Жаңа жыл кешін өткізуге арналған іс-шара жоспары

Залдың ортасындағы жасыл шырша алуан түрлі ойыншықтармен әсем безендірілген. Балалар музыка әуенімен қол ұстасып залға  келеді. Шыршаны айналып жүріп қызықтайды.   Жүргізуші: қымбатты ата-аналар, қонақтар, балалар! Сіздерді жаңа жыл мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Өмірлеріңізге шаттық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ынтымақ, бірлік тілейміз. Олай болса балалардың сіздерге арнап даярлаған мерекелік кешін қабыл алыңыздар. Ән: «Тамаша»   Қар жамылды жер үсті                                  ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

МКҚК «Салтанат» бөбекжай бақшасы.













«Шырша тойы басталды!»

атты мерекелік ертеңгілік бағдарламасы.








Тәрбиешілер:

А.Б. Ахмадиева

С.Е. Утебаева



Петропавл қаласы.

Шырша тойы басталды!


Залдың ортасындағы жасыл шырша алуан түрлі ойыншықтармен әсем безендірілген. Балалар музыка әуенімен қол ұстасып залға келеді. Шыршаны айналып жүріп қызықтайды.

Жүргізуші: қымбатты ата-аналар, қонақтар, балалар! Сіздерді жаңа жыл мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Өмірлеріңізге шаттық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ынтымақ, бірлік тілейміз. Олай болса балалардың сіздерге арнап даярлаған мерекелік кешін қабыл алыңыздар.

Ән: «Тамаша»

Қар жамылды жер үсті Аю қойды ашуды

Мұз жамылды көл үсті Қоян қойды қашуды

Жан жануар той жасап Аяз ата ортада

Дос болуға келісті Бөліп берді шашуды

Тамаша тамаша

Қандай қызық тамаша

Аяз ата ортада

Би билеп жүр балаша

Тақпақ:

  1. Б. Әбілмансұр 3. Т. Ансар

Аппақ аппақ қар аппақ Аппақ дала аппақ қала

Айналаның бәрі аппақ Аппак аппақ айнала


  1. Т. Шерхан 4. Ә. Айару

Дала аппақ Көрікті бөрікті

Қар аппақ Аяз ата келіпті

Аппақ аппақ Беріп жатыр таратып

Бәрі аппақ Алма кәмпит шырынды

Ән әуенімен залға қоян келеді.

Қоян:

-Балалар, балалар.

Айналайын балалар.

Өлең тақпақ айтыңдар,

Маған билеп берсеңдер,

Сыйлығым бар сендерге.

Жүргізуші: қане, балалар, біз сендермен қоянға арнап «Қояндар» биін билеп берейік.

Би: «Қояндар»

Қоян: - тамаша, тамаша балалар. Биді жақсы билейді екенсіңдер. Ал ойынға қалай қалайсыңдар?

Ойын: «Сәбіз жинау». (Қоян ойнатады)

Ән әуенімен залға түлкі келеді.

Қоян түлкіден қорқып тығылады.

Түлкі:

-мен қайда келдім?

Жүргізуші:

-Түлкі, бізде жаңа жыл мерекесі болып жатыр, сен біздің мерекеге келіп тұрсың.

Қоян:

-Түлкі мұнда не істеп жүр? Ол мені жеп қоюға келген ғой. (қорқады)

Түлкі:

- керек едің сен маған! Мен, өзіме мерекеге қарсы, үйрек аулауға шыққанмен, ол да болмай қалды, енді міне қайдағы жоқ мерекеге адасып келдім (деп өкініп, жылайды).

Жүргізуші:

-түлкіжан, сен жылама. Бізбен бірге қалып, балалардың өнерін тамашала. Біздің мереке көңілді өткелі тұр, біздің балалар да өнерлі.

Қоян:

-иә, егер сен мені жап қоймасаң, балалар қазір саған би билеп береді. Солай ма балалар?(деп қуанады).

Жүргізуші: -Бүлдіршіндердің «Балапандар» биін қабыл алыңыздар.

Би: «Балапандар». (Қоян мен түлкі бірге билейді)

Тақпақ:

  1. Ә. Айнель 3. С. Ержан

Өлең де әзір ән әзір Бізбен бірге ойнайды

Ойын да әзір бәрі әзір Жаңа жылды тойлайды

Барлығы бақытты

Болса екен деп ойлайды


  1. К. Ералы 4. А. Танаш

Аппақ аппақ қар аппақ Жасыл желек жамылған

Айналаның бәрі аппақ Асыл моншақ тағылған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

Түлкі:

  • Жаңа жыл мерекесінде шыршаларың тұр, сонымен қоса аяз ата мен ақшақар болмаушы ма еді?!

Жүргізуші: - дұрыс айтасың түлкіжан. Балалар, мерекеміз қызықты болу үшін, ортамызға кімдер жетіспейді? (балалардың жауабы). Олай бола біз қазір барлығымыз бірге аяз ата мен ақшақарды шақырамыз.

Аяз ата мен ақшақарды қол шапалақтап шақыру.

Музыка әуенімен аяз ата мен ақшақар келеді:

Аяз ата:

-Ау, амансың ба ұлдарым!

Амансың ба, қыздарым!

Қандай жарқын жүздерің.

Қандай әсем жырларың.

Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан,

Аталарың сендерге,

Шаршап келді алыстан.

(Түлкі мен қоян сол кезде шыршаны айналып жүреді. Шыршаның шамдарын жақпақшы болады, ол жанбайды).

Жүргізуші:

-аяз ата, біздің балалар сізге арнап ән, тақпақ даярлап қойған екен. Қабыл алыңыз.

Ән: «Аяз ата»

Аяз атай аяз атай Айтамыз айтамыз

Шырша тойы басталды Би де билей аламыз

Кел кел кел Қане қане сыйлығың

Сені жақсы көреміз Алайықшы бәріміз


Аяз атай ля ля ля

Тақпақ:

  1. С. Елжан 3. А. Данель

Қызыл ала шапаны Аяз ата келді

Сағындым аяз атаны Бізге сыйлық берді

Жылдамдырақ келсе екен

Бізге ойыншық берсе екен


  1. Е. Наргиз 4. Б. Ақтеңіз

Сағындым көп күткен Тамаша тамаша

Келді міне жаңа жыл Шыршамыз тұр жараса

Алақай-алақай

Көп сыйлық береді

Аяз ата: - тамаша, тамаша балалар, өнерлі екенсіңдер. Рахмет.

Түлкі: -аяз ата мына шыршаның шамдары жанбай тұр ғой. Бізге көмектеспейсіз бе?!

Қоян: әрі-бері үрлеп үрлеп жаға алмай қойдық.

Аяз ата:

  • Әрине көмектесемін, бірақ балалар маған сендердің де көмектерің қажет. Барлығымыз бірге қол шапалақтасақ, шыршамыз жанады.

Қол шапалақтау: қуант бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат.

Шырша жанады.

Ақшақар:

-ал келіңдер, келіңдер!

Таппақ айтып беріңдер.

Жомарт аяз атадан,

Сыйлық алып көріңдер.

Жүргізуші:

-ортаға ... шақырамыз.

Тақпақ:

  1. С. Дамелия 3. С. Алихан

Жаңа жылда жаңаша Жаңа жылды біз тойлап

Болсын қызық тамаша Шаттанамыз бәріміз


  1. Е. Алихан 4. А. Айсұлу

Тауда туып тауда өскен Балалар жақсы көреді

Шыршы келді ортаға Қыста ғана келеді

Қуант бізді таңырқат Ән жыр айтса қысылмай

Шамдырыңды жарқырат Сыйлық кәмпит береді

Жүргізуші: -ақшақар, біздің балалар сізге де өлең арнағылары келіп отыр. Бірге тамашалайық.

Ән: «Қаршақыз»

Аппақ аппақ қарша қыз Аппақ қарды аламыз

Аппақ аппақ айнала Қаршықтарды жасаймыз

Сені күтіп жүрміз біз Қане қарды лақтырып

Келші бізбен ойнашы Қаршақызбен ойнаймыз


Қаршақыз

Қыс қызығын тойландар

Қар атысып ойнаңдар

Аппақ қармен би билеп

Маған еріп жүріңдер

Ақшақар: -рахмет балалар. Әнді жақсы айдады екенсіңдер.

Жүргізуші:

  • Жаңа жылды тойлауға

дайындалды қанша қыз,

ұлпақар болып ортада

би билейді шаттанып.

Би: «Ұлпақарлар» (Қыздар биі)

Аяз ата:

-балалар сендер өнерлі екенсіңдер. Өркендерің өссін. Тамаша, кішкентай болсаңдар да, қандай әдемі би билейсіңдер. Жаңа жыл сендерге қуаныш, бақыт әкелсін. Мен де сендерге сыйлықтар әкелдім. Оны апайларың таратып береді. Ал мен немереміз екеуміз түлкі мен қоянды алып басқа да балалардың өнерлерін тамашалауға асығайық. Сау болыңдар.

Қоштасу.

Жүргізуші: - Құрметті ата-аналар құтты болсын жаңа жыл! 2015 жыл сіздерге тек қана бақыт әкелсін !!! Осымен мерекелік кеш аяқталды, назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

Ата-аналарға сөз беру.



© 2010-2022