«Жазықсыз жалаға ұшыраған тағдыр»

М.Тынышбаевтың өмірі жайлы сіздерге  мәлімет беріп өтейін. Мұхамеджан Тынышбаев  1879 жылы  мамыр айының 12 – жұлдызында Жетісу облысы , Лепсі уезі , Мақаншы – Садыр болысындағы Жыланды  тауының  баурайында дүниеге келеді.Орта  жүздің найман – садыр руынан шыққан. М.Тынышбаевтың  әкесі- Әлдекеұлы Тынышбай  Лепсі уезінің  биі болған. Ол ел ішінде беделді, қайсар мінезді жан болған .Азамат соғысы жылдарында қарт Тынышбай қызылдардың қолынан қаза табады. Ал анасы Мәдиян кейбір естеліктерде Шахизадабану деп те айтылады бірақ нақты деректер жоқ.Тынышбаевтың өзімен бірге туған бауырлары да болыпты. Алайда М.Тынышбаев әулетінің  басындағы зобалаң олар туралы  мәліметтер сақталмаған
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:









Кураторлық сағат


Тақырыбы: «Жазықсыз жалаға ұшыраған тағдыр»






Тобы: ТҰ-22-2

Топ жетекшісі: Байсеитова К.Б.







Тақырыбы : «Жазықсыз жалаға ұшыраған тағдыр»

Мақсаты : білімгерлерге Мұхамеджан Тынышбаевтың өмірі туралы кеңінен мәлімет беру.

Тәрбиелік мәні : білімгерлердің бойында ел жандылық, отан сүйгіштік тәрбиелерін жандандыру.

Дамытушылығы: білімгерлердің болашақ мамандығына деген қызығушылықты кеңейту .

Сабақтың барысы : Ұйымдастырушылығы , оқушының сәлемдесуі , назар аудару , білімді меңгеру .

Өткізу түрі : әңгіме , слайд қорғау, сұрақ -жауап.

"Турксиб - артымда қалатын
ескерткіш" (М.Тынышбаев)

М.Тынышбаевтың өмірі жайлы сіздерге мәлімет беріп өтейін. Мұхамеджан Тынышбаев 1879 жылы мамыр айының 12 - жұлдызында Жетісу облысы , Лепсі уезі , Мақаншы - Садыр болысындағы Жыланды тауының баурайында дүниеге келеді.Орта жүздің найман - садыр руынан шыққан.

М.Тынышбаевтың әкесі- Әлдекеұлы Тынышбай Лепсі уезінің биі болған. Ол ел ішінде беделді, қайсар мінезді жан болған .Азамат соғысы жылдарында қарт Тынышбай қызылдардың қолынан қаза табады. Ал анасы Мәдиян кейбір естеліктерде Шахизадабану деп те айтылады бірақ нақты деректер жоқ.Тынышбаевтың өзімен бірге туған бауырлары да болыпты. Алайда М.Тынышбаев әулетінің басындағы зобалаң олар туралы мәліметтер сақталмаған . Бір адамның ғұмырындай салтанат құрған Кеңес үкіметі бұл әулетті жоқ қылды. Оның атын атау былай тұрсын , оның өскен ортасы, шыққан тегі жайында да сөз қозғауға тиым салынды. Сөйтіп, бұл үкімет ірі тарихи тұлға - М. Тынышбаевқа қатысты нәрсенің халық санасынан өшіруге тырысып бақты.

Ол 1890 жылы 14 тамызда Верный қаласындағы Ерлер гимназиясына оқуға қабылданады .М. Тынышбаевтың бұл оқу орнына қабылдануы туралы бірнеше деректербар олардың бірінде бала Мұхамеджан есеп-қисапқа жүйрік болған дейді.

Жалпы М.Тынышбаев 1905-1907 жылдары Ресей империясының қоғамдық саяси өміріне белсене араласа бастайды.

Ақпан төңкерісіне дейін Мұхамеджан өзінің темір жол инженері мамандығы бойынша Орта Азия , Жетісу облысында біраз жыл қызмет етеді.1917жылғы Ақпан төңкерісінен өзге қазақ зиялылары сияқты ол да үлкен үміт күткен еді. Сондықтан да ол бұл кезде бел шеше қызмет етіп, қоғамдық- саяси қайраткер ретінде тез танылады. Сол жылы көкметде Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі , сонымен қатар осы үкіметтің Жетісу облысындағы комиссары болып тағайындалады. 1920 жылдан бастап Кеңес өкіметінің жағына шығып буржуазиялық маман ретінде Ташкентте, Қызылордада, Алматыда әрдеңгейдегі шаруашылық мекемелерінде еңбек етеді.

1925-1926 жылдары жаңа астана Қызылорда қаласын көріктендіру жүйесінің бас инженері болып тұрғанда қаланы сумен қамтамасыз ету жолын және көптеген жаңа объектілер салу туралы ұсынады.

  • 1926 жылдан бастап Тұрар Рысқұловтың қолдауымен Түркістан - Сібір жолын салуға қатысады. 1927 жылдан бастап Турксиб құрылысында әр түрлі қызмет атқарды.

  • М.Тынышбаевтың 1927-30 ж аралығындағы Түркістан-Сібір темір жолын салудағы еңбегі өлшеусіз.

Сталиндік зобалаңда ол 1930 жылы 3 тамызда тұтқындалып, бес жылға сотталып Воронежге бес жылға жер аударылады. Онда ауырып , оралғанымен 1937 жылы қараша айында қайта тұтқындалады да 1938 жылы Ташкент түрмесінде атылады.







© 2010-2022