Баяндама: Бала еңбегін қанауға қарсы-12 күн

Раздел Классному руководителю
Класс 11 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» атты Ұлттық ақпараттық компаниясына байланысты ұйымдастырылған жұмыстар туралы ақпарат

2013 жылдың 13 маусымында «Бала еңбегі және балалар еңбегінің ең төменгі түрлерінің алдын-алу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге қатысқандар: Мемлекеттік органдардың өкілдері, мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектептің психологтары және 9-11 сынып оқушылары. Мақсаты: Бала еңбегін - баланың ақыл ойына, адами қалыптасуына, денсаулығы мен білім алуына әсер ететін кез келген жұмыс болып табылатындығын ұғындыру және кең ауқымды насихаттау. Аталмыш шараны аудандық білім бөлімінің бастығы К.К.Байгулова ашып, ауданымызда бала еңбегін қанау деректерін болдырмау үшін жүргізіліп жатқан шаралар туралы айтып, отырыстын мақсаты мен міндетін түсіндіріп өтті. Аудан прокуроры Е.С.Бөрібаев мырза оқушыларға алдағы уақытта кәмелетке толмағандарды жұмысқа қабылдаған кезде заңнамалардың жиі бұзылатын нақты деректері туралы мәлімет алды. балаларға «Бала еңбегін қанау проблемалары және оның шешу жолдары» жөніндегі мәселелер қаралды. Аудандық ішкі істер бөлімінің жасөспірімдер инспкциясының аға инспекторы Д.С.Омарова бала еңбегі қаналуының алдын-алуы және түнгі мезгілде жүруіне мақсатындаауданымызда атқарылып жатқан жұмыстарын айтып өтті, осы бағытта «Бала еңбегін қанауға жол жоқ!» тақырыбында Шалқар орта мектебінің тәрбие жұмысының меңгерушісі А.Ж.Серікбаева, Қорғалжын мектеп-гимназиясының мұғалімі А.Қ.Смагұлова, «Оқушылар арасында балалар еңбегін қанаудың алдын-алу» Ы.Алтынсарин атындағы негізгі мектебінің тәрбие жұмысының меңгерушісіЗаманбек Айжарық, .«Бала еңбегі қатыгез шындық» тақырыбында Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінің тәрбие жұмысының ұйымдастырушы Г.Т.Досхожиналардың баяндамалары тыңдалды.Шараға қатысушылар бірқатар ойларын ортаға салып, балалар еңбегінің мәселелері және қоғамның осы мәселеге бет бұруы туралы пікір алмасты, көтерілген мәселелерді жан-жақты талқылады. Тыңдаушылар кәмелетке толмағандарды жұмысқа қабылдаған кезде заңнамалардың жиі бұзылатын нақты деректері туралы мәлімет алды. Сонымен қатар аудандық білім беру бөлімдерінің ұйымдастыруымен «Әлем бала еңбегіне қарсы», «Бала еңбегін қанау дегеніміз не?», «Бала біздің болашағымыз» тақырыптарында тренингтер, дөңгелек үстелдер және т.б. кездесулер ұйымдастырылған. Бұл шараларға аудандық ішкі саясат, аудандық ішкі істер бөлімдерінің қызметкерлері, аудандық емханалардан балалардың дәрігерлері, аудандық БАҚ-ның өкілдері, ата -аналар, округ әкімшілігі қызметкерлері қатынасты. Аталған шараларда жалпы «Бала еңбегін қанау дегеніміз не?», «Бала еңбегінің ең ауыр түрлері, адам саудасы сияқты түрлері, олардың денсаулығына зияны мен қоғамға әсері» туралы мәселелерге толықтай түсініктер беріліп, ҰАН-ды мектептерде ұйымдастыруға байланысты нұсқаулықтар берілген. Аудандық білім бөлімдеріне қарасты мектептерде бала еңбегіне қатысты туындайтын сұрақтарға оқушыларға және олардың ата-аналарына құқықтық кеңес беру үшін қоғамдық қабылдау және сенім телефоны жұмыс жасауда. Барлық атқарылған шаралар бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен ұйымдастырылып, мектептерде "Балалар еңбегін қанауға қарсы акция өткізілді.», "Нет - эксплуатации детского труда!", "Ата-аналар мен оқушылар назарына!", "Вниманию детей и родителей!", Алдағы уақытта бала еңбегін қанауға қарсы алдын-алу бағытындағы жұмыстар жалғасын таба бермек. Аталмыш шарада «Аудандағы жасөспірімдердің қылмыстық жағдайлары және балалар еңбегінің алдын-алу және ескерту мәселелері бойынша», «Оқушылар арасында балалар еңбегінің алдын-алу» бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндамалар тыңдалып, педагогтарға бала құқықтарын қорғау мәселесі бойынша қажетті консультативтік көмектер беріліп, балалармен жұмыс істеуге қажетті әдістемелік материалдар топтамасымен видеоматериалдар таратылды. Шара соңында, ұсыныстар қабылданып және қатысушылардың осы дөңгелек үстелде алған әсерлері тыңдалды.





© 2010-2022