Шағын топ орталығының жұмыс есебі

Құтты болсын мерекең!   Наурыз күні — ана күні, әлем күні, Әлемді тебірендірер ана үні. Анасыз туған жан жоқ жер бетінде, Ұғып ал,бүлдіршіндер, сендер мұны.         Көктемнің шуақты  мерекесі  8 наурыз – Халықаралық аналар күні де келіп жетті. Балалар үшін бұл ерекше мереке. Себебі ол күні балалар өздерін әлдилеп өсіріп келе жатқан аналарын мерекемен құттықтайды. Осындай мереке біздің шағын -орталықта    7 наурыз күні аталып өтті.Ол күні бүлдіршіндер әсем безендірілген залда сүйікті аналарын төл мерекесімен құттықтап жүрек жарды тақпақтарын айтып, музыка маманының сүйемелдеуімен шағын ғана  мерекелік концерт қойды. Би биледі,ән салды,ойын ойнады.  Бүл... Аналардың  әрқашан өмірлері шаттыққа, құшақтары гүлге толсын ойлаған барша армандары іске ассын! Өмірлері көктемдей шуақты, күндей жарық,, гүлдей сән беріп, жайнап жүре берсін! Мереке соңында балалар қолдарымен әзірлеген кішкентай ақ қағазға жапсырылған гүлдерін сыйлады, суретке түсті.
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2012-2013 оқу жылындағы «Қарлығаш» шағын- орталығының түлектері



















Шағын топ орталығының жұмыс есебі


Шағын топ орталығының жұмыс есебі

Құтты болсын мерекең!

Наурыз күні - ана күні, әлем күні,

Әлемді тебірендірер ана үні.

Анасыз туған жан жоқ жер бетінде,

Ұғып ал,бүлдіршіндер, сендер мұны.

Көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз - Халықаралық аналар күні де келіп жетті. Балалар үшін бұл ерекше мереке. Себебі ол күні балалар өздерін әлдилеп өсіріп келе жатқан аналарын мерекемен құттықтайды. Осындай мереке біздің шағын -орталықта 7 наурыз күні аталып өтті.

Шағын топ орталығының жұмыс есебіОл күні бүлдіршіндер әсем безендірілген залда сүйікті аналарын төл мерекесімен құттықтап жүрек жарды тақпақтарын айтып, музыка маманының сүйемелдеуімен шағын ғана мерекелік концерт қойды. Би биледі,ән салды,ойын ойнады. Бүлдіршіндердің беттері бал- бұл жанады. Аналар да бүлдіршіндеріне сондай мейіріммен қарап, осы кішкентай балапандарының ұйқысы тыныш, күлкісі ешқашан бұзылмаса дегендей. Аналарды тәрбиешілер де құттықтап жылы лебіздерін білдірді.

Аналардың әрқашан өмірлері шаттыққа, құшақтары гүлге толсын ойлаған барша армандары іске ассын!

Өмірлері көктемдей шуақты, күндей жарық,, гүлдей сән беріп, жайнап жүре берсін!

Мереке соңында балалар қолдарымен әзірлеген кішкентай ақ қағазға жапсырылған гүлдерін сыйлады, суретке түсті.

Шағын топ орталығының жұмыс есебі

Шағын топ орталығының жұмыс есебі

Шағын -орталықтың биылғы түлектері өте өнерлі. өз өнерлерін көрсетті.

Шағын топ орталығының жұмыс есебі

Шағын топ орталығының жұмыс есебі

Шағын топ орталығының жұмыс есебі

Наурыз - Шығыс елінің бүкілхалықтық мейрамы. Ұлыстың ұлы күні. Оны шығыс елі мыңдаған жыл бұрын жыл басы мерекесі ретінде тойлап, ерекше күн ретінде атап өткен. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша қастерлеп, жыл сайын атап өтеді.Осы мерекені Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебі жанынан ашылған»Қарлығаш» шағын- орталығында «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» деген қанатты сөз аясында атап өтті. 20- наурыз күні өтілген шараға ата-аналар жаппай жиналды. Ақ дастархан жайып көрініс көрсетті.Жалпы, наурыз мерекесі бірліктің, татулықтың, бақыттың мерекесі. Сондықтан бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын адам болмайды.Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпаққа жақсы өнегеден үлгі.

Бүлдіршіндер тақпақтар айтты, ұлттық ойындар ойнады, би биледі. Мереке бәріне қуаныш сыйлады.

Шағын топ орталығының жұмыс есебі



Шағын топ орталығының жұмыс есебі


28-желтоқсан күні «Қарлығаш» шағын-орталығында «Кел, Жаңа жыл!» атты ертеңгілік өтті. 2013 -нші «Жылан» жылын қарсы алуға, балалар мен бірге ертегі кейіпкерлері келді. Олардың ішінде «Орман аюы» бірінші болып балаларға көтеріңкі көңіл сыйлады. Шыршаның түбінде ұйықтап жатқан аюды балалар ән айтып, билеп оятып алады, оянған аю балалармен бірге ойындар ойнады.

Жаңа жыл мерекесіне балалар «Аққала», «Орманда шырша туыпты», «Кел, кел, Жаңа жыл!» сияқты әндер айтып, би биледі.


Жаңа жыл мерекесінің басты кейіпкерлері Аяз атамен Ақшақарды қарсы алған балалар өте қуанышты болды. Аяз атаға балалар өздері дайындаған өлеңдерін оқып беріп сыйлықтар алды. Сонымен қатар Аяз ата түрлі кейіпкерлер болып киінген балаларға да сыйлықтар берді.

Шараға ата-аналар да белсенді қатысты. Балаларының ең сүйікті кейіпкерлері болып киінуіне және ең тәтті сыйлықтар алуына ат салысты.

«Бізге күз не әкелді?» атты көкөністерден жасалған заттар көрмесі

ұйымдастырылды

Шағын топ орталығының жұмыс есебі

Қазан айында біздің шағын -орталықта «Бізге күз не әкелді?» атты көкөністерден жасалған заттар көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты қүздің сыйынан, яғни көкөністер мен жемістерден және ағаш бұталары мен жапырақтарды қолдана отырып әртүрлі заттар жасау. Ата-аналар бұл іске шығармашылықпен кірісіп әрқайсысы ерекше бір зат көрсеткісі келді.Көрме жоғары деңгейде өтті.

Қазан айының соңында көрменің нәтижесін шығарылды.Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Шағын топ орталығының жұмыс есебі

Күз мерекесі


Қараша айында *Қарлығаш* шағын-орталығында «Күз мерекесі» атты бүлдіршіндер ертеңгілігі өтті. Ертеңгілік балаларға арналған ойын-сауық түрінде өткізілді. Балалар биледі, ойнады,жаттаған өлеңдерін, әндерін айтты. Оларға мерекеге «Күз» ханшайымы қонаққа келді. Балалар қонақтың алдында алдын ала дайындалған сәбіздің, орамжапырақтың, пияздың және басқа костюмдерімен өнерлерін көрсетті. Сондықтан да балалар күз мерекесін өте жақсы көреді, бүлдіршіндердің дайындалғаны сонша жақсы болар ма «Күз» ханшайымы оларға «күз сыйынын» сыйлыққа тәтті нарттай қызыл алмалар таратты. Мереке қатты ұнады, себебі мерекеден алған әсерлерін көпке дейін бір -бірімен бөлісті.





© 2010-2022