План урока по казахскому языку

Бұл сабақта павлодар өңірінің "Мойылды" шипажайы туралы айтылды. сабақта әр түрлі әдіс тәсілдер, топтық жұмыстар мен жеке дара жұмыстар жоспарланған.Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жаңа сөздермен таныстыра отырып, «Мойылды» тақырыбы бойынша мәліметтер беру. Сөйлем мүшелерін қайталау. Дамытушылық: Мойылды шипажайының емдік қасиеттеріне тоқталу, оқушылардың сөйлеу, баяндау машықтарын дамыту; Тәрбиелік:оқушыларды экологиялық жаупкершілік сезімге, салауатты өмір салтына баулу. Тәрбиелік:оқушыларды ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Мойылды

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жаңа сөздермен таныстыра отырып,

«Мойылды» тақырыбы бойынша мәліметтер беру.

Сөйлем мүшелерін қайталау.

Дамытушылық: Мойылды шипажайының емдік қасиеттеріне тоқталу,

оқушылардың сөйлеу, баяндау машықтарын дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды экологиялық жаупкершілік сезімге, салауатты өмір

салтына баулу.

Тәрбиелік: оқушыларды салауатты өмір салтына баулу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, жаттығу, топпен жұмыс, жұппен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: бейнематериал, Мойылды шипажайы туралы суреттер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, кезекшімен сұхбат, сабаққа бағдар беру.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Тақтадағы мақалға назарларын аударамын.

Демі бардың - емі бар

- Балалар, осы сөздерді қалай түсінесіңдер? Оқушылардың пікірлерін тыңдау

ІІІ. Мотивациялық кезең

- Жақсы, балалар, біздің Павлодар облысындағы қандай сауықтыру орындары туралы айта аласыңдар?

- Тұзды көл, Мойылды, Облыстық емхан, т.б.

- Жақсы, балалар, олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Мойылды

Cөздік жұмысы:

ем қабылдау - лечить

шипалы - лечебное

балшықты - грязевые

жүйке жүйесі - нервная система

қант диабеті - сахарный диабеті

тері аурулары - кожные заболевания

қимыл - қозғалыс - опорно-двигательные

ІV. Мойылды туралы бейнематериал көрсету

Тапсырма: Оқушылар бейнематериалды көріп болғаннан кейін, 1-2 сөйлеммен баяндап береді

V. Тыңдалым: «Мойылды» мәтінін мұғалім тыңдатқызады.

Мойылды - Павлодар қаласынан 11 шақырым жерде орналасқан ауыл. Мойылды - тұзды көл. Көлдің жағалауында Мойылды шипажайы орналасқан. Мұнда жыл сайын 9 мыңнан аса адам сапалы ем алады.

Негізгі бағыттары: балшықпен, рапамен емдеу. Санаторий жанында жоғары минералды тұнбалы балшық пен рападан, сондай-ақ минералды су саңылауынан тұратын табиғи көл бар. Шипалы балшықпен қимыл - қозғалыс органдарының ауруы, жүйке жүйесі, тыныс алу органдары, қант диабеті, тері ауруларын емдейді.

Мойылды қандай көл?

Мұнда жыл сайын қанша адам демалады?

Негізгі бағыттарын атаңыздар.

Сөйлемдер

Дұрыс -1

Бұрыс -0

1

Мойылды - тұзсыз көл.

2

Мұнда жыл сайын 9 мыңнан аса адам сапалы ем алады.

3

Негізгі бағыттары: балшықсыз, рапасыз емдеу.

4

Шипалы балшықпен қимыл - қозғалыс органдарының ауруын емдейді.

5

Мойылды - Павлодар қаласынан 15 шақырым жерде орналасқан.


Тапсырма: жұпта диалог құрастыру

VІ. Топпен жұмыс: оқушылар тақырыпқа байланысты өз топтарының атын қояды

І топ-

ІІ топ-

ІІІ топ-

Әр топқа жағдаят шешу тапсырмас беріледі

Топ басшысы топ оқушыларын бағалап отырады

Топтарға тапсырма:

Әр топ жай сөйлем құрастырып, сөйлем мүшелерін анықтайды.

Бастауыш

Баяндауыш

Толықтауыш

Анықтауыш

Пысықтауыш



Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңыздар:

І деңгей

Мойылды - ..... көл. Көлдің жағалауында Мойылды ..... орналасқан. Мұнда жыл сайын 9 мыңнан аса адам ..... .

ІІ деңгей

Сурет бойынша сөйлемдер құрастыру

ІІІ деңгей

«Мойылды» шипажайы туралы жарнама жасау

VІІ. Қортындылау. Тест орындау

VІІІ. Үй тапсырмасы: Мойылды шипажайында емделген адамдардан

мәлімет жинақтау


© 2010-2022