Урок по казахского литературы на тему М. Жұмабаева поэма Батыр Баян (8 класс)

Раздел Классному руководителю
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок по казахского литературы на тему М.Жұмабаева поэма Батыр Баян (8 класс)

Шымкент облысы

Мақтарал ауданы, Қоғалы ауылы

«Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Махымова Гульжаухар Бейсембаевна


Мерзімі:

Сыныбы:8

Пәні: қазақ әдебиеті

Тақырыбы

М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

Мақсаты

«Батыр Баян» дастанының мазмұнын білу,түсіну. Топтаса отырып дастанның мазмұнын талдау. Алған білімдерін жинақтау.

Жалпы мақсат

Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру

Күтілетін нәтиже

«Батыр Баян» дастанының мазмұнын біледі,түсінеді. Топтаса отырып дастанның мазмұнын талдайды. Алған білімдерін жинақтайды.

7 модульдің қолданылуы

АКТ , "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер", "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету", "Оқытуды басқару және көшбасшылық", "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау"

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Миға шабуыл» әдісі, «Топтастыру» әдісі, «Ақылдың алты қалпағы» әдісі, тестпен жұмыс

Қолданылатын көрнекіліктер

Слайд, постер, маркерлер, портрет, стикерлер, ноутбук, алтын ереже, смайликтер, қанатты сөздер

Ұйымдастыру кезеңі (3м)

Оқушыларды түгелдеу. Стикердің түсіне қарай топқа бөлу.

Оқушылар стикердің түсіне қарай топқа бөлінеді.

Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Білу

Қызығушылық

тарын ояту (2)

Эпиграф : «Мағжан-ақындардың ақыны» С.Мұқанов

«Миға шабуыл» әдісі

Үй тапсырмасын сұрау. Талқылау үшін сұрақтар беріледі .

«Миға шабуыл» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрақ - жауап арқылы пысықтау

Мағжан Жұмабаев туралы не білеміз?

Қандай поэмалары мен өлеңдері бар?

Жаңа сабақтың тақырыбын оқушыларға аштырамын.

Топ мүшелері сұрақтарға жауап береді

Түсіну (10м)

«Топтастыру» әдісі

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында оқушыларға түрткі сұрақтар қойылады. Балалар, ақынның тарихи тақырыпқа жазған, ерліктің, елдіктң, намыстың символына айналған поэмасы қалай аталады?

Иә, дұрыс айтасыңдар, балалар!. Бұл поэма «Батыр Баян» деп аталады. Яғни біздің бүгінгі өтілетін жаңа тақырыбымыз «Батыр Баян» поэмасы жайында болмақ. Топтарға тапсырма беріледі. Поэманың мазмұнын топтаса отырып постер жасайды. Топтың спикері талдауға шығады.

Топпен жұмыс жасау арқылы оқушылар постер жасайды. Топтың спикері тақтаға шығып талдайды.

Қолдану (7м)

«Ақылдың алты қалпағы» әдісі бойынша жұмыс

Топқа арналып жаңа тақырып төңірегінде тапсырмалар береді .

Ақылдың алты қалпағы әдісі бойынша Батыр Баянның інісі Ноян мен қалмақ қызы Құралайды өлтіргені дұрыс па? деген сауалға жауап іздейді. Урок по казахского литературы на тему М.Жұмабаева поэма Батыр Баян (8 класс)

Жұппен жұмыс жасайды

Сергіту сәті (2м)

«Көңілді күн» атты жаттығу жасау

Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау

бейнероликтегідей жаттығулар жасайды.

Талдау (10м)

Көрініс

Оқушыларға «Батыр Баян» поэмасына көрініс құрдыртады.

Оқушылар рөлге кіріп, кейіпкерлерді сомдайды.

Жинақтау (5м)

Тест арқылы тақырыпты сабақты жинақтау

Жаңа тақырыпқа қатысты тест сұрақтарын беремін.

  1. Мағжан поэмасын атаңыз.
    а) Манас батыр
    ә) Батыр Баян
    б) Ержүрек Темірұл
    2. Мағжанның қанша поэмасы бар?
    а) 4
    ә ) 2
    б) 3
    3. Мағжанға баға берген кім?
    а) Абай
    ә) М. Әуезов.
    б) Ш. Құдайбердиев.
    4. Мағжан қандай әдебиеттен сусындады?
    а) Солтүстік, оңтүстік
    ә) Батыс, Шығыс
    б) Америка, Англия
    5. Бес арыстың бірін ата.
    а) Ш. Уәлиханов.
    ә) Ы. Алтынсарин.
    б) М. Дулатов.
    6. Мағжанның алғашқы ұстазы кім?
    а) Ахметдин Ақанов
    ә) Ғалымжан Ибрагимов
    б) Мұхаметжан Бегішов

Түйінді ой. Әр топ топтаса ойлау арқылы түйінді ой айтады.

Мына сұрақтарды қамтып өту керек.

Бұл оқиға қай ғасырда, қай жылдарда болған?Ол кезең қандай кезең еді?

Поэманы оқи отырып, балалар, нені түсіндіңдер? Қазақтың батырлары қандай болу керек?Поэманың бізге берер тәрбиелік мәні бар ма? Поэма қалай аяқталады?

Тест сұрақтарына жауап беру, жаңа тақырыпты талдау арқылы жинақтайды

Бағалау (3)

Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ)

Бағалау парақшаларын тарату

Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату

Өзін -өзі бағалау. Топтар бір-бірлерін бағалайды

Үйге тапсырма(1м)

«Батыр Баян» поэмасынан үзінді жаттау

Тапсырманы күнделікке жазып алады.

Рефлексия (2м)

Стикерлерді толтыру

Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну

Ұсынылған стикерді толтыру

Тексерілді:



© 2010-2022