Баяндама Әдебиет сабағында оқушылардың сыни ойлау дағдысын жетілдіру

                                   Баяндаманың тақырыбы:                         Әдебиет сабағында  оқушылардың сыни ойлау                                             дағдысын жетілдіру                                   Кайрлиева Ардак Тулеуовна                                       Атырау облысы                                     Индер ауданы                           Махамбет атындағы орта мектептің                   қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі         «Ұстаздың б...     Аңшылық Жылдың барлық мезгілінде аңға шығады        Құсбегілік   Қансонарда      аңға шығады   Құс салады, баптайды                                                              Ортақ қасиет                                                     Екеуі де ата кәсіп     Кесте бойынша жұмыс Шығармада кездесетін  өлең жолдар Шығармадағы құс атаулары Теңеу сөздер портрет Ахмет құс  салуға  шығатын кезең                Сыни тұрғыдан ойлау өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ал сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам басқаның көзқарасымен жиі келісе бермейді. Олар не ойлау керектігін өздері шешетін болады. Сыни тұрғыдан ойлауды дамытудағы әдіс-тәсілдерді қолдану сабақта көп нәтиже береді. Оқушының жеке басын дамыту үшін мынандай қағидаларды есте үнемі ұстап отыру керек. 1.Б...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Баяндаманың тақырыбы:

Әдебиет сабағында оқушылардың сыни ойлау

дағдысын жетілдіру

Кайрлиева Ардак Тулеуовна

Атырау облысы

Индер ауданы

Махамбет атындағы орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі

«Ұстаздың биігі, ойлана қарасаң, биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді; қол созсаң-қарсы алдыңда, айналсаң-артыңда тұрғандай» деп Сократ айтқандай, егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылуда. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау-басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді. Сапалы білім ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгінгі мектеп партасында отырған бүлдіршіндер-ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету -мұғалімнің басты міндеті.[ 3:10]

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деп Абай атамыз айтқан озық ойлы, білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді. Осындай қоғамдық-әлеуметтік, мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту үрдісіне әсер ететіні сөзсіз. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі- баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. [7:6]

«Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді халқымыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні-қараң, келешегі-тұман»дегендей, еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса, көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні секілді, сапасыз білім берсең ол оқушы ешқашан алға ұмтыла алмайды. Әлемдік стандартты меңгеретін білімді ұрпақ жолында мектебімізде инновациялық технологияларды қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын және шығармашылық деңгейін арттыруға баса назар аударылуда. Жаңа технологияны сабақтарында қолдану арқылы бәсекеге қабілетті әлемдік кеңістікте білімін көтеру үшін өз бетінше іздене алатын, жан-жақты дамыған ізгілікті, білімді, адамгершілігі мол тұлғаны қалыптастыру мақсатында жұмыс жасап келеді.

«Білім берудегі Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері» осы жоғарыда айтылған ұстанымды ұстайды, яғни, мұндағы бала-өзі ізденуші, бір-біріне үйретуші, ал мұғалім-бағыт беруші, нұсқаушы. Бұл тәсілдің басқа технологиялардан ерекшелігі: жеті модуль арқылы іске асады.

Әйгілі зерттеуші Л.С.Выготский «Дәстүрлі оқыту бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы әсер етсе, яғни, дамудың соңында жүрсе, жаңаша оқыту дамытуды өзімен бірге ала жүреді» деген болатын. Сондықтан тек дәстүрлі оқытумен шектеліп қалмай, мұғалім әрқашан ізденісте болып, өзіне және шәкірттеріне тиімді жақтарын қарастырып отыруы тиіс. [1: 14] «Сабақ- оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы» деп А.Сухомлинский айтқандай, осы жеті модульдің ішінде өзімнің пәніме тиімдісі, жарыққа шығары, баланың қызығушылығын оятары, білімін жетілдірері қайсы екеніне көп ойланғаным рас. Саралай келе, әр сабақта бір немесе бірнеше модульді бірден қолдануға болатынын аңғардым. Бұл қолданыстан ұтылғанымнан ұтқаным көбеюде.

Әр мұғалім-өз сабағының көшбасшысы. Көшті қалай бастап алып жүрем десе де өз еркі. Ал көшті дұрыс бағыттай білу-оның шеберлігіне байланысты.

Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық.

Мен биылғы оқу жылы Атырау Педагогикалық шеберлік орталығынан Кембридж бағдарламасының І деңгей курсын тәмамдап, өз сабақтарымда «Сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың» түрлі стратегияларын қолданып келемін. Бұл әдіс оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына өз ықпалын тигізуде. Өз сабақтарымда көбінесе оқушылардың бірлесіп, ұйымдасып , топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлемін. Оқушылар бірлесіп ортақ проблемаларды талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарау тұрғысында, жаңалықтарды ашу барысында жұмыс жасайды. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып, оларды кесте арқылы көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады.Менің сабақ берудегі негізгі мақсатым- оқушыларды топқа бөліп, әрқайсысының өз мүмкіндіктерін толық пайдалана отырып, білімдерін көрсете білуге мүмкіндік беру. Өз сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегияларын қолданамын. Бұл технология бойынша сабақтың құрылымы:

1. Қызығушылықты ояту;

2. Мағынаны тану;

3. Ой толғаныс.

1. Қызығушылығын ояту-жаңа сабақты түсіндіру кезіндегі үйрену әдісі. Бұл бұрынңы білетін білім мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер арқылы оқытуда оқушылар бұрынғыдай тек тыңдап және көшіріп қана қоймай, белсенді әрекеттер атқарады. Ол белсенді әрекеттерге ойлау, оқу, сөйлеу, талқылау, жазу, пікірлесу, пікірталас жатады. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер арқылы оқытуда білім дайын күйінде берілмейді, ол тек белсенді әрекеттер арқылы ғана игеріледі, оқушылар өзара қоян-қолтық қарым-қатынаста болып, онымен бірлесе әрекет жасауға, диалог құруға тиіс. Өзімізге сыни тұрғыдан қарауымыз керек. Сабақта топтық әдісті қолданғанда оқушылардың бір-бірімен ақылдасуы, оны топтан біреуінің ортаға шығып айтуы, ал болжау әдісін қолданғанда оқушылардың мәтінде не туралы жазылуы мүмкін екендігі туралы өз ойларын да диалог арқылы көрсете білді.

2. Мағынаны тану-жаңа сабақты бекіту үрдісі. Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс атқарады, тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар олар идеяны жеткізіп қана қоймай, шешім табу үшін топқа сұрақ қояды және басқаларды сұраққа тартады. Әр топтан оқушы шығып, ұжым алдында мәтін мазмұнын қысқаша баяндап береді.

3. Ойтолғаныс-сабақты қорытындылау кезеңі. Осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда қалай қолдану керектігін ұғынады. Мысалы, бұл жерде балалар эссе жазады: Өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, түйгендерін анықтайды.Бұл модульдің нәтижесі көп. Атап айтар болсам: ой-пікірін ашық, еркін айту, бір-бірінің сабақ барысында қателіктерін айту, жақсы қасиеттерін үйрену, сабақ-білім естерінде көп уақыт сақталады , сабақ барысында өзі талдайды, бір-біріне талап, өтініш, тілектерін білдіре алады, сыни ойлау дағдысы қалыптасады.

Осы мақсатта өткізген сабағымда қолданған тапсырмаларды ұсынамын.

5 сынып С.Мұқановтың «Лашын» әңгімесі

«Серпілме сұрақтар»

1. Лашынға алдырмайтын қандай құс? (дуадақ)
2. Шығарманың авторы кім? (Мұқанов)
3. Шығармада қандай кәсіп түрі көрсетілген? (саят)
4. Шығармадағы құсбегі кім? (Ахмет)
5. Лашынға қандай құсты алу қиынға соғады? (қаз)
6. Лашынға қандай құсты алу өте оңай? (үйрек)

Ойтолғаныс

1-топ Құсбегілік-мен үшін кәсіп, өйткені...

2-топ Құсбегілік-мен үшін спорт, өйткені...

3-топ Құсбегілік-мен үшін көтеріңкі көңіл күй, өйткені...

4-топ Құсбегілік-мен үшін табыс көзі, өйткені...

Венн диаграммасы

Аңшылық кәсіп пен құсбегілік кәсіпті салыстыру.

Құсбегілік

Қансонарда аңға шығады Құс салады, баптайды

Аңшылық

Жылдың барлық мезгілінде аңға шығады







Ортақ қасиет

Екеуі де ата кәсіп

Кесте бойынша жұмыс

Шығармада

кездесетін

өлең жолдар

Шығармадағы

құс атаулары

Теңеу сөздер

портрет

Ахмет құс

салуға

шығатын кезең

Сыни тұрғыдан ойлау өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ал сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам басқаның көзқарасымен жиі келісе бермейді. Олар не ойлау керектігін өздері шешетін болады. Сыни тұрғыдан ойлауды дамытудағы әдіс-тәсілдерді қолдану сабақта көп нәтиже береді. Оқушының жеке басын дамыту үшін мынандай қағидаларды есте үнемі ұстап отыру керек.

1.Баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай оны үнемі алға жылжуға деген талап тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру.

2. Білімді өз бетімен іздену арқылы ойлауға жағдай жасау.

3. Өзін-өзі қалыптастыратын тұлға қалыптастыру.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету-оқушылардың да, мұғалімдердің де білім алу және білім беру үрдісінде кез келген мәселені талқыла алуы, басқалардың идеяларын ой елегінен өткізіп, сыни тұрғыдан қарау. Сыни тұрғыдан ойлау бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру, шешім қабылдамас бұрын саналы оймен қорытындылау дағдыларын дамытуды қарастырады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.

7 сыныпта әдебиеттен М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін талдау барысында оқушыларға проблемалық сұрақтар беріп, ойларын айтуға мүмкіндік бердім.

Бүгінгі уақыттағы адам мен табиғат арасындағы байланыс қандай? «Табиғат-тал бесігім» дегенді қалай түсінесіңдер? Оқушылар бұл сұраққа жауап беріп, табиғатты қорғау, таза ұстау керектігі туралы өз ойларын білдірді.

«Абайдың жиырма тоғызыншы қарасөзі» бойынша 5 сыныпта өткізген сабағымда оқушыларға төмендегідей тапсырмалар бердім:

"Жұптас.Ойлан.Талқыла"

1- топ: «Жарлы болсаң арлы болма»

2-топ: «Алтын көрсе, періште жолдан таяды»

3- топ: «Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті»

«Соңғы сөзді мен айтайын...»

Абайдың өз сөзі:

Терең ойдың түбінде теңізі бар,

Тесіле көп қараса, көңіл ұғар

Дәстүрлі сабақта ұстаз көбірек сөйлеп, кейбір оқушының бойында сабаққа қызығушылығы төмен болып, оқушылар сабақта түгел қамтылмай қалатын еді. Ал сындарлы оқытуда оқушының барлығы топпен ұйымдасып жұмыс жасағанда, берілген тапсырмаларға сыни тұрғыдан ойлана отырып, барлығы сабаққа түгелдей қамтылатынын байқадым. Сабақта қамтылмаған оқушы қалмайды. Сабаққа ынтасы мен қызығушылығы төмен оқушылардың өзі,тапсырмалар берілгенде, топтағы оқушыларға қарап, әрекет жасап, білім алуға талпынатынын, яғни үлгермеуші оқушының топта өзінің пікірін білдіруге ұмтылатынын байқадым. Оқушылардың білімінің ілгерілеуіне мұғалім қолдау көрсетсе, сонда білімі шыңдала түседі. Мұғалім сабақ барысында көшбасшы және негізгі тұлға болып саналады. Ал оқушы білім алушы екені белгілі. Демек, мұғалім мен оқушы бір -бірімен тығыз байланыс орнатып қолдау көрсетсе, сындарлы оқыту тәсілі жүзеге асады деген пікірдемін. Мұғалім де, оқушы да іздену үстінде жүрсе, білім деңгейі артады. Әдебиет сабақтарында проблемалық сабақтарды бөліп алу, әзірлеу, соны талқылау, өзіндік қорытынды жасау, өз беттерімен анализ, синтезге, бағаға жету, өзін-өзі бақылау, жұмыстары балаларды шығармашылыққа, жүйелі білімге жетелейді.
1. Өзіндік қорытындылары, оның қаншалықты шындыққа жақын екенін саралайды.
2. Білімді өз бетімен алуға деген ынтасын, шығармашылық жұмыстарға қабілетін, танымпаздық белсенділіктерін арттырамыз.
3. Білім дәрежесі деңгейін саралау /өзіндік анализ, синтез, бағалауының деңгейі қалыптасады/
4. Бір-бірімен ынтымақтастығы, пікірлерін айта білуі, қорғай білуі, айтыса білуге дағдыланады.
5. Оқушыларда жазу кезінде ғажайып ойлар пайда болады, онымен қатар өзінің және өзгеледің пікірі мен тәжірибесіне құрметпен қарауға үйренеді.
6. Оқушы әрекеті адамның ойлау қабілетін дамытады және ол кітап оқыған кезде өз ойын тұжырымдайды.
7. Оқушылар өз ойымен, іс-тәжірибесімен, пікірлермен бөлісуге үйренеді, бұл бағыт топпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
8. Жұмыс барыстарын алмасу арқылы оқушының өз ойын ашық, жасқандай айтуға, басқа адамның ойын дұрыс қабылдауға үйренеді.

Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың:

1. Өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу.

2. Ұқсас құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу.

3. Проблеманы шеше білу.

4. Пікір таласты жүргізе білуге қабілеті қалыптасады.

Сын тұрғысынан ойлаудың маңыздылығының нәтижесі:

1. Әдіс түрлері.

2. Белсенді практикалық іс - әрекетте болуы

3. Басқалармен қарым - қатынас жасай білу, қорғай білу.

4. Қажет болса өз көзқарасын өзгерту.

5. Топтық тұжырымға келе білу.

6. Топ алдына шығып, өз тұжырымын айта білу.

Міне, бұл технологияда оқушы өз топшылауын , өз пайымын еркін білдіреді, өзіндік дәлелдер келтіреді, басқалардың ой түйіндерін сынайды, өз пікірін , өз тоқтамын жасайды. Бұл әдіс шәкірттерге де, оқытушыларға да үлкен жауапкершілікті жүктейді. Оқыту әдістерін жетілдіруге, дамытуға олардың тиімділігін арттыруға көмектеседі. Шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға арналған оқытудың әдіс-тәсілдері білім алушыға құбылыстардың себептерін толық ұғынуға, ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге , олардың ғылыми білімдегі орнын аңғаруға қолайлы жағдаяттар жасайды . Мұндай әдістер табиғатынан тұйық, өз ойын тәптіштеп түсіндіруге шалағай, өздеріне сенімсіздеу, түйін жасауда жасқаншақтық байқататын оқушыларға пайдасы ұшан теңіз екеніне көзім жетіп келеді.












Әдебиеттер тізімі:


  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 2014ж

  2. «Қазақ әдебиеті» газеті. №16 2013ж

  1. «Қазақстан мектебі» республикалық ғылыми-педагогикалық журнал №1,2009 ж

  1. «Қазақстан мектебі» республикалық ғылыми-педагогикалық журнал

№8, 2008 ж

5. «Мектеп директоры» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал

№4. 2014 ж

6. «Қазақ тілі мен әдебиеті » әдістемелік журнал №12. 2013 ж

7. «Мектеп директоры» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал

№3. 2014 ж


© 2010-2022