Разработка классного часа по теме Әкем, анам және мен

"Әкем, анам және мен" отбасылық сайыс.    Мақсаты:  а) Балалардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. ә) Күш-қуат пен секірігіштікті дамыту. б) Балаларды достық пен ұйымшылдыққа және инабаттылыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: шарлар, плакат, доп, қасық, қапшық, обруч  т.б. Сайыс барысы: І. Кіріспе сөз ІІ. Әділқазыларды таныстыру 1.Сайысқа қатысушылармен жеке-жеке таныстыру. 2. «Кім жылдам?» ойыны. 3.Қаппен секіру.  4.Допты шеңберге лақтыру. 5. «Менің бақытты отбасым» 6.Ұрыспақ Ендігі сөзді ә...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


«Әкем, анам және мен»

(отбасылық сайысының сценарийі)

Мақсаты:

а) Балалардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.

ә) Күш-қуат пен секірігіштікті дамыту.

б) Балаларды достық пен ұйымшылдыққа және инабаттылыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші: Құрметті балалар,ата-аналар, ұстаздар мен жанкүйерлер! Бүгінгі «Әкем, анам, және мен» сайысына қош келдіңіздер! Біздің балаларымыздың ата-аналары арасында спорттық жарыс өтпекші. Олардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам,епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Біз мұндай отбасыларына сәт сапар тілейміз!

Ал, енді спорт заңы бойынша қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

  1. А.Жолмырзаева мектеп директоры

  2. Аймырзаев Ө. дене шынықтыру және АӘД пәнінің мұғалімі

  3. Абибуллаева Г. директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Алдымен сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.

1.Сайысқа қатысушылармен жеке-жеке таныстыру.

2. «Кім жылдам?» ойыны.

3.Қаппен секіру.

4.Допты шеңберге лақтыру.

5. «Менің бақытты отбасым»

6.Ұрыспақ

Үш топқа үлкен қошемет пен қолдау көрсетейік.

І-топ «Жөкеновтар отбасы»

ІІ-топ «Жанұзақовтар отбасы»

ІІІ-топ «Сейтовтер отбасы»

1.Өздерін таныстыру.

Жөкеновтар отбасы.

Қатар өскен құрдасқа,

Жарыс ұнап тұрмаспа

Қуып жету жақсы ғой,

Озып шығу бір басқа.

Жанұзақовтар отбасы.

Қане,қане жарысуды,

Айналдырайық әдетке,

Денемізді шынықтыру.

Денсаулыққа қажет те.

Сейтовтер отбасы.

Қане,босқа қарап тұрмайық,

Қажырланып, намысты қолдан бермей,

Балалар бірге осылай күш қосып,

Бүгін бізде бағымызды сынайық.

ІІ.Ойынның шарты

2. «Кім жылдам?» ойыны.

Шарты: қасыққа теннис добын салып оны аузымен кеглигер арасымен жүгіру. Қай топ теннис добын қасықтан түсірмей бірінші келсе сол топ жеңіске жеткені. Доп жерге түсіп қалған жағдайда сол жерден бастайды.

Жүргізуші: Өнерсіздік зор айып,

Ән мен күйге басайық.

Арасында тағы бір,

ән мен шашу шашайық.

3.Қаппен секіру.

Ойынның шарты.

Жарысатын үш топтың сайыскерлері мәреге келіп тұрады. Бірінші адамның аяғында қап, ол қаппен секіріп сөреге дейін барып қайтып, екінші сайыскерге береді. Қай отбасы уақытында келсе, сол топ жеңімпаз болады.

4.Допты шеңберге лақтыру.

.

Ойынның шарты.

Отбасылар баскетбол добын кеглилердің арасымен жүргізіп, баскетбол сеткасына допты түсіру қажет. Допты қатесіз жүргізіп апарып сеткаға түсірген топ жеңімпаз болады.

5. «Менің бақытты отбасым»

Ойынның шарты: әкесі,анасы және баласы обручтың ішінде орналасып, кедергілердің арасымен жүріп плакатқағы есептерді шығарады. Келген күйінде әкесі,анасы, баласы обручпен қайтады.

6.Ұрыспақ

Ойынның шарты: жіңішке орындықтың үстінен торға салынған жастықпен бірін-бірі ұрып құлату. Әуелі екі топ, одан кейін жеңген топтар жарысады.

Ендігі сөзді әділ қазылар алқасына береміз.

Жеңімпаздарды марапаттау.

Осымен сайысымыз аяқталды.





Бағалау жүйесі

1. «Кім жылдам?» ойыны.

Шарты: қасыққа теннис добын салып оны аузымен кеглилер арасымен жүгіру. Қай топ теннис добын қасықтан түсірмей бірінші келсе сол топ жеңіске жеткені. Доп жерге түсіп қалған жағдайда сол жерден бастайды.

Бағалау жүйесі: теннис добын қасықтан түсірмей, кеглилерді құлатпай

Барлығы дұрыс

Кегли арасымен жүрі ережесін бұзу

Теннис добын түсіріп алу

Техниканы бұзу

10 ұпай

-1

-1

-1

2.Қаппен секіру.

Ойынның шарты.

Жарысатын үш топтың сайыскерлері мәреге келіп тұрады. Бірінші адамның аяғында қап, ол қаппен секіріп сөреге дейін барып қайтып, екінші сайыскерге береді. Қай отбасы уақытында келсе, сол топ жеңімпаз болады.

Барлығы дұрыс

Кегли арасымен жүрі ережесін бұзу

Қапшықтан шығып кету

Техниканы бұзу

10 ұпай

-1

-1

-1

4.Допты шеңберге лақтыру.

.

Ойынның шарты.

Отбасылар баскетбол добын кеглилердің арасымен жүргізіп, баскетбол сеткасына допты түсіру қажет. Допты қатесіз жүргізіп апарып сеткаға түсірген топ жеңімпаз болады.

Барлығы дұрыс

Кегли арасымен жүрі ережесін бұзу

Допты сеткаға түсіре алмау

Техниканы бұзу

10 ұпай

-1

-1

-1

5. «Менің бақытты отбасым»

Ойынның шарты: әкесі,анасы және баласы обручтың ішінде орналасып, кедергілердің арасымен жүріп плакатқағы есептерді шығарады. Келген күйінде әкесі,анасы, баласы обручпен қайтады.

Барлығы дұрыс

Кегли арасымен жүрі ережесін бұзу

Есептен қате

Техниканы бұзу

10 ұпай

-1

-1

-1

6.Ұрыспақ

Ойынның шарты: жіңішке орындықтың үстінен торға салынған жастықпен бірін-бірі ұрып құлату. Әуелі екі топ, одан кейін жеңген топтар жарысады.

Барлығы дұрыс

Техниканы бұзу

10 ұпай

-1


© 2010-2022