Қазақ тілі пәнінен Сөйлеу тілі мен кітаби тіл туралы түсінік атты сабақ

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 16.11.2015ж

Сыныбы: 10 «А»

Пәні: қазақ тілі

Пән мұғалімі: А.С. Берлибекова

Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу тілі мен кітаби тіл туралы түсінік

Сабақтың мақсаты: оқушыларға cөйлеу тілі мен кітаби тіл туралы түсіндіру.

Міндеттері:

а) стиль түрлерін білу, дұрыс қолдана білуге үйрету;

ә) тіл мәдениетіне тәрбиелеу;

б) өз пікірлерін қорғауға дағдыландыру.

Сабақ типі: жаңа сабақты меңгеру.

Сабақ түрі: зерттеу сабағы.

Сабақ көрнекілігі: мәтіндер.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика, биология т.б.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды топқа бөлу.

Оқушыларды сабаққа дайындау мақсатында сауал қойылады

  • Адам бойындағы асыл қасиеттер оның сөйлеген сөзінен байқала ма?

Оқушылар пікірі тыңдалады.

ІІ. Үй тапсырмасы тексеріледі.

ІІІ. Жаңа сабақ. Сабақ тақырыбын тақтаға жазып, мақсатын түсіндіремін.

Қазақ әдеби тілі - стильдік - жанрлық тармақтары әбден айқын, ауызша және жазбаша түрде қызмет ететін тіл. Қоғамдық өмірдің барлық саласында белсенді қолданысқа ие.

Қазақ әдеби тілінің бес түрлі стильдік тармақтары қалыптасып сараланған: білім мен ғылым саласында - ресми іс - қағаздар, әдебиет пен өнерде - көркем әдебиет, бұқаралық ақпарат саласында - публицистикалық, күнделікті тұрмыстық қарым - қатынаста - сөйлеу тілі (ауызекі).

Тіл стильдері

Ауызекі сөйлеу стилі Кітаби тіл стилі

Көркем әдебиет, Ресми стиль, іс-қағаздар, Ғылыми, Публицистикалық

стилі,

Мысал:

Доп ойнайын деп жатырмыз (ауызекі сөйлеу стилі)

Тәуелсіз қазақ елінің алдында латын әліпбиіне көшу міндеті тұр. (публицистикалық стиль).

Тригонометриялық өрнектерді ықшамдау жолымен шешеміз. (ғылыми стиль).

Алғашқыда ел оның тірлігіне таңданып, аса сүйсініп жүрді (көркем әдебиет стилі).

Мен, немерем Құрманғалиева Гүлшаттың зейнетақымды алуына сенім білдіремін (ресми іс - қағаздар стилі)

ІV. Оқушыларға стиль түрлерін ажырату мақсатында семантикалық кестемен жұмыс ұсынылды (барлық топқа).

Стильдер түрлерін ажырат

1

2

3

4

Нағыз кәсіби маманның бағасы билік екенін өмір күн сайын дәлелдеп отыр.

Шектеусіз ондық бөлшектерді жай бөлшекпен жаз.

Күз айының бірі болса керек малының алдын қайырып тастап, Қордай етегінде қаршадай бала жүрді.

Сәния Өтешқызының

9-сынып оқитынын растаймын.

тақтаға мысалдар жазып, стилін айқындау.

Жаттығу жұмыстары. 41- жаттығу.

Мәтінді көшіріп жазып, стилін айқындау, синтаксистік талдау жасау.

Топтармен жұмыс. Дыбыстық мәндерді тақтадан қандай стильде жазылғанын және стильдік ерекшелігін анықтайды.

1-мәтін.

Қалақай - улы өсімдік. Өсімдіктің емдік қасиеті күні кешеге дейін жұмбақ болып келді. Емдік қасиет күшті болу үшін оның жапырағы мен тамырын күздің аяғында жинайды. Қалақай жаңа өсіп келе жатқанда, оның балауса жапырағы мен сабағынан түрлі тағамдар да жасайды.

2 - мәтін.

Көк жүзін сеңдей басып келе жатқан қорғасын салмақты қара қошқыл бұлттан жүрегі шайылып, шошына қарап келеді. Қысы- жазы далада, мал соңында жүріп, күн қабағын бағып өскен малшы жігіт бүгін аса мазасыз.

3 - мәтін.

Қазіргі таңда көптеген жасөспірімді болашақ мамандық таңдау мәселесі толғандырады. Бүгінгі жастар бес - он жыл бұрынғы жастардан өзгерек. Көптеген жас Отан қорғаушы мамандықтарына түсуге бекем бел буған. Қазақстан Халқына Жолдауында ҚР Президенті Нұрсұлтан Навзарбаев еліміздің әскері алдындағы тұрған негізгі тапсырма кәсіби шыңдалу екендігін атап өткені белгілі.

4- мәтін.

Бұйрық №12 - 1

Мереке күндерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және күшейту туралы

2013 жылғы 22-24 наурыз мереке күндерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және күзетті күшейту мақсатында бұйырамын.

Мектептегі барлық қызметкерлер 21 наурыз 2013 жылы жұмыс аяқталғаннан кейін кабинеттердегі электр жабдықтарының жағдайын тексерсін және кабинеттерді кезекшілерге тапсырсын.

V. логикалық тапсырма. Үстелде 3 стакан сүт бар. Алмас 1 стакан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стакан қалды?

Қараңғы бөлмеге кірген кісі шам мен майшамның қайсысын бірінші жағады?

VІ. Математика оқулығы.

Оқулықтың қандай стильде жазылғанын және қазақтың атақты математиктерінің есімдерін атайды. М.Дулатовтың математика ғылымына қосқан үлесі бар ма деген сауалға өз жауаптарын дайындайды.

42-жаттығу.

оқушылар сенімхат, ұсынба, хаттама жазады.

«Алаң» телебағдарламасын негізге ала отырып, экономика тақырыбында қысқаша мақала жазады.

Нәтиже: оқушылар стиль туралы ұғымдарын кеңейтіп, стильдің тілдік ерекшеліктерін ажырата алады.

VІІ. Сабақты қорытындылау:Қазақ тілінің стильдері туралы алған білімдерін бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма: 45-жаттығу.



© 2010-2022