Классный час 8 наурыз

Раздел Классному руководителю
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сценарий тақырыбы: «Cыйынар ем Ана деген тәңірге».

1-Жүргізуші:Армысыздар, қымбатты ұстаз-аналар және арулар!

Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да

8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді.

Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.

Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.

«Сыйынар ем Ана деген тәңірге» атты кешімізге қош келдіңіздер! ( Бірге)

2-Жүргізуші:Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар!(1-2 Жүргізуші бірге)

1-жүргізуші: Құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздары, қыздары!

8-Наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!

Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз!

Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын...Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

Сіздерден өскен балалар

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті абзал аналар. - дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директоры

Абеев Серік Едігеұлына беріледі.

2-Жүргізуші: Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды.

1-Жүргізуші:Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар.

«Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар.

2-Жүргізуші: Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес.

Ана-болашақтың демеушісі, ұлттың жебеушісі, сәбилердің бақыты.

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Құдайбергенов Қабиденнің орындауындағы

«Аяулым анашым» әнін қабыл алыңыздар!

1-Жүргізуші: «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар.

Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі, болашақ балаларды тәрбиелеуші. Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті.

Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сендер үшін мереке шашулары,- дегендей, алдарыңызда 9 «а,г» сынып оқушылардың орындауындағы «флешмоб» биін қабыл алыңыздар!

2-Жүргізуші: Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Абзелов Қанат ағайдың орындауындағы «Анашым» әнін қабыл алыңыздар!

1-Жүргізуші: Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры, аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған биіді, 10«а» cынып оқушылары Қаирбекова Аружан және Абжанова Мадинаның орындауындағы «Үнді биін» қабыл алыңыздар!

2-Жүргізуші: Ана деген асыл заттан жаралған,

Күн нұрынан сарқылмайтын нәр алған.

Аналардың бойындағы қасиет,

Жер бетіне нұр боп шалқып таралған.

Құдайбергенов Қабиден және Тұрсынхан Махабаттың орындауындағы

«Асыл ана» әнін қабыл алыңыздар!

1-Жүргізуші:Ана -барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш,

тіршіліктің қайнар бұлағы, қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы риза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады.

Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған, ана бақыт құшағында емес пе?!

Келесі кезекті жас ұстаздарға береміз!

1-Жүргізуші: Жаны сырлы, жанары таң қыздар-ай.

Сәуле шашқан өмірге нұр қыздар-ай,

Көрік болған көгімде жұлдыздар-ай,

Құдіретпен жаралған жан қыздар-ай.

9 «а,г» сынып оқушылардың орындауындағы «Қыздар-ай» әнін қабыл алыңыздар!

2-Жүргізуші: Аналар адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады. «Жұмақ-аналардың аяғының астында» деп, ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі деп жорыған екен.

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде,- деп 10«а» сынып оқушылардың орындауындағы «флешмоб» биін қабыл алыңыздар!

1-Жүргізуші: Наурыз мейрам, жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр гүл көктем.

Жарығыңмен шуағыңмен күн-Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

Келесі кезекті мектебіміздің түлектеріне береміз «Попури» әнін қабыл алыңыздар!

2-Жүргізуші: Ана бақыт, ана байлық, ана-гүл,

Осыны естен шығармайық, достарым.

Ана арқылы батыр және ақынбыз,

Тіршілігін түрлендірген даланың -дей отырып келесі кезекті

9 «г»сынып оқушысы Қабдрашов Жандостың аналарымызға арнап өзі жазған өлең шумақтарын тыңдайық!

1-Жүргізуші: Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар.

Ендеше сол аналар алдында бас иелік!

2-Жүргізуші:Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде

Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.

Барша ана, құтты болсын мерекеңіз

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.

Сонда біз кісілікке теңесеміз.

Құрметті қонақтар, біздің «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

1-Жүргізуші:Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен концертіміз аяқталды.

Сау-саламатта болыңыздар! (1-2 жүргізуші: бірге)




1. Құдайбергенов Қабиден «Аяулым анашым».

2. 9 «а,г» сынып оқушылардың орындауындағы «флешмоб» биі.

3. Абзелов Қанат ағайдың орындауындағы «Анашым» әні.

4. 10«а» cынып оқушылары Қаирбекова Аружан және Абжанова Мадинаның орындауындағы «Үнді биі»

5. Құдайбергенов Қабиден және «Асыл ана» әні.

6. Келесі кезекті жас ұстаздардың биі.

7. 9 «а,г» сынып оқушылардың орындауындағы «Қыздар-ай» әні.

8. 10«а» сынып оқушылардың орындауындағы «флешмоб» биі.

9. 11 «а»сынып оқушылары «Попури» әні .






© 2010-2022