«Қарттарым -асыл қазынам» 5 сыныпқа арналған тәрбие сағаты

  Мақсаты: Оқушылардың бойына үлкенді сыйлап,құрметтей білуге, қайырымды болуға тәрбиелеу. Оқушы бойына қайырымдылық қасиеттерді сіңіру.   Күтілетін  нәтиже: Топ ішінде жұмыс істеу барысында қажет мәліметті алады; Қайырымдылық тақырыбын меңгереді. Өмірмен байланыстыра алады. Әдіс- тәсіл :Топтық жұмыс: жаңа білімді меңгерту, ой бөлісу. Блум таксономиясы бойы   нша дарынды және талантты балаларды оқыту,сын тұрғысынан ойлау.Интерактивті тақта,флипчарт, фломастерлер,стикерлер,қанатты сөздер,слайд    
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін :

Сабақтың тақырыбы

«Қарттарым -асыл қазынам»

Мақсаты

Оқушылардың бойына үлкенді сыйлап,құрметтей білуге, қайырымды болуға тәрбиелеу.

Оқушы бойына қайырымдылық қасиеттерді сіңіру.

Күтілетін нәтижелер

Топ ішінде жұмыс істеу барысында қажет мәліметті алады;

Қайырымдылық тақырыбын меңгереді.

Өмірмен байланыстыра алады.

Керекті жабдықтар

Интерактивті тақта,флипчарт, фломастерлер,стикерлер,қанатты сөздер,слайд

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Топтық жұмыс: жаңа білімді меңгерту, ой бөлісу. Блум таксономиясы бойынша дарынды және талантты балаларды оқыту,сын тұрғысынан ойлау.

Сабақ барысы:

Сабақ

кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе (5мин)





Тұсаукесер

(10мин.)

1.Оқушылармен амандасу.

- Сәлематсыздар ма, оқушылар?

2. Тренинг арқылы 3 топқа бөліп алу. Ол үшін оқушылар стикерге жазылған қайырымдылық,қамқорлық,жақсылық тақырыптарын таңдап алады.

І топ. «Қайырымдылық»

ІІ топ. «Жақсылық»

ІІІ топ. «Қамқорлық»

3.Ынтымақтастық атмосферасы.

Үлкенге де "сіз"

Кішіге де "сіз"

Бар адамға құрметпен

Бас иеміз біз

Сабақтағы жақсы көңіл күй. Әдемі тілектер айту. 3 топқа парақтар таратылады, олар бір-біріне арнап тілектер айтады..

.Ой қозғау.

Оқушыларға сұрақтар қойылады.

1) - Қазына деген не?

2) Отбасымыздағы үлкен,қадірлі адамдар кімдер?

3)Ал,сіздердің үйлеріңізде ата-әжелеріңіз бар ма?

4)«Қарты бар үйдің,қазынасы бар»дегенді қалай түсінесіңдер?

-Жақсы балалар, міне біздің асыл қазыналарымыз,байлығымыз - үйдегі бізге ақыл,кеңес беріп отыратын үлкен ата-әже,ата-аналарымыз. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, Адамға жақсылық жасау,қайырымдылық ,құрмет көрсету, олардан өнеге алу біздің ата бабамыздан келе жатқан тәрбиеміз,салт-дәстүріміз. «Қарты бар үйдің,қазынасы бар» деген керемет қанатты сөз бар халқымызда. Ендеше бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Қарттарым - асыл қазынам» деп аталады.Бәріміз білеміз 1 қазан қариялар күні.Қазан айы - қайырымдылық айы. Сонымен бірге қайырымдылыққа байланысты

тағы бір үлкен мереке- «Құрбан айт» мерекесі. Сабағымыздың мақсаты: Үлкенді сыйлап,құрметтеу,қайырымды болу деген жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіру.

Сабақ барысы айтылады.

- Балалар, қазір назарларыңа шағын слайд ұсынамыз.

Міне,өздеріңіз көргендей сәби кезімізден бағып-қағып өсірген ата-анамызды үлкейіп,қартайған кезде бізде оларды бағып,киіндіріп,ренжітпей ,еркелетіп,бар мүмкіндігін жасау керек екенбіз.

Мұғаліммен амандасады.

Стикерлерді таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді.



Оқушылар бір-біріне тілек тілеп,орындарына отырады.

Оқушылар мұғалімнің қойған сұрағына қол көтеру арқылы жауап береді.


Презентация тамашалап, қойылған сұрақтарға жауап берулері қажет.

Оқушылар сабақтың мақсатын төмендегіше анықтайды.

Негізгі бөлім

(15мин)

І тур. Жағдаят(ситуация)

Әр топқа шағын слайд көрсетіледі.Сол бойынша жағдаятты баяндау

1. Қайырымдылық тамшысы (Автобустағы жағдай(Суреттер)Қазіргі уақытта қоғамдық көліктерде жастар үлкенге орын бермей өздері отырып алады.Неге олай ойлайсыңдар?

2.Үлкенге құрмет (Немересінің ата-әжесімен сөйлесуі.Видеоролик)Мінекей өздерің көргендей кейбір балалар ата-анасын немесе немерелері ата-әжелерін жақтырмай қарсы сөйлейтіндер де жоқ емес.Неге?

3.«Атаңа не істесең,алдыңа сол келер»Не үшін ата-анасын қарттар үйіне тапсырады?(Қарттар үйіндегі жағдай.Видеоролик)Қазір ата-анасын қарттар үйіне тапсыру да көбейіп бара жатыр,не үшін?

ІІ тур. Н.Тілендиев «Қара шал» термесін тыңдату.

«Тәрбие тал бесіктен» Әр топ қайырымдылық,сыйластық,сыпайылық туралы мақал,нақыл сөздер,әңгіме айтады.(Қағазды суыру арқылы тақырып таңдайды.)

Әр топ біріге отырып,берілген тапсырманы өзара талқылап, топ алдында баяндайды(диалог немесе көрініс көрсетуге болады.)


Топта өзара талқылап,ауызша баяндайды.

Қорытынды

(15мин.)

Қорытындылау.

«Ата-ана ақысы»фильмнен үзінді көрсету.(киноны көру арқылы сыни ойлап,постер жазады)

ІІІ тур.Постер құрау.

1 топ. «Қайырымдылық »

2 топ. «Қайырымды істер»

3 топ. «Менің қайырымдылыққа қосар үлесім» тақырыптарына әр топ постер жазады.

Рефлексия.Оқушылар матаға жазылған тілектерін «Тілек ағашына» оқып іледі.Оқушыларды мадақтап,жазған арман тілектерін орындалуын тілейміз.

Балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.

Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!

Ендігі сөз кезегі бүгінгі тәрбие сағатының қонағы ардагер ұстаздарымызға беріледі.

Сау болыңыздар!

Әр топ постерді қорғайды.

Тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылайды.



Сынып оқушыларының үйден дайындап келген «Асыл әжем» әні орындалады және Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» өлеңі оқылады.



.




















© 2010-2022