Мемлекет. Саясат. Көшбасшы

Еліміз әлеуметтік саясаттың қалыптасуы мен дамуында, әлеуметтік саясаттың заңнамалық негізін, негізгі бағыттарын жасап алды. Негізгі білім, денсаулық, демографиялық жағдай, халықты әлеуметтік қорғау мен қамсыздандыруға, зейнетақы төлеу, халықты жұмыспен қамту саясаты болып келеді.
Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Мемлекет. Саясат. Көшбасшылық

Мақсаты: Оқушыларға мемлекет, саясат пен көшбасшылық деген ұғымды тереңінен ұғындыра білу.

Елжандылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу

Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.

Қазақстанда бүгінгі таңда әлеуметтік- экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері, мемлекетіміз әлеуметтік бағытқа үлкен мән беріп келеді, себебі біз нарықтық әлеуметтік бағытты таңдадық.
Бірақ елімізде жүргізіліп отырған әлеуметтік саясат, әрине мемлекеттің қаржылық мүмкіндігіне, экономикалық дамуға байланысты. Соңғы жылдардағы экономикамыздың қарқында өсуі, ЖІӨ еселеп жоғарлауы әлеуметтік салаға құйылатын қаржының көлемін ұлғайтты. Бұның бәрі түптеп келгенде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекетіміздің сындарлы саясатына байланысты.
Әлеуметтік-саяси шаралардың мақсаты нарықтық еркіндік принципінің әлеуметтік өтеу принципімен және әр адамның лайықты өмір сүруге ажырамас құқығының үйлесімімен қамтамасыз етілуі қажет, ал бұл міндеттерді шешуге және халықтың әлеуметтік әлсіз қабатына адамға лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік шаралардың жиынтығы оның әлеуметтік саясатын анықтайды.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты сол елдің бастан кешіріп отырған экономикалық даму кезеңінен, сол мемлекеттің ұстанып отырған экономикалық саясатынан және тағы да басқа факторлардан тәуелді болады.
Еліміз әлеуметтік саясаттың қалыптасуы мен дамуында, әлеуметтік саясаттың заңнамалық негізін, негізгі бағыттарын жасап алды. Негізгі білім, денсаулық, демографиялық жағдай, халықты әлеуметтік қорғау мен қамсыздандыруға, зейнетақы төлеу, халықты жұмыспен қамту саясаты болып келеді.
Сонымен әлеуметтік саясат қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті жұмсартуға, әр адамның лайықты өмір сүруге деген құқығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы. Бұл саясатты жүргізу және әр адамның осы ажырамас құқығының орындалуы үшін жауапкершілік мемлекетке жүктеледі, бұл мақсаттарда ол сәйкесінше табыстар қайта бөлінуін ұйымдастырады, еңбек нарығы мен еңбек қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйелерін қалыптастырады және дамытады, осының барлығы әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын құрайды.
Сондықтан да бұл дипломдық жұмыс өзекті мәселеге айналып отыр.
Бұл жұмыстың мақсаты мемлекеттің әлеуметтік саясаттың мазмұнын ашып, қазіргі жағдайына талдау жасап,ары қарай дамыту және жетілдіру жолдарын ұсыну.
Міндеті:
1.Әлеуметтік саясат мәнін, негізгі бағыттарын қарастыру;
2. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының дамуына талдау жүргізіп, ахуалын қарастыру
3. Әлеуметтік саясатқа қатысты дамыту жолдарын ұсыну
Зерттеу обьектісі ретінде: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмысының қызметі алынды.
Дипломдық жұмыс 3 бөлімнен тұрады:
Бірінші тарауында Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың теориялық аспектілері қарастырылып, негізгі бағыттары.,табыстар дифференциясының әдіснамалық негіздері, әлемдік тәжірибе тұрғысынан әлеуметтік саясат басымдылықтары мен ерекшеліктері қарастырылды.
Екінші тарауында Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының қалыптасуы мен дамуын талдау жасалынды.
Үшінші тарауында Қазақстанның мемлекеттік әлеуметтік саясатының тиімділігін арттыру жолдары ұсынылды.



Қанай орта мектебі




Дөңгелек стол тақырыбы

Мемлекет. Саясат. Көшбасшы.




Дайындаған 5- сынып жетекшісі Аубакирова А.К




2014-2015 оқу жылы

© 2010-2022