Міржақып Дулатұлы үлгілі сабақ қысқа мерзімді жоспар

«Бекітемін» Мектеп директоры: К.Сейдалиева Мектептің атауы: Ә.Молдағұлова атындағы жом Мұғалім: Т.Кенжеева Пәні: қазақ әдебиеті С...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бекітемін» Мектеп директоры: К.Сейдалиева

Мектептің атауы: Ә.Молдағұлова атындағы жом

Мұғалім: Т.Кенжеева

Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8 «Ә»

Қысқа мерзімді жоспарлау

Күні: 24 қаңтар 2014 ж.

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сынып: 8 «Ә» сынып

Сабақтың тақырыбы:

М.Дулатұлы «Шешенің балаларын сүюі»

Сабақтың мақсаты:

М.Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы туралы жаңа деректермен таныстыру, өлеңді талдап, мазмұнын ашу; өз беттерінше әрекеттендіре отырып, ойлау мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлай білуге үйрету

Оқыту нәтижелері:

Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы жаңа деректермен танысады, өлеңді құрылысына талдайды; топпен жұмыс жасау мәдениеті қалыптаса отырып, өз беттерінше білім алуға үйренеді.

Негізгі дереккөздер

Интерактивті тақта,слайдтар,оқулық,флипчарт ,стикер,маркерлер

Сабақ

барысы:


Сабақ бөлімдері


Мұғалімнің

іс-әрекеті



Оқушы іс-әрекеті


Ресурстар, көрнекіліктер

Ұйымдастыру кезеңі

(3 минут)

Жағымды ахуал қалыптастырамын, оқушыларды екі топқа бөлемін.

« Мен естіген комплимент» интерактивті әдісі бойынша кезектесіп сөйлейді.Қимадағы сөздердің мағынасына қарай екі топқа бөлінеді.

Халық ауыз әдебиетінің түрлері жазылған қималар

Миға шабуыл

(4 минут)

«Автор орындығы» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұраймын.

М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын талдау мақсатында берілген сұрақтарға өткен сабақта алған білімдері мен өз беттерінше іздену арқылы алған мәліметтерін байланыстыра отырып жауап береді.

«Батыр Баян» фильмінен алынған фотодан слайд

Ой қорыту

(4 минут)

«Батыр Баян» фильмінен үзінді көрсетемін. Екі топ арасында шағын пікірталас ұйымдастырамын.

Бір-бірін шын сүйген екі жасты өлтірудегі Баянның әрекеті дұрыс па, бұрыс па?

Жауласқан елдің қызына ғашық болған Ноянның қыз арбауына түсуін құптайсың ба? деген сұрақтар бойынша пікір таластырады.

Ой тастау

(2 минут)

Ой тастау немесе жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық ретінде М.Дулатұлы туралы не білетіндерін сұраймын.

Төменгі сыныптарда алған мәліметтері бойынша өздері білетін деректерді ортаға салады.

слайд

Мағынаны ажырату

(4 минут)

Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылы ғы туралы оқулықта берілген мәліметтермен өз беттерінше оқып, танысуын сұраймын.

«ДЖИГСО» әдісі бойынша Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы туралы оқулықта берілген мәліметтермен өз беттерінше оқып, танысады.

Слайдтағы суреттер

Қолдану

(7 минут)

Жаңа тақырып бойынша топтық тапсырма беремін.

І топ « Міржақып Дулатұлы кім?» ассоциациялық картасын жасайды.

ІІ топ «Жылдар сөйлейді» хронологиялық кестесін жасайды.

Таныстырылым топтық түрде өтеді

Флипчарт, маркерлер

Талдау

(5 минут)

Оқулықпен жұмыс жасауға тапсырма беремін.

«Шешенің балаларын сүюі» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнын ашады.

Өлеңді құрылысына талдау.

Қорытындылау

(5 минут)

Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындатамын.

Өлеңнен ананың балаларына деген қамқорлығын,

сағынышын білдіретін жолдарын теріп жазады.

Оқулық, жұмыс дәптері

Ой қорыту

(6 минут)

Өлеңдегі ана бейнесі мен өз аналарын салыстыра отырып, ана туралы эссе жазғызамын.

Өлеңдегі ана мен өз анасының арасындағы ұқсас қасиеттерді негізге ала отырып, «Ана алдындағы парызым» тақырыбында эссе жазады.

А4 парақтары

Бағалау

(2 минут)

Топбасшылардың топ мүшелерін бағалауын сұраймын.

Топбасшылар топ мүшелерін бағалайды.

бағалау парағы

Үйге тапсырма

(1 минут)

Өз аналарымен пікір алысып, «Ана арманы» тақырыбынды эссе жазып келуге тапсырамын.

Үйге тапсырма алады.

Кері байланыс

(2 минут)

«Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланысын жаздырамын.

Кері байланыс жазып, тақтаға жапсырады.

стикерлер












© 2010-2022