Үш тұғырлы тіл атты мақала

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Үш тұғырлы тіл

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында әрбір қазақстандықтың өміріндегі үштілділіктің маңыздылығы туралы айтып өткендей, болашақта еліміздің дамып өркендеуіне жас ұрпақтың үш тілді игергені жөн.

Мемлекеттік тілді игеру аса маңызды екенін атап өткен жөн. Оны игеру барысында, жас ұрпақ жеңіл ұғатын әрі тиімді әдістемелер ұйымдастыру қажет.Тәуелсіз туымыздың астында 130-дан аса ұлттарды біріктіретін ортақ мемлекеттік тіліміз-құндылығымыз. Осылайша, қазақ тілі барша қазақстандықтар тұтынатын, кең ауқымды қолданыстағы тілдердің біріне айналмақ.

Дегенмен,дамыған елдер арасында бәсекеге түсу үшін тілді жетік меңгеру маңызды роль ойнайды. Сонымен қатар, қазіргі таңда мектеп оқушылары қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қатар игеруде. Ағылшын және орыс тілдерін үйрену басқа елде тәжірбие алмасуға, танымдық көзқарастарын, басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік туғызады.

Болашақта Қазақстан тоталитарлы, дамыған елдер арасында бәсекеге қабілетті мемлекет болуына болашақ ұрпақтың үш тұғырлы тілді жетік білуі қажет.

© 2010-2022