Тәрбие сағаты: ХХІ ғасыр көшбасшысы

Сабақтың мақсаты:               1. Білімділік:   Қазақ тілі мемлекеттік тіл екеніндігін түсіндіре  отырып, қазақ халқының өнері, салт-дәстүрлері туралы ұғым беру; 2.Дамытушылық:Түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын,ойлау қабілеттерін,қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін жетілдіру; 3. Тәрбиелік:Алғыр көшбасшыны анықтай отырып, оқушылардың белсенділік қабілеттерін дамыту, Отанын сүюге, халық дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі,құдіретті.Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге  еніп,қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Өз ана тілін қадірлеп,қастерлемейтін адам жоқ.      «Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл өз халқы үшін –ұлы» - деген Ш.Айтматов.Сондықтан да әр адам өзінің ана тілін қорғай да ,құрметтей де білуге міндетті. Көп ұлтты мемлекетімізде қазақ тілі – мемлекеттік тіл.Оның мәртебесі жоғары. Әрбір азамат мемлекеттік тілді білуі керек. Ендеше, бү... Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі,құдіретті.Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге  еніп,қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Өз ана тілін қадірлеп,қастерлемейтін адам жоқ.      «Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл өз халқы үшін –ұлы» - деген Ш.Айтматов.Сондықтан да әр адам өзінің ана тілін қорғай да ,құрметтей де білуге міндетті. Көп ұлтты мемлекетімізде қазақ тілі – мемлекеттік тіл.Оның мәртебесі жоғары. Әрбір азамат мемлекеттік тілді білуі керек. Ендеше, бү...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы,Талғар ауданы,Талдыбұлақ ауылы

Қапиза Әбдіғұлов атындағы №34 орта мектеп-гимназиясы

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Абдыгулова Эльмира Аскаровна

Сабақтың тақырыбы. ХХІ ғасыр көшбасшысы

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Қазақ тілі мемлекеттік тіл екеніндігін түсіндіре отырып, қазақ халқының өнері, салт-дәстүрлері туралы ұғым беру;

2.Дамытушылық:Түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын,ойлау қабілеттерін,қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін жетілдіру;

3. Тәрбиелік:Алғыр көшбасшыны анықтай отырып, оқушылардың белсенділік қабілеттерін дамыту, Отанын сүюге, халық дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: тіл туралы слайдтар, тапсырма-сұрақтар,эмблемалар, магнит тақтасы, түрлі -түсті жасырын сандар, күй.

Сабақтың әдісі: жарыс,талдау,қорғау.

Сабақтың түрі: сыныптан тыс жұмыс.

Сайыстың өту барысы:

  1. Күй ойнап тұрады.

Мұғалім сөзі: Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі,құдіретті.Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп,қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Өз ана тілін қадірлеп,қастерлемейтін адам жоқ.

«Халықтың мәңгі ғұмыры - оның тілінде. Әрбір тіл өз халқы үшін -ұлы» - деген Ш.Айтматов.Сондықтан да әр адам өзінің ана тілін қорғай да ,құрметтей де білуге міндетті.

Көп ұлтты мемлекетімізде қазақ тілі - мемлекеттік тіл.Оның мәртебесі жоғары. Әрбір азамат мемлекеттік тілді білуі керек.

Ендеше, бүгінгі сабағымыз - мемлекеттік тіл - қазақ тілі мен қазақ халқының өнері,салт дәстүрі туралы болмақ.

Сайысқа екі топ түседі. Турлар бойынша екі топ жұлдызшалар жинап отырады. Қай топтың жұлдызшасы көп болса, сол топ жеңіске жетеді./ 1 мин/

1-жүргізуші:

Құрметті сайысқа қатысушы оқушылар,көрермендер, әділқазы алқасы! Бүгінгі сайысымызға хош келдіңіздер.

Сайысқа қатысушы оқушылар өздерін таныстырады.

Сайысымыздың турларымен таныс болыңыздар.

1-тур. Таныстыру сайысы. Топтар атын, ұранын айтады. /2 мин/

2 - тур. Не? Қайда? Қашан? сұрақтарына толық әрі тез жауап беру керек. /5 мин/

1-топ сұрақтары:

  1. ҚР-сы қай жылы тәуелсіздік алды?

  2. Абай Құнанбайұлының қарасөздерінің саны нешеу?

  3. Қазақ тіліне тән дыбыстар саны нешеу?

  4. Қазақтың ұлттық ойындарын ата?

  5. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?

2-топтың сұрақтары:

  1. Тіл Заңы қашан қабылданды?

  2. Абайды әлемге танытқан жазушы кім?

  3. Қазақ тілінде неше септік бар?

  4. Қазақ халқының ұлттық тағамдарын ата?

  5. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?

3- тур. Ұлы адамдар туралы не білесіңдер? / 5 мин/

Екі топтан бір -бірден оқушы шығып, билет алады. Топ болып берілген тапсырманы орындайды.

4-тур. Мақалды аяқта / 5 мин /

1-топ тапсырмасы:

1.Отан ... басталады

2.Өнер алды ... қызыл тіл

3.Туған жердей... болмас

4. Тіл ... жарады, ... жарады.

5. Ана сүті ... өсіреді,

Ана тілі .... өсіреді.

2-топтың тапсырмасы:

1. Басқа ...тілден

2. ... -білім бұлағы,

... -өмір шырағы

  1. Оқу ... құдық қазғандай

  2. Сөздің көркі - ...

  3. Отансыз ...,

Ормансыз ...

5-тур. «Сөз мергені» сайысы Фразеологизмдердің баламасын тап. / 5 мин /

1-топтың тапсырмасы:

  1. Көзді ашып жұмғанша - жылдам

  2. Ит өлген жерде - алыс

  3. Түн ұйқысын төрт бөлді- ұйықтамады

  4. Қой аузынан шөп алмас - момын

  5. Ат ізін салмады - көптен келмеді

2-топтың тапсырмасы:

  1. Ат ізін құрғатпады- күнде келді

  2. Төбе шашы тік тұрды - қорықты

  3. Жүрегі су ете қалды -қорықты

  4. Бетінен оты шықты - ұялды

  5. Беті бүлк етпеді - ұялмады

7-тур.

Тілге байланысты көрініс көрсету. / 10 мин/

8-тур. Мәнерлеп жатқа оқу.

Әр топтан бір оқушыдан шығады. / 4мин /

9-тур:

Топ басшыларының сайысы

1-топ басшысының тапсырмасы / Мемлекеттік тіл - менің тілім!2 мин/

2-топ басшысының тапсырмасы / Туған жерім - мақтанышым2 мин/

Конверт таңдайды. Конвертте тақырып берілген. Сол тақырып бойынша ой толғайды.

Қорытынды.

Екі топтың жинаған жұлдызшаларының санына қарай жеңімпаз анықталады.

Мұғалімнің қорытынды сөзі.

Бүгінгі сайыста жеңімпаз атанған топты құттықтаймыз!

Еліміздің көк туын желбіретіп, биіктен көрсете беріңдерІ Ел болашағы сендердің қолдарыңда!



© 2010-2022