Тақырыбы: Желтоқсанда мұзда жанған алауым, Желбіретті тәуелсіздік жалауын

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: "Желтоқсанда мұзда жанған алауым,

Желбіретті тәуелсіздік жалауын"

Мақсаты:

  1. Желтоқсан оқиғасының арқасында тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрерменге жете ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту. 1986 жылы желтоқсан оқиғасын оқушыларға таныстыру. Желтоқсан оқиғасының неден бастау алып, оның не себепті қамды оқиғаға ұласқанын ашып көрсету. Өз отанын, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,отаншылдыққа,елжандылыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

  2. Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.

Міндеті: Отанды сүюге, құрметтеуге , желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділетті-лікке, ел мен жердің қадір - қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Түрлі қанатты сөздер. «Желтоқсан желі ызғарлы», «16 желтоқсан Тәуелсіздік күні», «Тәуелсіздік монументінің суреті» Желтоқсан құрбандарының суреттері, тақырыпқа байланысты қанатты сөздер, суреттер, оқулықтар, слайдтар

Барысы: Әнұран орындалады.
1 - жүргізуші:
- Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен шәкірттер! № 9 Абай атындағы орта мектебінің 6 «Ә» сыныбының оқушылары дайындаған

« Желтоқсанда мұзда жанған алауым, Желбіретті тәуелсіздік жалауын » атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

2 - жүргізуші:
- Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі - Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ардақты ағайындар, мереке құтты болсын!

Құрметті ұстаздар оқушылар! Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына және тәуелсіздікке арналған «"Желтоқсанда мұзда жанған алауым, Желбіретті тәуелсіздік жалауын » атты ашық тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз. 1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз, қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп,шеруге шықты. Олар: «Тәуелсіздік керек!» қазақ елінің өз көсемі сайлансын!-деген тілек білдірді.

Желтоқсан оқиғасы - мәңгі тарих. Біз желтоқсан оқиғасын ешқашан есімізден шығармаймыз. Жылдар өткен сайын желтоқсан оқиғасы айқындала түсуде. Құрбан болған ерлеріміздің бейнесі сол жас қалпында есімізде мәңгі сақталады. Көтеріліске шыққан жастар рухы тәуелсіздік киесі. Болашағымызды нұрландырған, тәуелсіздік әперген азаматтарды біз ұмытуға тиіс емеспіз.

Аружан

Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бар күнде,

Қайғыға халық батқан күн

Әділдік пен шындықты

Өтірік жала еткен күн

Надан жасаған сұмдықтан

Адамдар азап шеккен күн

Қасқалдақ ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн.

Қыранды қуып көгінен

Қағалар билік алған күн.

Адал мен арсыз, аярды,

Айырып халық ұққан күн.

Саф алтындар бәз баяғы

Сары жез болып шыққан күн.

1986 жылғы 16 желтоқсанда бүкіл жастары тотаритарлық режимге ашық қарсылық көрсетті. Міне, осындай ұмытылмас оқиғадан бері 24 жыл өтті. Өмір-өзен толқындары сол кезден бізді алыстатып бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды.Ол үшін дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына, ерлігіне деген тағзым, құрмет. Ендеше сол желтоқсанның оқиғаларындағы шыңдаған, боздақтардың рухын еске алайық.

1 минут үнсіздік еска алу

1 жүргізуші

Ел үшін жанын қиып, жауды қуған,

Ерлерді ұмытсада ел, бел ұмытпас.

Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып

Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас.

Арқаның селі, желі, шөбі, белі-

Ерлерді ұмытса да, ел ұмытпас - деп М.Жұмабаев ағамыз айтқандай дүниені дүр сілкіндіріп, қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қалары сөзсіз.

Мұхтар Шаханов « Желтоқсан алауы » өлеңі

2 жүргізуші Азаттық. Теңдік. Тәуелсіздік.

Осы бір ұлы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады. Сонау ықылым заманнан бері ата жұрт, атамекен үшін шейіт болған боздақтарымыз көкейден кетер ме? «Игіліктің ерте, кеші жоқ» дейді халқымыз. «Халық айтса қалт айтпайды» деген қағидаға сүйенсек, әлі де болса, шүкіршілік деуге мүмкіндігіміз бар екен. Қазақ елі 16-желтоқсанда бүкіл жер жапанға тәуелсіздігін жариялап, жар салды.

  1. жүргізуші

Лүп-лүп соққан бала жүректің өмірге құштар ыстық жүректің соңғы лүпілі, жан сыры, соңғы үміті. Өкініші мен өтініші. Қайрат Рысқұлбековтың «Өкініш» атты соңғы өлеңі

Әкетай-ау пайғамбардай жасың бар,

Туа бермес сіз секілді асылдар,

Қартайғанда жүрегіңді жаралап,

Кесір болды-ау біз секілді масылдар.

Ең әуелі мен анамды сағындым.

Бұл құдайға соншалықты не ғылдым?!

Жаралы боп жазықсыздан жазықсыз,

Енді міне абақтыға жабылдым.

Айналайын ағалар мен жеңгелер,

Сіздерге бұл өмірде кім тең келер?

Сүмірейтіп сот алдында отырған,

Бауырыңды енді кімдер ескерер.

Айналайын қарындасым, қарағым,

Қолда кісен мен айдауда барамын.

Қайғы жеп, азап тартқан ағаңды,

Айтшы жаным, қандай жанға баладың.

Айналайын інішегім, құлыным,

Сені ойласам үзіледі жұлыным.

Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай,

Кетіп барам мен айдауда құлыным.

  1. жүргізуші

Мұз жастанып азаттықтың жолында,

Тәуелсіздік туы тұрды қолында.

Сойыл таяқ ойнаса да жанында.

Отан үшін жанын қиды ұлдарың,

Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың.

Күйініштен ауырады жүрегім,

Естігенде желтоқсанның ызғарын.

Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,

Ұрпақ өсер айналатын тірекке,

Егемендік тиді бүгін еншіме,

Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке.

Жүргізуші

Тәуелсіздік үшін әділетсіздікке қарсы шыққан жас қырандар!

Желтоқсан құрбаны- Қайрат Рысқұлбеков Алматы архитектура құрылыс институтының студенті. 1988 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі оған берілген ату жазасын 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырды. 1988 жылғы мамырда-қайтыс болды. 1996 жылғы 9 желтоқсан - «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Ләззат Асанова 1970 жылы қазіргі Алматы облысы Жаркент ауданына қарасты Айдарлы ауылында дүниеге келген. Жастайынан зерек өскен бала орта мектепті үздік бітіріп, Алматыдағы Чайковский атындағы музыка училищесіне өз талантымен оқуға түсті.

Өскемен педучилищесінің студенті 16 жасар Мұхаметжанова Сәбираға да қысым жасалып, он екіде бір гүлі ашылмаған өрімдей қызды өз өмірін қиюға итермеледі.

Алматы энергетика институның студенті Сыпатаев Ербол темір қолшоқпардың соққысынан 18 желтоқсанда ауруханада жан тапсырды

Алматы медициналық институтының студенті Шораева Ләззатқа да желтоқсан оқиғасына қатысты іс қозғалып, ол өзін өлімге итермелеуге мәжбүр болды.

Бауыржан Үсенов

2 Жүргізуші
- 1986 жылы Алматының бас алаңында Желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова және тағы басқа апаларымыз бен ағаларымыз қатысты. 1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан еді.

Бейнеклип: «Желтоқсан желі».

ІІ Бөлім

Мұғалім:

  • Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді. Тәуелсіздік - теңдік, бостандық, еркіндік, бүкіл адамзат баласының қаншама мыңдаған жылдар бойы аңсаған арманы, мақсаты, ұраны болып келе жатқаны белгілі.


1 - жүргізуші:
- Тәуелсіздіктің түп - тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.
2 - жүргізуші:

- Достар, мен тәуелсіз ел болу дегенімізді өзіңнің өзгелермен тең екендігіңді сезіну және ана тіліңде емін- еркін сөйлеуің деп түсінемін.

1-жүргізуші:

- Олай болса, біздің достарымыз тәуелсіздік туралы не айтады екен?

«Тәуелсіздік монументі»

Айы туып, жұлдыз күні жанған ел,

Ата-бабам мәңгі аңсаған арман ел.

Мәңгі тірі, мәңгі азатсың, қазағым,

Мұндай ұлы монументті салған ел.

Алтын адам - ата-бабам көзі бұл,

Қанаттанып жауға шапқан барыстай.

Келешекке құс боп қанат қақты Адам,

Ұлы өнердің мәңгі отын жақты Адам!

Тәуелсіздік монументі алдында

Қазақ болып туғаныма мақтанам!


1-оқушы:

Тәуелсіздік - менің байтақ Отаным
Бір өзіңсің Қайрат , Бауыржаным
Тәуелсіздік - сәбилердің шаттығы
Тәуелсіздік, тәуелсіздік - жыр әнім

2-оқушы:

Тәуелсіздік таңы атты,

Азаттықтың күні атты.

Тәуелсіздік алған ел,

Егемен қазақ халқы.

2 жүргізуші

Өзіміздің жеріміз, еліміз, теңгеміз бар. Өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұран, тіліміз, теңгеміз бар. Тәуелсіздіктің жарық күні мәңгі ата берсін.

1992 жылы 4 маусымда тәуелсіз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен елтаңбасын, әнұранын бекітті.

  1. -оқушы Әнұраным -жанұраным, Айтар әнім -сөйлер сөзім. Мәңгі бақи шырқалады. Республика Әнұраны!

2-оқушы Қаны да, жаны да қазақтың, Егемен еркіндік -ғажап күн. Жүзінен білінген, Сарайлар төрінде ілінген, Елтаңба - егемен елдің белгісі.

Елтаңба - өжеттік, өрліктің белгісі. Елтаңба - тәуекел, ерліктің белгісі. Елтаңба - кемелдік, кеңдіктің белгісі. Елтаңба - өзге елмен теңдіктің белгісі. Елтаңба - егемен елдің белгісі.

3-оқушы Жарасқан байрақтың мәні бар, Көк аспан, күн, қыран -сәні бар. Көк байрақ -ашық көк кеңісім, Алтын күн- белгісі жеңістің. Алтын күн көтерген ел құсы- Халқымның батырлық белгісі!

8-оқушы Рәміздерім - елдігімнің белгісі, Білу керек баладағы ең кіші. Рәміздерім -Әнұран, Ту, Елтаңба, Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Хор: « Атамекен »

1 - жүргізуші.
- Бостандық деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендеше, тәуелсіздік жолындағы тарих беттеріне тағы бір зер салайық.

2 - жүргізуші:
Ендеше ең басты бағытымыз «ТӘУЕЛСІЗДІК» шежіресіне көз жіберейік

  1. 1991 жылы Ел Тәуелсіздігін алды

  2. 1992 жылы Ел рәміздері бекітілді

  3. 1993 жылы Төл теңгеміз айналымға түсті

  4. 1994 жылы Елде жаңа Парламент өз жұмысын бастады

  5. 1995 жылы Еліміздің Ата Заңы Конституция қабылданды

  6. 1996 жылы Желтоқсан оқиғасының құрбаны 1991 жылы Қ.Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы берілді

  7. 1997 жылы Елордамыз Астанаға көшірілді, «татулық пен құғын сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып жарияланды

  8. 1998 жылы Халықтар бірлігі мен сабақтастығы жылы

  9. 1999 жылы Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы

  10. 2000 жылы Мәдениетті қолдау жылы

  11. 2001 жылы Тәуелсіздік пен достық жылы

  12. 2003-2005 жылы Ауыл жылы

  13. 2007 жылы Сазгер Ш.Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным»

  14. әні мемлекеттік әнұран болып қабылданды

  15. 2008 жылы Қазақ тілін қолдау жылы

  16. 2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ (Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы) төрағалық етті.

ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ӘРБІР ЖЫЛ ЖЕТІСТІККЕ ТОЛЫ БОЛМАҚ!!!
1 - жүргізуші:

Ағалардың алып берген биігін

Абыроймен асқақ ұстан жастарың.

Қазақстан деген алып мемлекет

Қарыштап тек алға қадам басқаның.

Атағыңа ғашық болсын жер жаһан,

Азат елім, ашық болсын аспаның!


- Ия, достар, алғаш рет 1 - желтоқсан Президент күні деп жарияланды.

Хор «Көк тудың желбірегені» әні

Тақпақ

Қазақстан-кеше...

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Жұртым менің не қиындық көрмеді!?

Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

Қазақстан-бүгін...

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!!..

Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр Қазақтың жүрегі боп соғып тұр!..

Қазақстан-ертең...

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.


1 - жүргізуші:
- Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға - әпкелеріміздің арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.Ендеше, осындай бейбіт елде ата- ана,бауырларымызбен тамаша өмір сүрейік!

Би « Қазақ биі»

Хор: « Ақ көгершін » әні


2 - жүргізуші:
Осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Желтоқсанда мұзда жанған алауым, Желбіретті тәуелсіздік жалауын » атты әдеби музыкалық ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!



© 2010-2022