Урок по валеологии для 1, 2, 3 классов В здоровом теле-здорвый дух

Раздел Классному руководителю
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Салауаттанудан 1 «А» сыныбының агитбригадасының сценарийі

Біздің топ : Щеткалар

Біздің ұран:

Щетка, щетка, щеткалар Неше түрлі щетка бар Бірі шаңды қуады, бірі тісті жуады Тазалық саулық негізі, Саулық -байлық негізі

Денсаулықты сақтауды, тазалықты жақтауды. Табиғатты сүюді, Жалқаулықты тыюді . Үйретеді бізге қандай пән?

Тісімізді күтуді, Көзімізді сақтауды. Спортпен шұғылдану, Күш жігер жиып алуды, Үйретеді бізге қандай пән?

Бұл бала, кай бала? Пай! Пай! Қарашы үстіне, өзіне! Бір кіршік түсті ме, көзіне? Пай! Пай!

-Тап-таза, ақ қағаздай. Киімі мұнтаздай. Пай ! Пай! Жарайсың балақай! Дейміз біз мадақтай! Пай! Пай!

  • Мен таза бала. Мен щеткалармен, сабынмен доспын. Үнемі таза жүргенді үнатамын.

Жақсы бала ол анық, Істемейді шалалық. Тап-таза болып жуынып, Алады өзі таранып.

Тазалық секторы: -Осы сыныпқа тазалық сүйгіш балалар келді деген соң, мен мына Қарабайды ертіп келдім. Бұған не айтасыңдар?

Бұл бала, қай бала? Пай! Пай! Қарашы үстіне, өзіне! Бір кіршік түсті ме, көзіне? Бет ауыз-кір айғыз. Бес батпан. Мойыны күс қатқан. Тырнағы сояудай. Пай! Пай!

Қарабай-ау, Қарабай! Шаш қойыпсың тарамай, Өсіріпсің қарамай, Басың болды шарадай! Басты бастап күтпесең, Жүрмесін іске жарамай!

Тазалық керек шашқа да, Тазалық керек асқа да. Шашы таза келісті, Болсаңшы анау баладай!

  • Балалар, Қарабай қателігін түсінді. Қарабайға көмектесейік. Ол үшін тазалықты сақтайтын көмекшілерді шақырайық.

Ертемен күнде сен, Қолыңа сүйкесең. Кетіп, кір-ласың. Тап-таза боласың. Бұл не?

Шомылған баланы, Аймалап алады. Сипайды қолын да, сипайды жонын да. Бұл не?

Иілсең ,иіліп. Түйілсең, түйіліп. Қарайды кісіге, Ұқыпты ісіне. Бұл не?

Аузы жоқ, көзі жоқ. Тілі жоқ, сөзі жоқ. Бірақ та тісі бар, Басыңмен ісі бар. Бұл не?

Тазалық секторы

  • Қарабай, міне енді сенде тазалыққа керекті заттардың бәрі болды. Енді не істейсің?

Қарабай: -Мен жуынып, тап-таза болып жүремін. Кір болып жүру шынында ұят екен. Рахмет, сендерге, балалар! (жуынуға кетеді)

Соңында ТАЗАЛЫҚ сөзінің әр әріпін әр оқушы көрсетіп мақал-мәтелдер айтады.

Т - тазалық денсаулық кепілі

А- ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде

З- зарлымын деме, жаныңда жара болмаса.

А- ауырып жазылған, жан олжа.

Л-ластың досы шыбын.

Ы-ыдысы тазаның, ырысы таза.

Қ-қотыр қолдан жұғады





Салауаттанудан 2 «А» сыныбының агитбригадасының сценарийі ( қатысушылар «Спортлото» әуенімен залға қолдарын бұлғап, жүгіріп кіреді).

Біздің топ : «Спортшы смайликтер»

Біздің ұран :

Біз көңілді смайликтер, үгіттейміз баршаны. Өмірдің ән-жырымен, Спорттың сан түрімен. Достасып жүріңдер сайраңдап. Жүздерің бал-бұл жайнап!

Біздің ән (қошақан әуенімен) Қайырмасы:

1.Жалқаулықты тастаймыз, Иілеміз оңға бір, Жаттығуды бастаймыз. Иілеміз солға бір. Қиынсынып қашпаймыз, Қимылдайды әр сәтте, Шынығамыз жастай біз. Аяқ та бір, қол да бір.

2.Денсаулық -ол шыныққан, Барлық денең мүшесі. Денсаулық -ол тыныққан, Жүйке-тамыр жүйесі

Жазда ықпай ыстықтан, Ақмарал Қыста бұқпай суықтан. Айналысып спортпен, Біз баламыз шыныққан, Денсаулығы мықты жан.

Тазалықтан, салқын судан. Ахад Қорқады екен жалқаулық. Шымыр болып шыныққанда , Сақталады екен денсаулық.

Шомыламын күнде мен, Жанель Тамаша екен бұл деген. Балақайлар бәрің де, Дос болыңдар суменен!

Суық судың несі айып? Аяулым Шынығайық халайық! Кеңестері айтылған, Денсаулыққа лайық!

Спорт деген азанда , Абай Алады да тұрғызып. Еріншектік аз онда.

Бастайды ойын бір қызық. Талшын Аязда да тоңбайсың, Ыстыққа да күймейсің. Сергектікті қолдайсың. Жалқаулықты сүймейсің . Бақыт сенен қашпайды. Өнер білген пайдалы. Спорт соның айғағы.

(әр спорт түрінің киімін киіп , қимылддарын көрсетіп, тақпағын айтады) Спортшылар «Спортлото» әуенімен шығады.

Хоккей - Ерасыл

Арыстандар айбатты, Хоккейшілер қайратты. -Шайба! -Шайба!- дегенде, Шайқасады-ау, ой , қатты!

Футбол - Ислам Жүгіру - Жансейіт Жиырмасы да жарыста, Жүйрік пе екен, сақ па екен, Жайбарақат қалған ба. Жүгіргенде ақбөкен- Футболшылар- барыстар, Делебесі қозады, Жұлқынады алаңда. Бәрін басып озады.

Каратэ маған ұнайды. Абылайхан Ойымды биікке самғайды. Бойыма жинап бар күшті. Көңілімді керемет сергітті.

Гимнасттардың өнері, Томирис Таңқалдырды циркте. Секіру, шпагатқа отыру, Қызықтыра берді мені де.

Ниетің де, тілегің де , ойың да, Санжар Сұлу болсын, таза болсын бойыңда. Адал еңбек сені алға бастасын. Барлық бала спортпенен достассын! ( соңында флешмоб)

Салауаттанудан 3 сынып агитбригадасының сценарийі

Біздің топ : «Денсаулық»

Біздің ұран : Денсаулық- ол күлуің, Денсаулық - ол жүруің, Көңіл- күйің жадырай. Ешбір жерің ауырмай.

Біздің ән «ля-ля, жу-жу әнімен)

Жалқаулықты тастаймыз, Иілеміз оңға бір, Жаттығуды біз бастаймыз. Иілеміз солға бір. Қиынсынып қашпаймыз, Қимылдайды әр сәтте, Шынығамыз жастай біз. Аяқ та бір, қол да бір.

Қайырмасы: Денсаулық -ол шыныққан, Барлық денең мүшесі. Денсаулық -ол тыныққан, Жүйке-тамыр жүйесі

Тірек сызбалармен үгіт-насихат Гигиена : Аяла Дос бол сабын, сумен сен, Жиі- жиі жуын сен: Таңертең де, кешке де, Жуын күндіз - түсте де, Жуын тамақ алдында, Жуын тамақ соңында, Жуын ұйықтар кезінде, Жуын тұрған мезгілде.

Күн тәртібі- Хадиша

Күн тәртібі - жұмыс пен Демалудың кестесі. Пайдасыз бос жүріспен , Бір күнің де өтпесін.

Тиімді тамақтану -Надира Бірдей емес жұрт барлық, Алуан түрлі азық бар, Бірі - толық, бірі - арық. Ет, май, сүт пен балықтар. Байланысты ол талғамға, Көкөністер, жемістер, Қоректенер тағамға. Дәрумендер, жидектер.

Спортпен шынығу- Ильяс Жазда ықпай ыстықтан, Қыста бұқпай суықтан. Айналысып спортпен, Біз баламыз шыныққан, Денсаулығы мықты жан.

Зиянды әдеттер -Айдана Әрбір жанға жау мықты- Арақ-шарап ішпегін. Денсаулыққа қауіпті Темекі де шекпегін. Есірткіден аулақ бол, Алар тәңді улап ол.

Көрініс «У мен дерт» Қатысушылар : темекі, есірткі , ішімдік, милиционер, дәрігер.

Жүргізуші: Осы өлкеде өмір сүріп жатқан әзәзілдер- Темекі, Есірткі, Ішімдік үшеуі жасырын айтысқа түседі. Қазылар алқасы да жоқ, көрермен де жоқ, бұл айтыстың бас бәйгесі -Адам өмірі болатын. Әуелі сөзді емін-еркін ғұмыр кешіп үйренген Темекі алады:

Темекі: Ақжан Д Бөлініп кетсе-дағы жер екіге, кезек бер жасы үлкен Темекіге. Табылам езуінен сұлу қыздың --------------------------------- Айналып ермегіне балалардың, Қалтасын қоқым қылып қағам әр күн. Күні- түні күркілдетіп сарғайтқаным, Қаусаған кәрі тісін ағалардың.

Жүргізуші : Темекінің кеуде соғып көпіргенін Есірткі көріп отыра қалып, өз әніне басады.

Есірткі : Ежелден темекі едің, шылым едің, Ашылмай жатқан әлем ғылым едің. Осылай айтарыңды біліп едім, Жастардың ойына да , бойына да, Енді -енді індет болып кіріп едім. Кеңейтіп жеңісімді, өрісімді, мәз болып миығымнан күліп едім. Жүргізуші : Осы сәтте тапырақтай басып, иісі аңқып керден- керден аттап Ішімдік келеді.

Ішімдік : Мен , мен едім, мен едім , Қай жерде де төр едім. Дастарқаннан, көңілден, Ылғи түспей келемін. Ынжықтарды ысқылап, Бойына күш беремін . Арыстанға тышқанды , Сүйреп әкеп теңедім.

Жүргізуші : Үшеуі бәйгеге таласып тұрғанда сырттан дауыс естіледі.

Милиционер кіреді де: - Шуламаңдар, түсіңдер алдыма! - деп үшеуін ұстайды. ( дәрігер келеді)

Дәрігер:Сендердің мақсаттарың адам өміріне өрт, көңіліне дерт салу болатын. Ал мен олардың қамқоршысымын.

Қолқа қауып, қыжылдатқан асқазан, Жүрек лобып, асқа тәбет ашпаған. Шылым шегу денсаулыққа зиянды, Азаматтар өзгеше бір бас қадам. Меруерт тіс пен таңдайды ыстаған, Өкпені улап, көк жөтелі қыстаған. Шылымыңды жолатпастан өмірде, Темекіні, ақыл ойлы, таста, Адам!

Бәрі бірге : Дені саудың- жаны сау!

A sound mind in sound bodu.

В здоровом теле- здоровый дух!



© 2010-2022