Астана - Арман қала

Раздел Классному руководителю
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Астана - арман қала.
Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Стратегиялар: «Топ ұстанымын құру».
Диалог «Қайта бағыттау».
«Маршрут картасы».
Сергіту сәті «Әнге билету».
«Ментальды карта». «Бес жолды өлең».
Рефлексия «Бір сурет, бес сөз».
Мақсаты: Қазақстанның астанасы - Астана қаласы жайлы білімдерін сыни ойлау арқылы толықтыру
Міндеттері: - Астана қаласының көрікті жерлерін білу және мәтіндегі негізгі ойды ашу;
- топтық жұмыс арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру;
- өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру

Ұйымдастыру:
Оқушыларды психологиялық дайындау.
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастаймыз!
1. Топқа бөлу.
«Сурет қиындылары»
Оқушылар бірлесе жұмыс істеу үшін топқа бөлінеді, қиылған суреттерді құрастыру керек.
Астана, Алматы, Қарағанды, Балқаш топтары болады.

2. Топ ұстанымын құру.
«Маршрут картасы» арқылы Астана қаласындағы көрнекі жерлерді аралау. Әр аялдамада тапсырма орындайды.

1-аялдама:
Астана қаласының картадағы орны.Үй тапсырмасы (Қазақстан туын сипаттау)

2-аялдама: «Бәйтерек»
Оқулықпен жұмыс
Әр топ өлеңді бөліп оқиды.

3-аялдама: «Астана -арман қала»

Диалог «Қайта бағыттау»
Сұрақтар:
- Өлеңде не туралы айтылған?
- Кісі, жер-су аттары қалай жазылған?
- Астана қаласында болғандарың бар ма?
- Қазақстанның басқа қалаларынан айырмашылығы бар ма? Қандай? Дәлелде.

4-аялдама: Бейбітшілік және келісім сарайы
Сергіту сәті «Әнге билету»
«Астана» туралы ән.

5-аялдама:
«Шабыт» шығармашылық сарайы

«Ментальды карта»
- Қазақ жерінің табиғатын, кен орындарын, атақты адамдарының аттарын ментальды картаға салу.
1-топ: Таулары.
2-топ:Кен байлықтары.
3-топ: Атақты адамдары.
4-топ: Қалалары.

6-аялдама:
Назарбаев Университеті

«Бес жолды өлең».
Зат есім(1)
Сын есім, сын есім(2)
Етістік, етістік, етістік(3)
Сөйлем(4)
Зат есім

Бағалау
Ойлау қызметінің қандай түрлерін сабақта пайдаланғанын анықтау.
Формативті бағалау жүргізу.

Рефлексия: «Бір сурет, бес сөз».
- Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?
Үйге тапсырма
Астана - бас қала. (эссе жазу)



© 2010-2022