Ашық тәрбие сағаты Ата өнері - балаға мұра

Раздел Классному руководителю
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Ата өнері-балаға мұра»

Мақсаты:

а) Оқушыларға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру,

б) туған жерге деген сүйіспеншілік арттыра отырып, экологиялық нашар аймақтарын таныстыру;

в) оқушыларды табиғатты сүйе білуге, қорғауға, аялауға, оған қамқор болуға, мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: 1) Қазақстанның картасы;

2) Табиғат туралы қанатты сөздер;

Сабақтың барысы:

І. Кіріспе

II.Оқушылар шығармашылығықорғалатын аймақ

III. Қорытынды

Кіріспе мұғалім сөзі. Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты қорғаушың, асыраушың деуге де болады. Ертеден ата-бабамыз «Жер - қазына, су - алтын, мал - байлық» деп өсиет айтып келгені тегін емес. Сендерге белгілі ішетін тағам, киетін киіміміз, оқитын кітабымыз, қағаз, дәрі-дәрмек, тыныс алар ауа, ішер су бәрін-бәрін жомарт табиғат бізге сыйға берген. Бірақ сол табиғат байлығын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасытыру біздің еншімізге тиеді. Олай болса, сол табиғат байлығын ұтымды пайдалану біздің міндетіміз екенін білуіміз керек. Бүгінгі таңда мемлекетімізде Елбасымыздың 2030 жылға арналған жолдауында, Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік концепсиясында т.б. табиғатты қорғауға, сақтауға міндеттейді. Бізде сол табиғаттың бір бөлшегі бола тұра, табиғатты қорғауға міндеттіміз.

Бүгінгі сабағымызда өз өлкеміздегі қорықтар табиғатымен танысамыз.

1-жүргізуші: Бүгінгі қоғам алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі табиғатты қорғау және табиғат байлықтарды үнемді пайдалану болғандықтан республикамызда қоршаған ортаны қорғау үкіметіміздің саяси экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің негізі болып саналады.

2-жүргізуші: Экология - бүкіл адамзат баласының шалыс басқан іс-әрекеттеріне келешекте шек қоятын, оның тыныс-тіршілгіне тікелей атсалысатын ғылымның бір саласы.

1-жүргізуші: Туған жер, өскен ел, жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Қазақстан табиғаты көз тартар аса көркем, бар сұлулыққа бай өлке.

1-оқушы:

Қазақстан - туған өлкем,

Жер бар ма екен сендей көркем.

Көрсін деп сені күллі әлем,

Жалауыңды көкке ілем

2-оқушы:

Көз алдымда көгілдір тау мұнартып,

Аспанымда аққудың әні қалқып,

Құшақтап бір өзіңді туған далам

Жатамын көк шалғында жаным балқып.

3-оқушы:

Тасып жатқан өзендер жағасынан,

Сары белде сағымдар арасынан,

Тарайды дән жұпары бар әлемге

Қазақтың қасиетті даласынан.

2-жүргізуші: Табиғат, Жер-ана, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, шаттық сезімін ұялататын ұлы ұғым. Табиғат жер-ананы сүйе білу, аялау әр адам борышы.

4-оқушы:

Туған жерді Анам демей не дейін,

Туған жерді панам демей не дейін.

Туған жер мен асқақ менің ән-жырым,

Туған жермен асқақ менің мерейім.

(Ж.Молдағалиев)

5-оқушы:

Мен таптым табиғаттан кемелдікті,

Пәктікті, ұлылықты, шеберлікті.

Әлі тұр айналамда жоғалмастан,

Жоғалып кетсе дағы келер мықты...

6-оқушы:

Суытсақ абайсызда арамызды,

Қатынас баяғыдай қала ма ізгі?

Табиғат бола алмаймыз біз бәрібір

Жөн шығар құрметтеген анамызды.

(Б.Алдамжаров)

1-жүргізуші: Табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагер.

7-оқушы:

Табиғат қызығам сан суретіңе,

Бас ием сенің алып құдіретіңе.

Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,

Тұтқасы тіршіліктің күн бетіне.

8-оқушы:

«Қазына қара жерде» дейді халық,

Күн көрген осы жерден бәрін алып,

Жер-анадан үзіліп кете алмаған,

Кемеңгер не бір дана, не бір ғаріп.

2-жүргізуші: Табиғат байлығының бір тобы Жер бетінің сәулеті. Еліміздің дәулеті - жасыл әлем. Орман, тоғай, жасыл шөп, түкті кілемдей көмкерген даласы бар, жайлауы бар біздің ел облысымыз Шығыс Қазақстан. Шығыс Қазақстан бай, кенді Алтай болып аталады. Облысымызда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көп, енді соларға тоқталмақпыз.

9-оқушы: Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы 1976 жылы 4 тамызда ұйымдастырылған. Ауданы 102979 га. Оңтүстік Алтайда Оңтүстік Сібір тоғайының Орталық Азия және Қазақстан даласының шекарасында орналасқан. Қызыл кітапқа енген мынадай өсімдіктер бар: алтын және марал тамырлары, бұтақ тәрізді тиынтас, қалыңжапырақты шағыргүл. Ал жануарлардан: қарлы барс, қызыл қасқыр, сусар, ұлар, қара дегелек, балықшы тұйғын, аққұйрық субүркіт.

10-оқушы: Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы 1992 жылы 3 шілдеде ұйымдастырылған. Ауданы 86122 га. Қорық Риддер және Зырян әкімшілік ауданының жерлерінде, Ивановск, Линейск, Холзун мен Коксинск жоталарының учаскесінде орналасқан. Ақ пен Қара Үбі, Тұрғысын өзендері мен Борсық тармағы осы аумақта бастауларын алады. Қызыл кітапқа енген өсімдіктері: Сібір жауқазыны, мақсары түрлі рапонтикум, ұсақторкөзді жуа, ірі гүлді шолпанкебес, кәдімгі шолпанкебес, дулыға тәрізді сүйсін, Алтай рауғашы, Алтай гипномпериумы, Алтай таутобылғысы, Алтай қасқыржидегі, қылтанақты дәрен, еуропалық орман алаңдылық, шалшықты қазанақ, ұсақжемісті мүкжидек. Жануарлары: бүркіт, лашын, ителгі, үкі, қара дегелек, таймен, Иконниковтың жарқанаты.

11-оқушы: Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы 1998 жылы 21 сәуірде ұйымдастырылған. Ауданы 20000 га. Алматы (17710 га) және Шығыс Қазақстан облысының (2290 га) аумағында орналасқан. 2 учаскеден: бастауын Жоңғар Алатауынан алатын Тентек өзенінің атыраулары және Алакөл көлінің - Үлкен, Орташа, Тасты аралдарынан тұрады. Алакөл қазаншұңқыры, Жоңғар Алатауы және Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде Тарбағатайдың таулы жүйелері арасында 10000км жуық көлеміндегі тау арасындағы көл ойпатын алып жатыр. Өте сирек кездесетін өсімдіктері: шымды жуа, ақ тұңғиық, трансильван жармасы, кірпікше ұрықты сүттіген, ұялы таспашөп, құстұмсық қоңырау, ақшыл сары жуантамыр, қайықшалы томағашөп, әр түсті түпті бөріқарақат және басқалар. Қызыл кітапқа енген сирек жоғалып бара жатқан құстардан Алакөл қазаншұңқырында 38 түрі тіркелген, соның ішінде қарамойнақ шағала осында кезедеседі.

12-оқушы: Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы 2001 жылы 17 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметінің №970 Қаулысына сәйкес ұйымдастырылған. Ауданы 643477 га. Бұқтырма, Ақ және Қара Берел өзендерінің бастауында, Листвяга және Катон (Мұзтау тауының шығыс шыңынан бастап) жоталарының баурайларын қосқанда, Бұқтырма өзенінің солжағалау жоталары: Сарымсақты, Тарбағатай (оңтүстік-алтай) және Оңтүстік Алтайда орналасқан. Қызыл кітапқа енген: таймен, қара уыз, аққайран балықтары, құстардан қара дегелек, аққу, таулы қаз, бүркіт, дала қыраны, жыртқыштардан қызыл қасқыр, қарлы барыс кездеседі.

13-оқушы: «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты 2003 жылы 22 қаңтарда ұйымдастырылған. Ауданы 665502 га. Семей қаласы және Бесқарағай, Бородулиха, Абай, Аягөз, Жарма, Көкпекті, Тарбағатай, Үржар аудандарының аумақтарында орналасқан. Қызыл кітапқа енген: қара дегелек, сұңқылдақ, аққу, балақша тұйғын, бүркіт, аққұйрық-субүркіті, ителгі, әсемпаз-тырна, лашын, жыланшы бүркіт, қызыл жемсаулы қаршақаз, жалбағай, арқар. Өсімдіктерден: Гмелин кермегі, ақжапырақ, сары қотырот.

14-оқушы: Алтай ботаникалық бағы 1935 жылы ұйымдастырылған. Ауданы 154,2 га. Риддер қаласының оңтүстік-шығыс шетінде, теңіз деңгейінен 770-860 метр биіктігінде тау арасындағы қазан шұңқырында орналасқан. Қызыл кітапқа енген: үлкен көз кесіртке, жолақты абжылан, ергежейлі боз қосаяқ, Роборовский қосаяғы, сала алақоржын. Өсімдіктерден: тораңғы, шыбық тәрізді шыбық түрлі тиынтас, шымды жуа.

15-оқушы: Құлынды мемлекеттік табиғи қорықшасы 1986 жылы 17 ақпанда құрылған. Ауданы 46000 га. Зайсан ойпатының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстандық Қызыл Құмдардың құм массивтерінің көптеген бөлігін және Құлынды өзенінің алқабын оның төменгі ағысын алып жатыр, Көкпекті ауданының аумағында орналасқан. Қызыл кітапқа енген: қабан, зайсан батбат кесірткесі, елік, аусыл, ұлкен көз кесіртке, кәдімгі бұжуа. Өсімдіктерден қарағайлы сирек орман қалдықтары кездеседі.

16-оқушы: Тарбағатай мемлекеттік табиғи қорықшасы 1986 жылы 17 ақпанда құрылған. Ауданы 240000 га. Толықтай Маңырақ жотасын, тау арасындағы Шілікті ойпатын және Маңырақтың солтүстік тау бөктеріне іргелес Зайсан қазаншұңқырының желегін алып жатыр. Қызыл кітапқа енген өсімдіктерден: дала сәлдегүлі, Ледебуровский бадамы, Алтай рауғашы, боз сары еңлікгүл, қауырсынды боз. Жануарлардан: қара деглек, дала қыраны, бүркіт, ителгі, әсем тырна, дуадақ, жекдуадақ, безгелдек, жыланшы бүркіт, көрқара, лашын, үкі, қарабауыр бұлдырық, ұбақ.

17-оқушы: «Төменгі Тұрғысын» мемлекеттік табиғи қорықшасы 1986 жылы 17 ақпанда құрылған. Ауданы 2200 га. Қорықша Зырян ауданында Тұрғысын, Бқұтырма, Бобровка өзендерінің арасында орналасқан. Қызыл кітапқа енген өсімдіктері: сбір қандығы, ірі гүлді шолпан кебесі, алтай рауғашы, қарлы ұзынсирағы, алтай таутобылғысы, тәтті жапырақты таспа, таңдамалы плаун. Жануарлардан жиі кездесетіндер: қасқыр, кәдімгі түлкі, аққоян, дала тышқаны.

1-жүргізуші: Оқушылардың шығармашылық жұмыстары (табиғат туралы салған суреттерін қорғау)

Мұғалімнің қорытынды сөзі

Ата өнері -балаға мұра!!!


© 2010-2022