Тәрбие сағаты Аққу әсемдік символы

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Аққу әсемдік символы».

Мақсаты:

а)білімділік: Құстар туралы білімдерін қалыптастыру.

ә)тәрбиелілік:Құс еркесі-аққу,оны қорғау міндетіміз екеніне көңіл бөлдіру және оларды атуға,қорлауға болмайды деп тәрбиелеу. б)дамытушылық: Осы тәрбие сағатынан алған білімдерін одан әрі алдағы уақытта өз қажеттеріне жаратып,киелі қасиетті құстар туралы білімдерін молайту және дамыту.

Пәнаралық байланыс:Жаратылыстану,биология пәндері.

Көрнекіліктер:Аққудың суреттері.

Сабақтың барысы:

-Балалар,бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың аты «Аққу әсемдік символы» деп аталады.

Топтың ұраны: « Аққуды атуға,

Досты сатуға болмайды».

-Енді бәріміз ойланайықшы,біз неге « Аққу» деп қойдық тобымыздың атын,ал кім айтады?

-Дұрыс ,аққу сұлу,әдемі,көркем,киелі құс!

-Бізде сендерді осы аққу сияқты таза,әсем,сұлу,нәзік жандар болсын деп тілейміз.

Қазақ құс еркесі-аққу деген.Айдын шалқар көл еркесі-аққу.Қорықтың айдын көлдерінде сыбырлауық аққу тіршілік етеді.Бұл аққу тұмсығының кейбір жері қара,қалғаны қызғылт сары және тұмсығының үстінде мүйізше болады.Сыбырлауық аққудың салмағы 10-12 кг болатын ірі құс.

Бұл әсем құстың тазалығы мен сұлулығын ескеріп,жұртшылық қыз-келіншектердің жан нәзіктігін, келбетін соған теңейді.Аққудың сұңқылдап ұшқаны, айдынды көлде кербезденіп жүзгені, кіршіксіз ақтығы, маң-маң басқан сазды қимылы , табиғаттың оған берген әсем көрінісі.Кербез аққудың тіршіліктегі бір ерекшелігі ол өзінің ұясын кез-келген көлдерге сала бермейді.Бұл құс ұя салуға ну қопалы суы сондай таза, әрі тұщы, ірі көлдерді таңдап алады және ол төңіректе адамның болуын да ұната бермейді.Сондықтан да халық оның кез-келген батпақты-шалшық көлде кездесе бермейтін аса талғампаз екенін біліп қадірлейді.

Оны «Құс патшасы» деп атаған.Қорықтарда аққудың саны едәуір өсіп келеді.Қамысты көлдердің олар үшін маңызы өте зор.Аққу ұясын қамыс,құрақтан жасайды.Аққулар екеуден өзара жұптасқан соңөле-өлгенше жұптарын жазбайды.

Аққулар 3-7 жұмыртқа салады,оны мекиені 35-40 күн басып, балапан шығарады.Аққулар балапандарымен бірге күзге дейін бірге болып, оларды қорғаштайды.

Күзде жылы жаққа кетер алдында 7-10 нан топтасады.Аққулар су өсімдіктерінің жапырақтары мен тамырларын қорек етеді.

Сыбырлақ аққу нәзік жүзіп жүргенде мойнын S әрпі тәрізді иіп, басымен тұмсығын су бетінде тік ұстайды және аққулар құстар арасындағы ең көріктісі болуымен қатар олар қолға тез үйренетіндігімен ерекшеленеді.Аққулар суда жақсы жүзеді, бірақ ұша алмайды.Айдын көлдер аруы-аққу сондай сақ, батыл, күшті .Қазақ халқы аққуды «киелі, қасиетті» құс деп санап, оған тимей, қайта оның көл маңында көбірек жүруін ұнатады.Соңғы жылдарда Республикамыздың Солтүстік облыстарында аққу мекендейтін көлдер маңын егіске жыртуға байланысты, оның саны азайып кетті.

Сондықтан да өзінің жемтігімен жұртты таң қалдыратын бұл құс,бүкіл елімізде қорғауға алынған.Сұлулық пен тазалықтың символы- аққу қорығын молайту, Қорғалжын қорығының қазіргі кездегі маңызды міндеттерінің бірі болып отыр.

Сап түзеп ұшады, аққулар аспанда,

Оған тең дүниеде, теңесер құс бар ма?

Маңғаз жүзіп,аққулар көлдерде,

Барады екі аққу айырылмай өзенде ,

-дей келе балалар бүгінгі тәрбие сағатында құстың ең нәзік түрі аққу туралы көп мағлұмат алдық деп есептеймін сіздерді.

Бұл әсем құстың тазалығы мен сұлулығын ескеріп, мен бүгін сендерге болашақта жер ананың еркесі, даланың әсем гүлдері аққулар сияқты нәзік жандар болуға тілектеспін!

Сонымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды!

Тәрбие сағатымызды қорытындылай келе Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасымен аяқтағым келіп тұр!



© 2010-2022