«Желтоқсан жаңғырығы» сынып сағаты

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Желтоқсан жаңғырығы»

Мақсаты: Оқушылаға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру. Отан Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Желтоқсан қаһармандарының суреттері.

Барысы:

Мұғалім:

Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Алатауға дейін байтақ жерімізде желтоқсанның қара дауылы үдей соғып, дүрбелең жайлады.

Жыл артынан жылдар жүйткіп, уақыт шіркін толассыз зымырап өтіп жатыр. Енді, міне дауыл тербеген теңіздей буырқанып, жолындағысының бәрін ырғалта шайқалып сол бір қастерлі де қасіретті күндерден бергі 20-жыл да тарих қойнауына тартып барады.

Қазақ қазақ болғалы өз бас бостандығын, өз еркіндігі мен егемендігін күшпен де, қанмен де, ашаршылық нәубетпен де, небір репрессиялық қуғын-сүргінмен де қорғаған.

1-оқушы:

1986 жылғы 16-желтоқсан -Үлкен өзгеріс күні. Алматыда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің өте қысқа пленумы өтті. Небәрі 18-ақ минут. Осы қысқа уақыт қазақ халқының намысын жерге таптауға жетіп - артылды.

Жиналғандар дереу Қазақстан компартиясы орталық комитетінің 1-хатшысы Қазақстанға отыз жылдай басшылық еткен Дінмұхамед Қонаевты қызметінен алды. Оның орнына саяси бюроның ұсынысы бойынша жіберілген Ульянов партия ұйымының жетекшісі Колбинді сондай бірауыздықпен сайлады.

2-оқушы:

Алматы қаласы 1986 жылдың 17-желтоқсанында таңғы сағат 8.00-де Брежнев алаңына жастардың алғашқы тобы келді. Олардың саны 200-300 шамасында еді. Бара-бара қатарлары көбейді. Алаң қарақұрым адамға лық толды. Бәрі де қазақ жастары. Олар-студент қыздар мен жігіттер, жас жұмысшылар, оқушылар. Қолдарындағы транспоранттарда «Қазақстан жасасын!», «Қазақстанды өз ұлтынан шыққан басшы басқарсын!», «Қазақстанды әркімге билетпейміз!» деген ұрандар жазылған.

3-оқушы:

Алаңға 50 мың әскер, 20 мың милиция адамдары, 16 мыңдай жасашылар шоғырландырылды. Ал шеруге шыққандардың қатары 10 мыңға жуық. Олар сонда да міз бақпайды, қасқайып, сабыр сақтап, талаптарын қоюда.

Желтоқсанның 17-нен 18-не қараған түні алаң айнала қоршауға алынды. Шеруге шыққан жастар үш қатарлы қоршауда қалды, жасақшылар олармен бетпе-бет келіп, алдында тұрды. Одан кейінгі қатарда милиция, үшінші қатарда әскер тұрды.

Байбатыр Сұлтан.

Қыстырмады оны ешкім құлағына,

Қарамады көз жастың бұлауына.

Темір жасақ тепкішіл империя.

Қантөгістің жол берді лаңына.

Шаштан сүйреп жазықсыз бұрымдарды,

Бет ауыздан бейнесіз жырымдалды.

Көшелерге шығуға орын болмай,

Түршіккенбіз көргенде қызыл қанды.

4-оқушы:

17-25-желтоқсан аралығында ішкі істер бөлімдеріне 83 студент, 1168 жұмысшы, 49 қызметкер, 164 училище оқушысы, 102 жұмыссыз, 1214 комсомол мүшесі, 54 партия мүшесі әкелінді делінген. Ал 1986 жылдың 25-желтоқсанынан 1987 жылғы маусым айының соңына дейін 5327 адам прокуратурада, 850 адам мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде жауапқа тартылды. Оның ішінде ату жазасынан бастап жиырмадан бір жылға бас бостандығынан айырған жазаларды ұлттық қаһармандарымыз арқалап кете барды.

Жеңіс Меруерт.

Таңғажайып атың да дәл табылды,

Табылды да талай жұртқа танылды.

Қазақ елі, көкке жетті көк туың,

Сен-тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі.

Тәуелсіздік! Бабалардың ұраны,

Бейуақытта бойға таққан тұмары.

Тәуелсіздік! Түнектерде тұншығып,

Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы.

Мұғалім:

Ызғарлы қыс-тоқсан күн

Желтоқсан деп аталған.

Желтоқсанда жастарым

Тәңірінен бата алған.

Батамен елім көгерді,

Бодандық билік көнерді.

Тәуелсіз атқан таң үшін

Еске алам өрттей өренді,-демекші осы Желтоқсан көтерілісінен кейін жер-жерде тәуелсіздік таңы ата бастады.

Ән «Желтоқсан желі».

© 2010-2022