«Ойлайықта – білейік »

Мақсаты: Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа жетелеу, ой - өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру. Балаларды елін , жерін, оның дәстүрін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі, білімді болып өсуіне ықпал ету және тәрбиелеу. Білімді, дарынды, озық болуға жетелеу және қызығушылығын ояту. Көрнекілігі: презентация, парақшалар,сандық, конвертер,үлестірмелі қағаздар. Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап Сабақтың түрі: сайыс Ұйымдастыру кезеңі: Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар,оқушылар! Бүгінгі...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Ойлайық та -білейік »

Мақсаты: Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа жетелеу, ой - өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру. Балаларды елін , жерін, оның дәстүрін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі, білімді болып өсуіне ықпал ету және тәрбиелеу. Білімді, дарынды, озық болуға жетелеу және қызығушылығын ояту.

Көрнекілігі: презентация, парақшалар,сандық, конвертер,үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап

Сабақтың түрі: сайыс

Ұйымдастыру кезеңі:

Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар,оқушылар! Бүгінгі «Ойлайықта -білейік » деп аталатын интеллектуалды сайысына қош келдіңіздер!

Назерке: Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерді 4 топқа бөлейік Бұл әдіс әділ әрі өте тиімді деп ойлаймын..Құрметті сайыскерлер сіздерді мына қобдишаның ішіннен бір парақшаны алуларыңызды сұраймын.(сайыскерлер парақшаны түгел таңдап алады.)

Тәрбиеші: Ал балалар, қолымыздағы парақшада көрсетілген әріп бойынша топтасайық.Мұнда әр топтың бас әрпі көрсетілген,сол бойынша топ құрамын жинап,топ башысын сайлап белсенділік танытайық!

Назерке: Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды.
Халық айтса қалт айтпайды,
Әрқашанда нанымды, - дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар.(әділ - қазылар таныстырылады)

1. 9 «Ә» сынып тәрбиешісі: Төлеген Мадина апай

2. 11 «Ә» сынып тәрбиешісі: Абилова Жадыра апай

3.10 «А» сынып тәрбиешісі: Смадулла Алтыншаш апай

Тәрбиеші:Бүгінгі сайыс барысында оқушыларымыздың ой-өрісін, білімдерін, ептілігін сарапқа салатын боламыз.
Назерке:Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден - жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол - еңбектену, жалықпау.
Ендеше ерінбей, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр оқушыларымызға сәттілік тілей отырып,сайысымызды бастайық!

Тәрбиеші: Сонымен топ құралды,топ басшысы сайланды енді алғашқы сайысымызды бастаймыз! Сіздердің шеберліктеріңізбен дарындылықтарыңызды дәлелдейтіндей сәт туып тұрған секілді. І кезең: Таныстыру.Осы кәзір 5 минут ішінде топтарыңызға ұрандарыңызды шығарып,бір - біріңізге сәттілік тілеп,бақтарыңызды сынаңыздар!

Ойланам дегенше ортаға Тілектес Нұрдаулетті Көк тудың желбірегені әнімен шақырамыз!

Назерке: Ендеше топтарымызды өз ұрандарымен ортаға шақырамыз.

Тәрбиеші: Алғашқы топ:1 - топ: «Дарындылар» тобы сіздерді ортаға шақырамыз!

Назерке: 2 - топ: «Ойшылдар» тобы өздерің ойшылдықтарымен бізді таңғалдаратын шығар...

Тәрбиеші: 3 - топ: «Тапқырлар» тобы

Назерке: 4 - топ: «Көшбасшылар» тобы

Тәрбиеші: Осымен таныстыру кезеңі аяқталды

Назерке: Ойын төрт кезеңнен тұрады:

І -кезең «Қазыналы Қазақстан» ( туған жер туралы )

ІІ -кезең «Ескірмейтін есті сөз» (көнерген сөздердің мағынасын ашу)

ІІІ -кезең «Тіл өнері» ( шығармашылықпен жұмыс)

ІҮ-сонғы шешуші кезеңіміз «Маржан сөз»
(Берілген сөздерді құрап мақал мәтел құрау)

Тәрбиеші: Балалар сайыстың кезеңдерімен таныстық.Бағалау критеріне келетін болсақ, әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан береміз.

Назерке: Ал сайыскерлер, І -кезеңімізді ашатын да кез келген сияқты.

Тәрбиеші: І-кезеңнін сұрақтары «Қазыналы Қазақстан» тақырыбының төңірегінде болады.

Білгірлер тобына сұрақтар:

1 - сұрақ: Еліміздің тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың қай жылы қай жерде дүниеге келген?

Жауабы: (Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді)

2 - сұрақ:Сол жақтан оқысан да ,оң жақтан оқысанда бірдей сан қайсы? (Қырық)

3-сұрақ: Төрт жасынан әріп таныған ақын?(Мағжан Жұмабаев)

4-сұрақ: Үш дананы атаңдар (Абай.Шоқан. Ыбырай)

5-сұрақ:Абайдың ең қысқы қара сөзі? (17-інші қара сөз)

6-сұрақ:Мемлекетіміздің астанасы Алматыдан Астанаға қай жылы

ауыстырылды? (1998 ж)

7-сұрақ:Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды?

(1989ж).

8-сұрақ:Жыр алыбы атанған ақын (Жамбыл Жабаев)

ІІ-кезеңгеде келіп жеттік «Ескірмейтін есті сөз» (көнерген сөздердің мағынасын ашу).
Назерке:Жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда қазақ халқының тыйымдары мен ырымдарының орны ерекше. Бұл халықтық этнопедагогиканың үлкен бір бөлігі. Бұл ырым-тыйымдарды, наным сенімдерді кейде халықтың ұзақ жылғы тәжірибесінен шыққан түсінігіне, кейде қарапайым әдеп қағидаларына жатқызуға болады. Мысалы, адамзаттың алтын бесігі - табиғатқа байланысты: құмырсқаның илеуін бұзба, суға түкірме, көкті жұлма, ысырапшылдыққа жол берме, т.с.с.
(Берілген нақыл сөздерді сайыскерлер түсіндіріп беруі керек)
«ІІ-кезең » сұрақтары
1. Аққуды атпайды (киесі ұрады, аққу - киелі құс)
2. Жолаушыға қайда барасың деп сұрамайды (жолаушының жолы болмай қалады дейді, сондықтан, «жол болсын» деп сұрайды.)
3. Балаға құйымшақ жегізбейді (бала ұшқалақ, жеңілтек, сабырсыз болады дейді)
4. Әлдеқайда біреу қайтыс болды деп жаңсақ айтса неге жориды? (ұзақ өмір сүреді деп жориды)
5. Ауылға атпен шауып келуге болмайды (қаралы хабар жеткізгенде немесе ауылға жау шапқанда шауып кіреді)
6. Жақын адамға мысық, ит, пышақ немесе басқа да қару сыйламайды (араздасып қалады дейді)
7. Аң-құс балалағанда, төлдегенде, балапан өргенде аңға шықпайды (табиғатты аялау, жан-жануар басының көбеюін қадағалау, обалына қалмау)
8. Ішінде суы, тамағы бар ыдыстың бетін ашық қалдырмау (тазалық жағынан шөп-шалам, шіркей түсіп кетеді және жын-шайтан жалап кетеді дейді)
9. Жас балаға, қызға кәрі жілік ұстатпайды (ер бала бойдақ жүріп қалады, қыз бала оң жақ босағада отырып қалады дейді.)
10. Ымырт түсе үй тазалама, қоқыс шығарма (үйдің ырысы кетеді)

«Сергіту сәті» Би

Тәрбиеші:

ІІІ «Балбал бүккен сыр»
Тіліміз дүниежүзіндегі ең сөздік қоры бай, бейнелі де бедерлі, көркем де кестелі тілдерінің бірі екені бәріне аян. Өйткені қазақ халқының ұлттық ойлау ерекшелігі - дүниені көркем образбен қабылдауында.
«Өткірдің жүзі, Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас», - деп ұлы Абай атамыз таңырқап, тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз. Келесі кезең - тұрақты сөз тіркестерінің баламасын табу. Мысалы, ит арқасы қиянда - алыста, қызыл кеңірдек болу - дауласу т.с.с.

Назерке
«ІІІ-кезең» сұрақтары
1. Асығы алшысынан түсті - жолы болды
2. Төбесі көкке жетті - қатты қуанды
3. Екі көзі төрт болды - ұзақ күтті
4. Жүрегі зу етті - қорықты
5. Тонның ішкі буындай - жақын, тату
6. Қолтығына су бүрку - қолпаштау мақтап-мадақтап,, айдап салу
7. Жерден жеті қоян тапқандай болу - қатты қуану
8. Жанын шүберекке түю - қорқу
9. Тайға таңба басқандай - анық
10. Аузына құм құйылу - сөзден жеңілу
11. Қой аузынан шөп алмау - момын
12. Таяқ тастам жер - жақын жер
13. Бет - аузына бес ит тойғандай - нас, лас, кір
14. Екі езуі құлағында - қатты қуану
15. Иығынан су кетті - жолы болмау
16. Қас пен көздің арасында - тез арада, жылдам
17. Ат шаптырым жер - алыс жер
18. Қабағынан қар жауғандай - ашулы

Тәрбиеші:

ІҮ-кезең «Маржан сөз» сайысы
Жүргізуші: Ойланайық азырақ, уақытты үнемдеп,
Кім шығады қанеки, «Жауабын мен білем» деп.
Шарты: «Маржан сөз» сайысында мақал-мәтел немесе жұмбақтың шешімін тауып, сол сөздің орысша, ағылшынша аудармасын дұрыс табуларыңыз керек.

Мақал: Кімнің баласы болма,
Адамның баласы бол. (Атаның - дедушка-grandfather)


Кім басыңа қарайды,
Дұшпан аяғыңа қарайды. (дос-друг-frеnd)


Нешеу ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. (алтау-шесть-six)


Адам болатын кім алысқа қарайды. (бала-мальчик-boy)


Ас атасы-не (нан-хлеб-bread)

Жұмбақ:

Тіл жоқ өзінде,
Сөзі бар ізінде. (қаламсап-ручка-pen)


Қабат-қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін ,
Ол қазына өлмейтін. (кітап-книга-book)


Үстінде екі тауы бар,
Өзі үлкен жануар. (түйе-верблюд-camel)


Сабақты қорытындылау. Ендігі сөз кезегін әділқазыларға береміз.

(Жеңімпаз оқушы анықталады.)
Келешек білімді ұрпақ қолында» екендігін Елбасымыз халқына жолдауында атап көрсеткен болатын. Еліміздің ертеңі, Тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағын келешекке жеткізер осынау озық ойлы ұрпағы бар елдің жалауы ешқандай еңкеймек емес. Алдағы уақытта да тек қана биіктерден көріне бер деген ізгі ниетпен біз сайысымызды аяқтаймыз.






© 2010-2022