Тәрбие сағаты Бір шаңырақ астында (2 сынып)

Мақсаты: көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Плакаттар, қабырға газеттері, буклеттер,слайд, видео ролик. Барысы: Мұғалім: Армысыздар құрметті қонақтар, қадірлі балалар!1-Мамыр – Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі құтты болсын!Сіздерді бүгі...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі» КММ



Тәрбие сағаты

Бір шаңырақ астында



Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі

Насыргазина А.Д.







2014-2015 оқу жылы

Мақсаты: көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы - еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Плакаттар, қабырға газеттері, буклеттер,слайд, видео ролик.

Барысы:

Мұғалім: Армысыздар құрметті қонақтар, қадірлі балалар! 1-Мамыр - Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі құтты болсын!Сіздерді бүгінгі Халықаралық ынтымақ күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер білесіздер,кең байтақ Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр.Әрине,бұл қазақ халқының ұлылығынан, «кең болсаң,кем болмайсың»дегендей қазақ халқының пейілінің кеңдігінен басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында татулықта,сыйластықта өмір сүріп жатқаны мәлім.

Жүргізуші1: Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді бүгінгі халықтар достығы мерекесімен шын жүректен құтықтаймыз!

Жүргізуші2:
Добрый день, уважаемые родители, педагоги, дорогие друзья! Сегодня День единства народов Казахстана. Мы рады вас приветствовать вас на этом празднике!

Жүргізуші1: Қазақстан Республикасында 130 дан астам ұлттар өмір сүреді. Әр халықтың тілі, әні, әдет-ғұрыптары шалқар дариядай шалқуда.


Жүргізуші2: В нашей стране создана уникальная организация - Ассамблея народов Казахстана. В республике работает 26 национальных культурных центров. Выходят газеты и журналы на 11 национальных языках. В дружбе всех народов и национальностей, проживающих в Казахстане, в их общих делах и в общих праздниках - залог мирного и счастливого будущего нашего большого дома, имя которому Казахстан.

Көрініс.

Көрініске қатысушылар: қария, әже, немересі және ұлт өкілдері.

Жүргізуші1:

Где Арагва водами сверкает

Там живёт одной Отчизны сын

Брат наш из предгорья и равнины

Верный друг - приветливый грузин.

Жүргізуші 2:

Под солнцем палящим в цветной тюбетейке
Пестрый халат на ветру развевает
Родина хлопка и родина дыни.

Жүргізуші 1:

Ақ мақтаның мекені
Көңілі болған қарлы шың
Өз ағам деп еркелер
Өзбек ағам армысың.

Жүргізуші2:

Көршімізді сыйлаймыз,

Қонақ келсе қимаймыз,

Қасымызға алып - ап,

100 күндетіп тойлаймыз

Өзбек:

Қазақ пен өзбек бір тамырдан шыққан халықпыз ғой,татту-тәтті өмір сүрудеміз.Жүрегі кең,бауырмал қазақ елінен өз тарапымызға айтылған ауыр сөз,бөтен ой естіген жоқпыз.Мен елімнің амандығын,осы бетпен алға жүре беруін тілеймін.

Орыс:

У русских и казахов общий путь -
Путь дружбы - и с него нельзя свернуть!
Народы вместе сквозь века прошли,
В пути друзей надежных обрели.


Хормен:

Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,

Кімдер қашсын қазақтайын ер елден

Достығымыз ғасырларға жарасқан

Туған елім,шарықтай бер кемелден!

Баян:

Біздің Отан кең байтақ

Көп ұлттың мекені,

Біз құшақты кең жайсақ.

Әлем сыйып кетеді,

Тату елміз табысқан

Қазақстан - бақстан

Жанна:

Қазақ жері достықтың гүлстаны,

Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы.

Күрестерде,еңбекте,мерекеде,

Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.

Қазағымыздың қасиетті домбырасымен шырқалатын күйді қарсы алыңыздар!

Қарақат:

Достықтың ұлы мейрамы

Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары

Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,

Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!

Әлихан:

Достық біздің тірегіміз

Бірге соғар жүрегіміз

Оттай ыстық бір-біріне

Одақтасқан ұлы елміз.

Үнді халқының өнерін тамашалайық!


Мархабат:

Ата-бабам ежелден-ақ дос қылған,

Татар, қазақ болашақты тосты алдан,

Сол достығын тағы міне дәріптеп,

Бүгінгі күн мерекеде жайнаған.

Нүр-Әлі:

Ынтымағы жарасқан берекелі күн,

Білдіреді болашақ ел ертеңін.

Татулық пен достығың арта берсін.

Құтты болсын бүгінгі мереке күн.

Жүргізуші1:Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек.

Жүргізуші2: әрбір халықтың бай мәдениеті бар. Ертегі, аңыз, салт - дәстүрлер ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отырады. әр халықтың өзінің ұлттық ертегісі, бесік жыры бар. Бірақ олардың бәріде бір атаның баласындай бақыт, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін өмір сүреді. Бұл мақсат бәрінің басын біріктіреді.

Көрініс:

Дарын:

Қаһарман, қас батырға дабылы сай,

Арманға жетелейтін ағыны бай.

Мен сені қуанышпен қарсы аламын,

Ажарың ақ-шуақты мамырым-ай.

Диана:

Бізге берік ұлы достық,

Бірлік құрып тірлік қостық.

Ұлы достық биігіңе,

Дос жолына жүрек қостық.

Нұрай:

Ынтымақ, бірлік, достық, татулық

Бабалардан қалған дәстүр айтулы

Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр

Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы

Ақмарал:

Әйнегі күн,шатыры аспан,

Кең дала,төсі толқыған ән.

Көлдері көкке күмістер шашқан,

Қазақстан-Республикам менің!

«Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар!

Данияр:

Достық тапса діндер менен тілімді,

Салт-дәстүрлер сыйға ұласты бүгінгі.

Бір туғандай ұлтаралық келісім,

Бір көтерген басқа түскен жүгімді.

Елімдос:

Жер-анамыз жасайды тарлық кімге,

Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.

Қайталанып,жаңарып айтылады,

Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.

«Достық» әнін қабыл алыңыздар!

Жүргізуші1:

Бір ата,бір ананың түлегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам,

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз.

Жүргізуші2:

Көз тойғысыз қазағымның жері бар,

Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар,

Қазағымның елін, жерін қорғайтын

Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.

Міне, осындай егеменді еліміз,

Кең жазира, ұлан - байтақ еліміз.

Туған елін, туған жерін сүйетін,

Біз қазақтың ұланымыз, еріміз - дей келе барлықтарыңызға рахметімді айтамыз!

Ән: «Қазақстан»

Жүргізуші2:

Вот и подошёл к концу наш праздник! Желаем всем всего вам доброго и прекрасного!

Жүргізуші1-2:

Елімізде халықтар достығы жасасын!
Бәріміз достық әнің бірге шырқайық!

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!» әні үш тілде орындау.



© 2010-2022