Классный час на тему Наурыз-Думан

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Наурыз-Думан

Сабақтың мақсаты: Студенттердің қазақтың ұлттық мейрамы-Наурыз туралы түсініктерін кеңейту; студенттерді бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Акт зал безендірулері, киіз үйлер, плакаттар, ұлттық бұйымдар.

Сабақ әдісі: Мерекелік сабақ

1-жүргізуші: Наурыз-шығыс елдерінің бүкіл халықтық мейрамы. Қазақ халқы да ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруға әдетке айналдырған.

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар!

Көргендер де арманда, көрмеген де арманда,

Қызықтан тыс қалмаңдар.

Ұлыс тойы басталды.

2-жүргізуші:

Алқа жұртым, той-думан,

Ортамызды ашайық.

Ән мен күйді төгіп біз, інжу-маржан шашайық!

1-жүргізуші: Қайырлы күн мейрамға жиналған барша қауым! Бүгін Ұлыстың Ұлы күні ата-баба тілімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мерекесі-бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түннің теңесетін күн, Жаңа жыл мерекесі.

2-жүргізуші: Ия, Наурыз сөзі «Нау» -«жаңа», «рыз» -«күн» деген күннен шыққан. Бұл қазақша күнтізбеде жаңа жыл мейрамы.

1-жүргізуші:

Қыс өтіп, қар еріп, шырайлы жаз келіп,

Шаруаның кенелген мейрамы ежелден,

Құтты болсын, Наурыз!

Ән «Наурыз айы туғанда»

2-жүргізуші:

Қашанда құт-береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу салты елімнің.

(Келген қонақтарға шашу шашылады)

1-жүргізуші:

Ау, халайық, енді осы ұлыстың Ұлы күні ата салтымыз бойынша ортаға Қызыр бабаны шақырайық!

Қызыр баба:

Армысыңдар жамағат!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын.

Ұлыс бақытты болсын, төрт түлік ақты болсын.

Ұлыс береке берсін, бәле-жала жерге енсін,

Ұлы халқым тоқ болсын, көйлектері көп болсын!

Қайғы, уайым жоқ болсын, қуаныштарың көп болсын!

Әумин!

2-жүргізуші: Қазақ қашанда үйіне келген қонағына ат мінгізіп, шапан жапқан гой, бүгінгі біздің тойымызға келген Қызыр атамызға биден шашу шашайық!

Халық биі: «Қара жорға»

1-жүргізуші:

Күміс көмей әншілер, құдіретті күйшілер,

Мың бұралған бишілер, сұлтандар мен арулар.

Салт -дәстүрді жараса, қайта құрып жаңаша,

Наурызды қарсы алып, той тойлаймыз тамаша.

Күй орындалады.

Ертеден ерте Наурыз жыл басы,

Жарасқан келбетіне нұр тұлғасы.

Сыр шертіп, шаттық құйып жүректерге,

Сұлу жыр, әсем ән боп сыңғырлашы, -демекші студенттердің Наурызға арналған өлеңдеріне кезек берейік (Өлеңдер оқылады).

2-жүргізуші: «Біреу білмегенді, біреу біледі» демекші салт-дәстүрге байланысты қонақтар арасында сұрақ-жауап ойынын ойнатайық, дұрыс жауап бергендерге сыйлығымыз бар!

  1. Жүннен жасалған бұйым (киіз)

  2. Қазақта ат жарысын не деп атайды? (бәйге)

  3. Үш арсыз не? (тамақ, ұйқы, күлкі)

  4. Қандай жілік қыз балаға берілмейді? (кәрі жілік)

  5. Екі ақынның сөз өнерімен сайысы? (айтыс)

  6. Жеті атаны ата (әке, бала, немере, шөпшек, немене, туажат)

  7. Жеті санына байланысты ұғымдар (жеті шелпек, жеті қазына, жеті ата)

  8. Дүниеде не тәтті? (ананың сүті, баланың тілі)

1-жүргізуші:

Хош келдіңіз, Наурызымыз ардақты,

Халқым саған бар үмітін арнапты!

Жылда осылай келе бергін жасарып,

Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.

Ән «Қош, келдің Наурыз!»

2-жүргізуші: Көрермендерге сұрақ. Ұлыстың ұлы күні ерекше ас әзірленеді. Бұл ас наурыз көже деп аталады. Наурыз көжеге неше түрлі тағам қосылады?

1-жүргізуші:

Наурыз құтты болсын!

Ақ мол болсын!

Елімізде бірлік береке, тыныштық болсын!

Әр отбасына келген жаңа жыл құт береке әкелсін! Құрметті қонақтар уақыт бөліп мерекелік шарамызға қатысққандарыңызға мың алғыс!

© 2010-2022