Ақтөбем

Бұл өлеңде 145 жылдық тарихы бар ару қала Ақтөбенің сонау ғасырлардан  бері қарай тарихы сыр шертеді. Нақты тоқталып кететін болсам...Ақтөбем... Сыйғызып сырын төсіне тамұқ өлкенің, Ертегі болдың ерлерге кешіп ерте күн. Өзіңде атты толғаныс толы шақтары, Қызылдың, Ақтан, Айтеке би мен Мөңкенің.   Шашақ найзасын шалдырмай өткен намыстың, Далаңда ізі екі Есет батыр арыстың. Жұбановтарды жұбатқан дала жырымен, Тектілікпенен төсіңді төрде қағыстың. Тарландар шыққан таңдай қақтырды-ау мына алап,Пейілің қардай аямағанба сірә хақ.Ақ тарысымен әлемнің бұрған назарын. Танымы таудай, тарыдай шалы Шығанақ!
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақтөбем!

Ақтөбем!

Тарихқа куә жетпес далаң, қыратың,

Құрсағың алтын батыр мен туған кіл ақын.

Бұйратың жатыр бұйырып алуан тарланға,

Мұғалжар тау тұр көтеріп елдің мұратын.

Ақтөбем...

Аруақты туған батырлар елі баһадүр...

Қуә оған тұлпар тұяғы қалған жота, қыр,

Адырна тартып, арғымақ мінген ерлердің,

Дүбірі қалған, дәуірден жеткен ақ адыр.

Ақтөбем...

Тайбурыл шапса төсіңде еркін екпінмен,

Қарақыпшақтың Қобыландысыма, деп білгем.

Аңызда айтылған абыз бабабның айбыны,

Жауын ықтырып, жауынды күні көк тілген.

Ақтөбем...

Сыйғызып сырын төсіне тамұқ өлкенің,

Ертегі болдың ерлерге кешіп ерте күн.

Өзіңде атты толғаныс толы шақтары,

Қызылдың, Ақтан, Айтеке би мен Мөңкенің.

Шашақ найзасын шалдырмай өткен намыстың,

Далаңда ізі екі Есет батыр арыстың.

Жұбановтарды жұбатқан дала жырымен,

Тектілікпенен төсіңді төрде қағыстың.

Тарландар шыққан таңдай қақтырды-ау мына алап,

Пейілің қардай аямағанба сірә хақ.

Ақ тарысымен әлемнің бұрған назарын.

Танымы таудай, тарыдай шалы Шығанақ!

Ақтөбем...

Ерлердің елі елім деп туған ақберен,

Ақындар елі көмейі тұңған тәтті өлең.

Ұрпағы сенде ұлылар туған паң дала,

Жасай бер жайнап ғасырларменен...

Ақтөбем!!!



© 2010-2022