Қазақ тілі пәнінен Қысқарған сөздер тақырыбы

      Сабағымның тақырыбы: "Қысқарған сөздер". Мақсатымды: Қысқарған сөздердің тұрмыста жиі қолданылып жүрген таныс,  жеңіл түрлерімен, олардың қысқартылу жолдарымен таныстыру; Күрделі сөздер туралы білімдерін ары қарай толықтыру;  қысқарған сөздерді дұрыс  оқуға дағдыландыру; Сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу деп алдым. Сабақ барысы кезінде  Қысқарған сөздің күрделі тұлғасы мен қысқарған түрін түсіндіруде оқушыларға күнделікті кездесіп жүрген, мағынасы таныс сөздерді мысалға алу керек. Олардың қысқа...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы

Мерзімі

Сабақтың тақырыбы:

Қысқарған сөздер


Мақсаты:

Қысқарған сөздердің тұрмыста жиі қолданылып жүрген таныс, жеңіл түрлерімен, олардың қысқартылу жолдарымен таныстыру. Күрделі сөздер туралы білімдерін ары қарай толықтыру; қысқарған сөздерді дұрыс оқуға дағдыландыру; Сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу;


Табыс критерийлері:

Қысқарған сөздердің тұрмыста жиі қолданылып жүрген таныс, жеңіл

түрлерімен, олардың қысқартылу жолдарымен танысады; Күрделі сөздер

туралы білімдерін ары қарай толықтырады; қысқарған сөздерді дұрыс

оқуға дағдыланады;


Әдіс- тәсілдер;

Бағалау:

Топтық, жұптық жұмыстар. "Флешбоун" әдісі

Мұғалімнің бағалауы


Ұйымдастыру кезеңі:

Жүректен-жүрекке: Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу.

(Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, бір-біріне жақсы тілектер айтқызу.)

2 минут

Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген жаттығуды тексеру

5 минут

Қызығушы-лықтарын ояту

Қысқарған сөздің күрделі тұлғасы мен қысқарған түрін түсіндіруде

оқушыларға күнделікті кездесіп жүрген, мағынасы таныс сөздерді

мысалға алу керек. Олардың қысқартылу жолдары таныстырылады.

ББҰ- Біріккен Ұлттар Ұйымы

Қаз. МУ- Қазақстан Мемлекеттік Университеті

3 минут

Мағынаны тану

Мағынаны тану (түсіну, қолдану)

1-жаттығуда қысқарған сөздердің қандай тәсілмен

қысқартылып тұрғаны айтылады. Кейбір күрделі сөздерді

қысқартып айтудың қандай маңызы бар екені төңірегінде

оқушылардың өздері ойланып көргені дұрыс.

10 мин

Ашық сұрақтар қою

2-жаттығуда қысқарған сөдердің толық атаулары:

МАИ - Мемлекеттік автомобиль инспекциясы

АҚШ- Америка Құрама Штаттары

Толық атаулары жазылғаннан кейін күрделі сөздердің қалай

қысқартылғанын өздері айтып береді.

5 минут

Сергіту сәті

Естіген әуеніне билеу

2 минут

Шығармашылық жұмыс

3-жаттығуда қысқарған сөздерге қосымша жалғап жазуды үйренеді:

ХШЖК -Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесі

ҚХР - Қытай Халық Республикасы

Басқа жаттығулар да қысқарған сөздермен таныстыруға арналған.

Қысқарған сөздерді дұрыс оқуға да үйрету керек. Ұзындық, салмақ,

уақыт өлшемдерінің қысқартылған түрлерімен оқушылар математика

пәнінен таныс. өлшем бірліктері де еске түсіріліп, олардың да қысқарған

сөздерге жататыны айтылады.

"Фишбоун" әдісін қолданып, сөздерді жаз

10 мин

Ой толғаныс

4-жаттығуда кісі аттарын толық жазады.

Әлтай Марғұлан, Шоқан Уәлиханов, Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов

5 мин

Қорытынды

Рефлексия

Үйге тапсырма

Өздері білетін қысқарған сөздерді қайталатып, мысалдар келтіру.

Неліктен бірнеше сөз тіркесінен тұратын сөздерді қысқартып жазды?

Бір біріне қысқарған сөздерді жұмбақтап, басқалары шешеді.

Не ұнады? -Не ұнамады?

78- беттегі 5-жаттығуды орындауға тапсыру.

3 минут



© 2010-2022