Тәрбие сағат тақырыбы Экология - ел тағдыры (prezi. exe, бағдарламасы бойынша)

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау техникалық колледжі















ТӘРБИЕ САҒАТЫ


Тақырыбы: Экология- ел тағдыры



Оқу тобы: ТОРА-12-14

Оқытушы: Мырзатаева Л

















Шетпе, 2015ж

Тақырыбы: Экология - ел тағдыры

  • Мақсаты: Қазіргі кездегі Қазақстан халқының зардап шегіп отырған экологиялық аймақтарын оқушыларға көркем сөзбен жеткізіп, олардан сақтану жолдарын, қайта болдырмау шараларын, қалпына келтіру іс-әрекеттерін оқытып, білім, деңгейлерін одан әрі жетілдіру. Оқушыларды шығармашылыққа баулу.


  • Көрнекілігі: Экологиялық аймаққа жататын жерлердің суреттері, қосымша материалдар, сөзжұмбақтар т.б

Кіріспе сөз: «Қазақстан -2030» Бағдарламасында Елбасы Н.Ә. Назарбаев «2030 жылы Қазақстан мөлдір сулы, жасыл желекті, ауасы таза аймаққа айналады. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің үйіміз бен бақтарымызға енбейтін болады. Біздің балалар кінаратсыз толыққанды өмір сүретін болады», -деп атап көрсеткен еді. Қазіргі таңда экология өзекті мәселеге айналып отыр. Сондықтан, қоршаған ортаны қорғау-әрбір адамның төл міндеті.

Тәрбие сағат тақырыбы Экология - ел тағдыры (prezi.exe ,бағдарламасы бойынша)

Әр оқушыға бір шумақ өлең беріледі, сол өлеңнің ішінен сұрақ туындайды. Өлеңді оқып, сұраққа жауап беру керек.
1.Оқушы

Қазақстан егемендік алғалы,
Мақсат айқын сара жолды таңдады.
Экология проблемасын шешуде,
Орындалды бар халықтың арманы.
Сұрақ:
1. Қазақстан егемендігін қашан алды?
2.Экологиялық проблемаларды шешуде қандай істер орындалуда?

2.Оқушы

Айта алмадық сөз тығылып көмейге,
Апат тажал, қуанышқа бөлей ме?

«Мың тоғыз жүз қырық тоғыз» тамызда,
Ядролық сынақ болды Семейде.
Сұрақ:
1. Алғашқы атомдық жарылыс дауысы қай күні, сағат нешеде естілді?
2. Семей ядролық пoлигоны ауданында қаншаға жуық жер үсті және жер асты ядролық сынақтар өткізілді?

3.Оқушы

Тозаң басып, бар аймақты қаланы
Мүгедек қып үлкенді де, баланы
Көп мөлшерде радиоактивті материал

Жер үстіне, ауаға да тарады.
Сұрақ:
1.Жарылыстың әсерінен жердің қандай қабаттарына зиян келді?

2.Радиоактивті заттардың әсерінен адамдардан басқа тағы нелер зардап шекті деп ойлайсың?

4.Оқушы

Жарылыстар болып әр кез әр түрлі
Шын азапқа ұластырып әр күнді
Семей емес Павлодар мен Жезқазған
Қарағанды, Өскеменді қамтыды
Сұрақ:
1. Семей полигонының зардабы көрші елдерге де кері әсерін тигізді ме?

2. Радиоактивті ластанудың нәтижесінен көрші облыстар қандай зиян шекті?

5.Оқушы

Айтқанменен бар әлемге жар салып
Сол дауыстар жетті кімге қаншалық
Кесірінен ядролық сынақтың
Зардап шекті жергілікті бар халық
Сұрақ:
1. Семей полигоны деген не?
2. Семей ядролық полигоны ауданындағы ересек адамдар мен дүниеге енді келген нәрестелер радиоактивті заттардың әсерінен қандай ауруларға ұшырады?

6.Оқушы

Барлық әлем, сансыз халық қолдап мың
Ұраныңды көкке биік самғаттың
Невада - Семей қозғалысын тоқтатты
Бастауымен белгілі ақын Олжастың
Сұрақ:
1. Олжас Сүлейменов жайында не білесің?
2. Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге қарсы шыққан Олжас Сүлейменовке халық қандай қолдаулар көрсетті?

7.Оқушы

Қабыл болсын көп халықтың көз жасы
Қуантады енді сынақ болмасы
Ядролық полигонды жабуға
Жарлық жазып, қолын қойды Елбасы
Сұрақ:
1. Елбасы Н.Ә.Назарбаев "Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы" жарлығына қашан қол қойды?
2. Семей полигонында сынақ неше жылға созылды?

8.Оқушы

Орындалды дегенменде бар арман
Сансыз улар жерге, шөпке таралған

Сондықтан да сұлу Семей бүгінде
Экологиялық аймақ болып саналған.
Сұрақ:
1. Ядролық сынақтар жабайы өсімдіктер мен жан-жануарларға қандай әсерін тигізді деп ойлайсың?

2. Бұл аймақтарда экологиялық зерттеулер жүргізу үшін қандай елдер қаржылық көмек көрсетті?

9.Оқушы

Игердік қой мұнай мен газ саласын
Келешекте халық берер бағасын
Улы газдар таралуда ауаға
Ей адамзат қайда кетіп барасың?!
Сұрақ:
1. Қазіргі таңда Каспийге байланысты қандай дайындық жұмыстары жүргізілуде?
2. Каспий теңізінде қандай бағалы балықтың тұқымдастары тіршілік етеді?

10.Бар байлығын беріп жатыр Жер Ана
Жер Ананы жараласақ бола ма?
Күкірт азот, көмірсумен былғанды
Ішетін су, демалатын ауа да!
Сұрақ:

1. Жер Ананың берген байлығын тиімді, зиян келмейтіндей етіп пайдалануға бола ма?
Оқушылар қойылған сұрақтар бойынша жауап береді.

Бинеролик көрсетіледі

Оқушылардың өлеңдері оқылады.
1-оқушы: Ей, адамзат, ойланшы сен бір сәт қана
Жауыздықтан күңіреніп жылап тұр ғой мына бала
Табиғаттың ысырапсыз пайдаланып бар байлығын,
Не көрінді? Не қалады артындағы ұрпағына?
Мен көрдім жас қайыңның құлағанын
Бас ұрып қара жерге сұлағанын
Сарғайып жапырағы өлімсіреп,
Байғұстың кім тыңдады жылағанын.
2-оқушы:
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын
Пәк табиғат, әр жүректің тамылжыған жырысың
Ей ,адамзат! Ақылға кел қатыгездік жасама
Өзіңдағы содан тудың, табиғаттың ұлысың!
Ей ,замандас, ең алдымен досыңды ұқ
Досың-жер, су, мөлдір ауа, өсімдік,
Ала жүріп осылардың сыйлығын
Ал оларды қорлау деген не сұмдық!?
Жасыл баққа бөле туған жеріңді,
Көк түтіннен қорға аспан, көгіңді,
Тәлімімен ұшта жігер, көшіңді,
Табиғатқа дос болайық сенімді!

3-оқушы
Табиғат- сен тіршілік тұнып тұрған,
Сен-күнсің, көтерілген күліп қырдан
Сен-көлсің,

Сен -ормансың
Сен -бұлбұлсың

Адамға сұлулықты шын ұқтырған
Қасиетті, қайырымды Жер -Ананың
Мейірінен өмірге нәр аламын

Аялы алақанмен аялау да,
Азаматтық борышы әр адамның!

Атамекен жанға жайлы сая бау,

Аралдында күнә болар табиғатты аямау
Қанымызға сіңген екен
Ақ сүтімен ананың
Туған жердің табиғатын аялау!

Қорытынды:Табиғатты аялау-әрбір адамның абыройлы да азаматтық парызы.Табиғатты сүйе білген, оны аялай білген адамның ары да, жаны да таза болады.

«Таза болса, табиғат, аман болар адамзат!» деген Ф. Оңғарсынованың сөзімен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.



© 2010-2022