- Преподавателю
- Классному руководителю
- Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Раздел | Классному руководителю |
Класс | - |
Тип | Конспекты |
Автор | Мамырбекова А.М. |
Дата | 31.12.2014 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Сабақтың тақырыбы: «Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, проблемалы, мадақтау
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі біздің ойынымыз теледидар арнасындағы «Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ» бағдарламасының жүру барысымен өткелі отыр. Мұндағы мақсатымыз-халық ауыз әдебиетін дамыту, халық мұрасын сақтау және жалғастыру, тапқырлық пен ой ұшқырлына тәрбиелеу.
2-жүргізуші: Мақал-мәтелдер ғасырлар шежіресі, онда халық тарих, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегесі мол көрініс тапқан.Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен,тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді.
1-жүргізуші: Жұмбақтар да ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі.Жалпы алғанда жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының,қиялының шамасын білдіреді.Онда халықмыздың ой-қиялы дамуының ізденістерінің ізі жатыр.
2-жүргізуші: Бүгінгі «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өткелі отыр.Сайысқа қатысушылар: Имансеріков Орынбек, Сейтжапарова Малика, Аманғазы Ризат, Ерланов Ерзат,Зейнелгабдулов Айбол, Саметов Дильмухамет. Енді қазылар алқасын сайлап аламыз.
Олар_______________________________________________________
Жарыстың шарты:
1.Мақал-мәтелден жарыс
2.Жұмбақ шешуден жарыс
3.Жеңімпаздардың өзара сайысы.
4. Ақтық сайыс
1-жүргізуші: «Мақал-сөз атасы» дегендей ортамызға мақал-мәтел сайысына қатысушыларды шақырамыз.
2-жүргізуші: Жарыстың бірінші шарты:
Мақалдың жалғасын тап деп аталады. Мен мақалдың бірінші бөлігін айтамын,сендер ары қарай жалғастырасыңдар.
-
Көз жетпеген жерге (сөз жетеді)
-
Жарлы болсаң да (арлы бол)
-
Тілмен байланған (қолмен шешілмес)
-
Тілде сүйек жоқ (таста тамыр жоқ)
-
Тіліңменен жүгірме (білімменен жүгір)
-
Тіл буынсыз (ой түпсіз)
-
Бас кеспек болса да (тіл кеспек жоқ)
-
Тілден асқан байлық жоқ (тілден терең теңіз жоқ)
-
Піл көтермегенді (тіл көтереді)
-
Көп қорқытады, (терең батырады)
-
Ер жігіттің екі сөйлегені-өлгені (емен ағашының иілгені сынғаны(
-
Досы көпті жау алмайды, (ақылы көпті дау алмайды)
-
Атадан жақсы ұл туса,елінің қамын жейді, (атадан жаман ұл туса,елінің малын жейді).
-
Өз білмегеніңді кісіден сұра, (үлкен жоқ болса, кішіден сұра).
-
Жақсы байқап сөйлер, (жаман шайқап сөйлер)
-
Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа ,(Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа).
-
Отан оттан да( ыстық)
-
Отансыз адам -( ормансыз бұлбұл)
-
Адам досымен,( ағаш тамырымен мықты)
-
Досы жоқ адам - (тұзы жоқ қадам)
2-жүргізуші: Енді ұпайы аз ойыншымызбен қоштасамыз,рахмет сізге,орыныңызға баруыңызға болады.
1-жүргізуші: Жарыстың екінші шарты:
Жұмбақтың жалғасын тап деп аталады. Мен жұмбақты оқимын,сендер дұрыс жауабын табасыңдар..
1-жүргізуші: Енді ұпайы аз ойыншымызбен қоштасамыз,рахмет сізге,орыныңызға баруыңызға рұқсат.
2-жүргізуші: Жарыстың үшінші шарты:
Енді мына сөздерді мақал-мәтелдер құраңыздар.
1. Дос 1.Еріншек 1.Тіл
2.Арпа,бидай 2.Білім 2.Той
3.Бірлік,тірлік 3.Отан 3.Өтірік
4.Жер 4.Әдептілік 4.Гүл
5.Жақсы, жаман 5.Әке 5.Жігіт
Қатысушылардың ұпайын санау, ұпайы аз 1 мақалшы ойыннан шығады.
2-жүргізуші: Жарыстың төртінші шарты:
Үй тапсырмасы. Әр оқушы өздері дайындап келген мақалдары мен жұмбақтарын айтады.
1-жүргізуші: Ортаға жеңімпаз мақалшы мен жұмбақшының шешуін жұмбақшы табады,мақалшы сол сөзді қатыстырып мақал құрайды.
1-жүргізуші.1.Жұмбақ:
Ақ шапанын үстінен алты ай бойы шешпейді
Қара шапан үстінен алты ай бойы түспейді.
(Қара жермен ақ қар)
Мақал:
Қалауын тапса,қар жанар.
2-жүргізуші.2.Жұмбақ:
Жер астында,
Жездемнің қамшысы жатыр.
(Жылан)
Мақал:
Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады.
1-жүргізуші.3.Жұмбақ:
Жаурағанда күлдірер,
Өз еркіне жіберсең,
Дүниені бүлдірер
(От)
Мақал:
Отан оттан да ыстық,
Отан үшін отқа түс күймейсің.
2-жүргізуші.4.Жұмбақ:
Өзі тоқ,көлеңкесі жоқ.
(Құдық)
Мақал:
Су ішкен құдығыңа түкірме.
Қатысушылардың ұпай санын есептейді.Енді сөзді қазыларға береміз.
Жеңімпазды марапаттау кезеңі.