Тәрбие сағаты Тәуелсіздік тірегі-білімді ұрпақ

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Білімді ұрпақ-ел тірегі

Мақсаты:1. Оқушылардың әртүрлі пәндерге байланысты білімдерін тексеру.

2.Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,қызығушылығын арттыру.

3.Оқушыларды алғырлыққа,тапқырлыққа, шапшаңдыққа

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

-Құрметті ұстаздар,оқушылар,ата-аналар! Бүгінгі 5-7 сыныптар арасында өткізіліп отырған «Білімді ұрпақ -ел тірегі» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны шырқалсын.

Сайыстың кезеңдері:
1. «Сәлем - сөздің анасы»
2. Сұрақ-жауап
3. «Мақал - сөздің мәйегі»
4. Сөзжұмбақ шешу

5. Рәміздер туралы түсінік
Сайысымызда төрелік айтатын қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
1.

2.

3.

Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізер сіздей өренді

Ғылымның сырын ұғына! -дей отырып, қатысушыларымызға сәттілік тілейміз.

-Сөз кезегін топтарға берейік, өз топтарын таныстырып өтсін.

1-топ. ____________ тобы

2-топ. ____________ тобы

3-топ. _____________ тобы

2-кезең. Сұрақ - жауап

Сұрақтар қойылғанда білетін топ қолдарын көтереді, мұғалім рұқсат еткеннен кейін ғана жауап береді. Орыннан отырып айтқан жауап қабылданбайды

  1. ҚР-ның рәміздері қашан қабылданды? (1992жылы 4 маусымда)

  2. Әнұранның авторлары (Сөзі: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев. Әні: Ш.Қалдаяқов)

  3. Ел билеудегі ең лауазымды тұлға (президент)

  4. Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары (Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)

  5. Мемлекеттік тудың авторы (Шәкен Ниязбеков)

  6. . Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі қашан жарияланды?(1991. 16. XII)

  7. Тұңғыш рет қазақ тарихында ғарышқа кім және қашан ұшты?
    (1991. 2 қазан. Тоқтар Әубәкіров)

  8. Ел рәміздерін атаңыз? (ту, елтаңба, әнұран)

  9. Қазақстан туында қандай құс бейнеленген? (бүркіт)

  10. Мемлекеттің ұлттық валютасы теңге айналымға қашан енді? (1993 жылы 15 қараша)

  11. ҚР Конституциясы қашан қабылданды? (1995 жылы 30 тамыз)

  12. Президент жарлығымен ҚР-ның астанасы Ақмола қаласының атауы Астана болып қашан өзгертілді? (1998 ж 6 мамырда)

  13. Желтоқсан құрбандары кімдер? (Л.Асанова, Қ. Рысқұлбеков, Е.Сыпатаев, С. Мұхамеджанова)

3-кезең. «Мақал - сөздің мәйегі»

Мұғалім мақалдың басын оқиды, ал сіздер жалғасын табасыңдар. Бұл кезеңде де қолдарын көтерген топ жауап береді

  1. . Ел ағасыз болмайды,...
    (Тон жағасыз болмайды)
    2. Адам көркі шүберек,...
    (Ағаш көркі жапырақ)
    3. Қоянды қамыс өлтіреді,...
    (Ерді намыс өлтіреді)
    4. Талапты ерге...
    (нұр жауар)
    5 . Ел іші...
    (алтын бесік)
    6. Жаңылмас жақ болмас,...
    (Сүрінбес тұяқ болмас)
    7. Ит тойған жерін іздейді,...
    (Ер туған жерін іздейді)
    8. Басқа елде сұлтан болғанша,...
    (Өз еліңде ұлтан бол)
    9. Бірлік болмай,...
    (тірлік болмас)
    10. Отан үшін отқа түс (кәймейсің)

11. Батыр туса-ел ырысы

( Жаңбыр жауса -жер ырысы)

- Білсең дағы біле бер, тағы тіле:
Мақсатыңа жетерсің біле‐біле! - деп дана, ойшыл Жүсіп Баласағұн айтып кеткендей, білімді, ізденімпаз сайыскерлерімізбен әрі қарай сайысымызды жалғастырайық.
4-кезең «Сөзжұмбақ шешу»

Сөзжұмбақ шешу сайысында әр топ өздері дайындап келген сөзжұмбақтарын бір-біріне ауыстырып шешеді.

5-кезең Рәміздер туралы түсінік

Әр топтан бір-бір оқушы келіп қағаздар суырып, өздеріне түскен рәміздер туралы түсінік береді.

ҚР мемлекеттік әнұраны- ҚР мемлекеттік рәміздерінің бірі. ҚР-ның әнұраны 2006 ж 6 қаңтарда қабылданды. Әнұран алғаш рет Елбасын ұлықтау рәсімі кезінде өзгертілді.

ҚР мемлекеттік елтаңбасы- ҚР мемлекеттік рәміздерінің бірі. ҚР мемлекеттік елтаңбасы- 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. ҚР мемлекеттік елтаңбасының негізі-шаңырақ. Ол елтаңба жүрегі.

Түндік таза көк аспанды бейнелейді. Шаңырақтан шыққан уықтар күн арайларын еске салады. Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжі іспетті. Қанатты тұлпар қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Елтаңбаның авторлары-Жандарбек мәліков пен Шота Уалиханов

ҚР мемлекеттік туы - ҚР мемлекеттік рәміздерінің бірі. Мемлекеттік ту ортасында 32 сәуле тараған күн бейнеленген, күн астында қалықтаған дала қыраны бар көгілдір түсті көк кездеме. Ағаш сабына бекітілген тұста ұлттық оюлар мен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек - алтын түсті. ҚР мемлекеттік туының авторы - суретші Шәкен Ниязбеков

Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Жеңімпаз топты анықтау үшін сөз кезегі әділ - қазылар алқасына беріледі

Құрметті бүгінгі «Тәуелсіздік тірегі - білімді ұрпақ» байқауына қатысушылар!
Сіздерге шығармашылық табыс тілей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше, аман‐сау болып тұрыңыздар.



© 2010-2022