Тіл мәртебесін ұлықтайық тәрбие сағаты

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


«Тіл мәртебесін ұлықтайық!»

Мақсаты: 1) оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру.

2) жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту.

3) логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.

Сабақтың түрі: танымдық ойын

Барысы.

Мұғалім: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар!

Бүгінгі жастар - халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңіү оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыратын сайысымызды бастаймыз.

Ақыл - тон аңдағанға тозбайтұғын,

Білім - кен қанша болса азбайтұғын.

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаның ауруы не қозбтұғын, - деп Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай, білім сайысының құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды таныстырып өтейін.

Бүгін біз сайысқа 3 топ болып түскелі отырмыз. Олар «Таланттар», «Ойшылдар», «Тапқырлар». Ойын барысына тоқталсақ, сайысымыз 4 айналымнан тұрады.

І айналым - «Кім көп біледі?» деп аталады. ІІ - айналым - «Ата салтың - халықтық қалпың» салт- дәстүрге байланысты сұрақтар беріледі. ІІІ айналым - «Тіл өнері» деп аталады. ІV айналым - «Ойлан тап» деп аталады. Оқушылардың ой ұшқырлығын байқау мақсатында қойылатын сұрақтар.

Ойынды бастамас бұрын сайысымыздың ұпай сандарын есептеп әділ бағалайтын әділ қазымызды таныстырып өтейін. Олай болса, оқушылар сөз кезегі өздеріңізде. І айналым: «Кім көп біледі?» деп аталады. Ойын ережесі: 3 топқа кезек-кезек сұрақтар қойылады. Қойылған сұрақтарға келіскен -келіспегендігін білдіріп «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беруі қажет. Әр сұраққа он ұпай беріледі. Топ оқушыларының барлығы қатысады.

І топ сұрақтары:

1. Сыйлы адамға берілетін етті сыбаға деп атай ма? иә

2. Абай атамыздың шын аты Ибраһим дегенге келісесіз бе? Иә

3. Тоқтар Әубәкіров Қазақстанда алғаш ғарышқа ұшты ма? Иә

4. Әбілхан Қастеев атақты сазгер ме? Жоқ

5. «Үш бақытым» М.Әуезовтың өлеңі ме? Жоқ

6. «Тоғызқұмалақ» қазақтың ұлттық ойыны ма? Иә

7. Күй атасы Қорқыт баба дегенге келісесіз бе? Иә

8. 1991жылы 16 желтоқсан ҚР-ның тәуелсіздігі күні деп жарияланды ма? Иә

9. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы Ыбырай Алтынсарин дегенге келісесіз бе? Иә

10 секіру жеңіл атлетиканың түріне жата ма? Иә

ІІ топ сұрақтары:

1. мамыр балаларды қорғау күні ме? Жоқ

2. Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесінің авторы ма? Иә

3. Бекзат Саттархановтың Сидней олимпиадасынан жеңіліспен оралғаны рас па?

4. Мұқағали Мақатаев «Абай жолы» романының авторы ма?

5. Ыбырай Алтынсарин қазақ даласында алғаш мектеп ашқан ұлы ағартушы ма? Иә

6. Қажымұқан Мұңайтпасұлы қырғыз халқының атақты күрес шебері ме?

7. «Қыз қуу» қазақтың ұлттық ойыны ма? Иә

8. Нұрсұлтан Назарбаев қазақ халқының тұңғыш президенті ме? Иә

9. жігіттің бес жұрты бар ма? Жоқ

10. 9 мамыр Ұлы Отан соғысының басталған күні ме? Жоқ

ІІІ топ сұрақтары:

1. «Палау» қазақтың ұлттық тағамына жата ма? Жоқ

2. Шота Уалиханов, Ж. Мәлібеков ҚР-ның елтаңбасының авторлары ма?иә

3. «Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге» деген өлең шумақтарының авторы А.Байтұрсынұлы ма? Жоқ

4. Аққу киелі құс дегенге келісесіз бе? иә

5. Жылқының пірі Қамбар ата ма? Иә

6. Мұражай жаңа заттарды сақтайтын орын ба? Жоқ

7. Ш.Уалиханов Қырғыз даласының жарық жұлдызы ма? Жоқ

8. 1992 ж 30 тамызда Ата Заңымыз қабылданды ма? Жоқ

9. 22 наурыз қазақ халқының жаңа жылы дегенге келісесіз бе? Иә

10. Футбол жеңіл атлетиканың түріне жата ма? Жоқ

ІІ айналым: «Ата салтың - халықтық қалпың» деп аталады. Ойын ережесі: Ойын ережесі: Салт дәстүрге байланысты барлығы 6 сұрақ берілген. Ұяшықтардың біреуін таңдап сұраққа жауап беру керек. Сұраққа дұрыс жауап берсе 100 ұпай беріледі. Уақыты 1 мин. Тобымен ойласып жауап береді.

1.Сәукелені желегімен кім қай уақытта киеді?

2.Жаңа аяқтанған баланың тез әрі сүрінбей жүруі үшін жасалатын салт қалай аталады?
3.Үш арсызды ата?

4.Ұзатылған қызға берілетін дүние-мүлік қалай аталады?
5.Кешкілік ауылдың қыз-жігіттері ауыл сыртына барып ойын-сауық жасайды, бұл қандай ойын?
6. Бес қаруды ата?

ІІІ айналым: «Тіл өнері» деп аталады. Мақал-мәтелдерді жалғастыру және жұмбақты шешу. Ережесі жауаптарды қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтады. әр дұрыс жауапқа қазақ тілі -10 ұпай, орыс тілі - 20 ұпай, ағылшын тілі - 30 ұпайлары беріледі.

  1. Ат басына күн туса,

Ауыздықпен су ішер.

Ер басына күн туса, етегімен су кешер

  1. Өзі дана үні жоқ,

Сөйлемейді, тілі жоқ,

Қолыңа алсаң - шешен,

Ақылы асқан көсем.

  1. Тұмсығымен қозғалар,

Соңында аппақ із қалар.

  1. Оқу - білім бұлағы,

Білім - ... өмір шырағы.

  1. Қыз өссе - елдің көркі, ... өссе жердің көркі.

  2. Көп сөз күміс, аз сөз - ....

  3. Торғын көкте, қара құс, ағылып ұшып барады,

Қағып екі қанатын, Күннің көзін жабады.

  1. Үй үстінде алтын тас,

Алайын десем табылмас.

  1. Әдепті ... - арлы бала,

Әдепсіз бала - сорлы бала.

ІV-айналым: «Ойлан, тап!» Ойын ережесі: Барлық топқа бірдей сұрақ беріледі. Мен сіздерге 50, 100, 150 ұпайларын беріп отырмын. Сұрақты оқымас бұрын сол ұпай сандарын тігесіздер. Үстел шетіне қойып, сұрақтың жауабын қағазға түсіріп үстел шетіне қоясыздар. Уақыты 1 мин. егер сұраққа дұрыс жауап берсеңіздер таңдаған ұпайларың ұпай сандарыңа қосылады.

1-сұрақ: Анаграмманы шешіп, артық сөзді тап:

БЫЖҢАР ЖАҢБЫР

ЗАНЙЙҒАА НАЙЗАҒАЙ

ҚКҚОАЕІПМРС КЕМПІРҚОСАҚ

СЫЖАРОБЛ ЖОЛБАРЫС

2-сұрақ: Артық суретті табыңыз: лимон, алма, апельсин, банан, жүзім, кітап. Ж: Кітап

3. Сен жарысқа қатыстың да, екінші орында келе жатқан адамды басып оздың. Сен қазір қай орындасың? Ж: екінші

Осымен сайысымыздың шарттары аяқталды, сайысымыздың қорытындысын шығаратын кез де келді. Әділ қазы сөз кезегі өзіңізде. Марапаттау.

Бүгін біздер оқушылардың білімдерін сынап, өнерлерін тамашаладық. Оқушылардың барлығы да білімдерін көрсете білді. «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден ерек», - деп Абай атамыз жырлағандай, оқушылардың ақылдылығымен, жүректілігімен, қайраттылығымен алға озып, өз білімдерін шыңдағанын көрдік.

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар, дегендей, білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта білейік демекпіз! Барлық топтарға алдағы ойындарда сәттілік тілейміз!






© 2010-2022