Сыныптан тыс тәрбие сағаты Ел болашығы-білімді ұрпақ

Раздел Классному руководителю
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырып: Ел болашығы-білімді ұрпақ.

Мақсаты: Дарынды оқушыларды анықтау, олардың қабілетін ашу, алған білімдерін өмірде қолдана білу шеберліктерін арттыру. Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Еркін сөлеу қабілеттерін ашу. Сергектік, зеректігін дамыту. Өзін-өзі тануға, сұраққа мәдени түрде жауап беруге, айналадағы ортамен қарым-қатынас жасауға, адамгершілікке, ана тілін сүйіп қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, қазақ тілі.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайттар, қима қағаздар.

Кіріспе сөз.

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!-деп Мағжан ақын жырлағандай, құрметті ұстаздар мен оқушылар апталығымыздың бүгінгі күні 8-11 сынып оқушыларымен өткізілетін «Ел ертеңі - дарынды ұрпақ» атты тіл сайысымызға қош келдіңіздер!
- Сайысқа төрелік айту үшін қазылар алқасымен таныстырып өтейін. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Балтабаева А.С.және сурет сабағының мұғалімі Сокова Е.Ю. Әр бөлімнен кейін қазылар алқасы , ұпайларың бағалап, түсінік беріп отырады.
- Ана тілі қазағымның қаймағы,
Тілің сенің өміріңнің айғағы.
Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
Әр сыныптың білгірлері шығады.

-Бүгінгі біздің сайысымыз 4 бөлімнен тұрады:

1-бөлім - БӘЙГЕ

2-бөлім - ЖОРҒА

3-бөлім - ДОДА

4-бөлім - ЗЕРДЕ

Бәйге.

Сұрақтарға жауап беру. Дұрыс жауапқа 1 ұпай.

  • М. Әуезовтың атақты романы.

  • Жатыс септігінің жалғауларын ата.

  • Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

  • Ыбырай Алтынсарин қай жылдары өмір сүрген?

  • "Ит өлген жер" фразиологизмінің мағынасы қандай?

  • «Ғылым таппай мақтанба,

  • Орын таппай баптанба » - деген өлең шумағын кім жазған?

  • Белгісіздік есімдігі қандай сөздерден жасалады?

  • "Үш арыс " кімдер?

  • Бір жылда неше ай бар?

  • Қазақ тілінде неше септік бар?

  • Төбе шашы тік тұру - тұрақты сөз тіркесінің мағынасы қандай?

2-оқушы

  • ҚР-ның валютасы?

  • ҚР-ның Ата Заңы күні ?

  • Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы.

  • Алыс сөзінің антонимі

  • Жалғаудың неше түрі бар?

  • Қазақтың тұңғыш ғарышкері

  • Мұғалім сөзінің синонимі

  • Сілесі қату -тұрақты сөз тіркесінің мағынасы қандай.

  • Жиі-сөзінің антонимін ата

  • Жазушы Мұқановтың есімі кім?

  • Алғаш рет мектеп ашқан кім?

  • Қазақтың батыр қыздары кім?

  • Қазақтың үш биін ата.

  • Фонетика нені зерттейді?

  • Қазақстанда алғаш ғарышқа ұшқан кім?

  • Атақты, алғашқы күрес шебері?

  • Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні?

  • Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақтың батыр қыздары кімдер?

*Атақты суретші кім

3-оқушы Күй атасы кім?

  • «Бөбек» қорының президенті кім?

  • Қазақ тілінде неше дыбыс бар?

  • Қос сөздер нешеге бөлінеді?

  • Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар.

  • Есімдік неше түрге бөлінеді.

  • Етістіктің райларын ата.

  • Есімшенің неше түрі бар.

  • Үш жұртты ата.

  • Абайдың әжесі кім?

  • Шоқан Уәлихановтың шын аты.

  • Абай Құнанбаев кім?

  • Айша Биби кесенесі қай қалада?

4-оқушы.

  • Әбілхан Қастеевтың суреттерін ата.

  • Тұрлаулы мүшелерді ата.

  • Асан Қайғы қай ғасырда өмір сүрген?

  • "Соғым басына" шақыру деген не?

  • Абылай ханның шын аты кім?

  • Заттың атын білдіретін сөз табы.

  • Еліміздің бас қаласы қай қала?

  • ҚР Конституциясы қанша бөлім, қанша баптан тұрады?

  • Қазақ хандығының негізін қалаған хандарды ата.

  • Тәуке ханның заңдар жинағы

  • Жыл басынан құр қалған жануар?

  • Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы

  • Астана қаласының бас символы

  • Қазақ өлкесінде тұңғыш мектеп ашқан

Таңдалған ұяшық бойынша сұрақтар

  • ЖОРҒА . Дұрыс жауапқа 50- ұпай

  • Жұмбақ

Тіл жоқ өзінде,

Сөзі бар ізінде. (қалам, ручка, реn)

  • Жұмбақ

Көкке шаншып құйрығын,
Келеді шауып жүйрігім. (жылқы- лошадь- horse)

  • Жұмбақ

Тастан тасқа секірген,
Ұзын салпаң құлақты
Қойдан маза кетірген. (ешкі- коза- goat)

  • Жұмбақ

Қабат-қабат қапталған,

Асыл сөзбен апталған,

Парағы бар сөйлейтін,

Ол қазына өлмейтін. (кітап, книга, book)

  • Жұмбақ

Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар. (сиыр- корова - cow)

  • Жұмбақ

Үй үстінде алтын тас,

Алайын десем табылмас. (жұлдыз, звезда, star)

  • Жұмбақ Аласа ғана бойы бар,
    айналдырып киген тоны бар. (қой- баран- sheep)



  • Жұмбақ

Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,

Дабылдап дабылын ол қағып тұр.

От жағып, дабыл қағып тұрғанында,

Сабалап төмен қарай су ағып тұр. (жаңбыр, дождь, rain)

ДОДА .

Мақал-мәтел сайысы
Берілген мақалдағы жасырын сөзді тауып, мақалды жалғастыру. Дұрыс жауапқа 10 ұпай

1-оқушы

*Тіл - адам ойының … (айнасы)

  • Аңдамай сөйлеген … (ауырмай өледі)

  • Ойнап сөйлесең де… (ойлап сөйле)

  • Тисе терекке, тимесе … (бұтаққа)

  • Айтылған сөз, … (атылған) оқпен тең

  • Бал тамған тілден … (у) тамар

  • Көп сөз - … (бос сөз)

  • Көп сөз - күміс, аз сөз - … (алтын)

  • Жасыңда қылжаң болсаң, өскенде …(мылжың) боласың.

  • Таза сөйлеу - биік … (мәдениеттілік)

2-оқушы

* Жолдасы жақсы жолды болар, (жолдасы жаман қолды болар).

  • Ұсталы ел озар, (ұстасыз ел тозар).

  • Дос жылатып айтаты (Дұшпан күлдіріп айтады).

  • Ерлік білекте емес, (жүректе).

  • Талапты ерге (нұр жауар).

  • Ақылды қария - (ағып жатқан дария)

  • Досы көпті жау алмайды, (Ақылы көпті дау алмайды). Жолдасы жақсы жолды болар, (жолдасы жаман қолды болар).

  • Ұсталы ел озар, (ұстасыз ел тозар).

  • Дос жылатып айтаты (Дұшпан күлдіріп айтады).

  • Ерлік білекте емес, (жүректе).

3-оқушы

  • Талапты ерге (нұр жауар).

  • Ақылды қария - (ағып жатқан дария)

  • Досы көпті жау алмайды, (Ақылы көпті дау алмайды).

  • Жігіт бір сырлы. (Сегіз қырлы болсын).

  • Туған жердей жер болмас (Туған елдей ел болмас)

  • Ел үмітін (ер ақтар).

  • Жігіт бір сырлы. (Сегіз қырлы болсын).

  • Туған жердей жер болмас (Туған елдей ел болмас)

  • Ел үмітін (ер ақтар)

  • Тіл тас жарады, тас жармаса…( бас жарады).

4-оқушы

  • Сөз тапқанға … (қолқа жоқ)

  • Дос жылатып айтады … (дұшпан күлдіріп айтады)

  • Шебердің қолы ортақ … (шешеннің сөзі ортақ)

  • Білекті бірді жығады … (білімді мыңды жығады)

  • Туған жердің күні де ыстық … (түні де ыстық)

  • Адам жерге нәр береді … (жер адамға нан береді)

  • Жалғыз адам орман емес … (жалғыз кірпіш қорған емес)

  • Батыр туса ел ырысы … (жаңбыр жауаса жер ырысы)

  • Бірлігі жоқ ел тозады … (бірлігі күшті ел озады)

  • Ауылдан асқан байлық жоқ

ЗЕРДЕ

Сөзден сөз шығару. Әрбір сөзге 1 ұпай

Қазақстан

Қызылорда

Көкшетау

Қорытынды

Mұхтар Әуезов «Темір тозады, ұрпақ озады. Дүниеде өлмейтін сөз ғана, халқымызбен бірге жасап келе жатқан асыл мұра сөзімізді арзандатып алмайық!» - деген екен. Қазақ тілімізді жете білу арқылы ғана біз өз халқымызды әлемге таныта аламыз. Ұлттық мінез, ұлттық намыс танытайық, құрметті оқушылар! Тіліміздің жұлдызын биіктетейік!



© 2010-2022