.

Төрле, төрле халқымның құтты жылы

Қуаныш пен шаттыққа кенелейік

Жадырап, ән шырқап, тербелейік.

Сіздерге жаңа жылдық сый ретінде Жақыпов Алишер мен Әділсерік Қайнардың орындауында «Жаңа жыл» әнін назарларыңызға ұсынамыз.

1-жүргізуші:

Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Жасыл шырша жанында

Би билейік жаңаша!

Қыздардың орындауында әсем әуендерге қойылған би тамашалайық .

2-жүргізуші:

-Балалар, қараңдар, жаңа жыл келе жатыр! Қанеки, қарсы алайық жақсылап!

Жүргізушілер кезек-кезек:

Өлең де әзір, ән әзір

Ойын да әзір, бәрі әзір

Кел, Жаңа жыл, біздерге

Хормен: Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!

Жаңа жыл:

-Халқым менің!

Жаңа жылмын мен

Елді шарлап, самғаймын

Бір күн қызық бір күннен

Бола берсін әрдайым!

Жаңа жылдың бастауын

Сендерменен тойлайын

Аман болсын халқымыз

Арта берсін даңқымыз

Дами берсін үздіксіз

Жақсы дәстүр, салтымыз!

1-жүргізуші:

Төрлет, қане, Жаңа жыл

Үлестір құт, береке

Көп қуаныш ала жүр

Көп болсыншы мереке!

2-жүргізуші:

Кел, Жаңа жыл еліме

Ырыс, бақыт арқалап

Нұрлы күнді жалғастыр

Ұлан-байтақ жерімде!

1-жүргізуші:

-Балалар, Аяз ата мен Ақша қар да келіп қалыпты, қарсы алайық!

2-жүргізуші:

Армысыз, Аяз ата ақсақалым

Бармысыз, сұлу көркем, Ақшақарым

Асыға тағатсыздық сезімменен

Тосуда өзіңізді барша кауым!

Аяз ата: Армысыңдар, балалар! Өздерің сияқты балалардың шат күлкі -думанын аралап келемін. Міне, сендердің араларыңа да Ақшақар екеуміз келіп қалдық. Жаңа жылдарың құтты , табысты жыл болсын, бәрімізге береке мен бірлік әкелсін!

Ақшақар: Жаңа жыл, жас ұлан

Тұсауыңды кесейік

Аяз ата ұсынған

Қаптың аузын шешейік.

Өлеңіне, әніне

Бағамызды берейік

Өнерлінің бәріне

Тілек, шашу себейік!

1-жүргізуші:

Жаңа жылда, жаңа жылда

Таусылмасын әніміз

Қол ұстасып шыршада

Айналайық бәріміз!

(Аяз ата, Ақшақар, оқушылар, ата-аналар шыршаны айналып, Сапатаева Анелге қосылып жаңа жылға арналған ән орындайды).

Аяз ата:

Ау, әдемі қыздарым

Жас жеткіншек ұлдарым

Қандай жақсы жүздерің

Қандай әсем жырларың!

Балалар кезектерімен тақпақтарын, әндерін, билерін орындайды. Аяз ата оларға әкелген кәмпиттерін, сыйлықтарын таратады.

Аяз ата: Ал, балалар, бізді басқа балалар да тосып отырған шығар. Біз енді соларға барып, жаңа жылдарымен құттықтайық. Сендерге келесі жылы кездескенше аман-сау болыңдар дейміз!

Оқушылар: Сау болыңыздар, жолдарыңыз болсын!



© 2010-2022