8-наурыз аналар мерекесіне арналған тәрбие сағаты

Аяулы анашым Тәрбие сағатыныңтақырыбы: «Аяулы анашым! »Мақсаты: Анажайлытамашасөздер, өлеңдер, әндерарқылыаналарменарулардымерекеменқұттықтау, оқушылардымейірімділікке, ұстамдылыққатәрбиелеу, ұстазғаата-анағадегенқұрметсыйынарттыру, анаеңбегінқадірлейбілугеүйрету.Көрнекілігі: аналаржайлынақылсөздер,мақал-мәтелдер. Мұғалім: Құрметті аналар, арулар! Көңілдеріңізгекөктемшуағындайсезімменнұрқұйып,тағыда 8-Наурызхалықаралықәйелдеркүнікелді.Осынаукөркеммерекеніңқайкездедеорныбөлек.Олайболатыны,аналарғ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Аяулы анашым

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Аяулы анашым! »
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер.

Мұғалім: Құрметті аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезіммен нұр құйып,тағыда 8-Наурыз халық аралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешімізде аналарға арналады.
Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған не бір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!
Құрметтіаналар,біздің сыныптың қыздары!8-Наурызхалықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапағатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын...Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтауға рұқсат етіңіздер!.
Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілікөзі. Өмір бесігін тербетіп, адамзат

баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаңда қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзібар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ана-болашақтың демеушісі,ұлттың жебеушісі,сәбилердің бақыты.Олай болса ұл-қыздарыңыздың сіздердің құрметтеріңізге арнаған өлең-шумақтары мен өнерлерін тамашалаңыздар!

1)Ұлдардың тақпақтары---

Ән: «Аяулы анашым»

Ойын: « Кім жүйрік?»: яғни 2 қыз 2 анасы мен алма жеп жарысады. Кім алманы берілген уақытта көбірек жейді, әділ қазыларға апарып көрсетеді. Көп жеген қыз жеңіске жетеді.

2)Ұлдардың тақпақтары----Табаны жерге тимейді

Біздің балалар ғажап билейді,

Би сұлулық ,әсемдік

Сымбаттылық бұл дейді - ендігі кезекті биге берейік.

Би: Флеш-моб(ұлдар билейді)

Ойын: «Шебер қолдар»: яғни шаш өру сайысы деп аталады. Үш қыз бала аналарымен ортаға шығады.

Қыздардың тақпақтары: -------

Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,- дей келе кезекті әнге берейік!

Ән: «Айналайын мама!» (Хор)

Ойын: «Білімді мыңды жығар - білекті бірді жығар»- демекші енді қыздарымыздың білімін сынайық. Әр қыз ,ана, қыз туралы 5 мақалдан айту керек.

Аяулысың, аналарым,асылдарым,
Жайнасын көңілдердің жасылбағы.
Сіздер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сіздер үшін мереке шашулары,- дей келе алдарыңызда

Би: «Бояулар»қыздарымызды ортаға шақырамыз!(Ақмейір,Асем,Зинеп)

Ойын: «Судың да сұрауы бар » дегендей суды тасудан қыздарымыздың ептіліктерін байқайық.Ортаға 3 қыз бал шығады

Көрермендермен ойын:

СҰРАҚТАР ҚОЙЫЛАДЫ.

1.ОРМАН ДӘРІГЕРІ(ТОҚЫЛДАҚ)

2.Күндіз көрмейтін құс(жапалақ)

3.Мемлекеттік тіл(қазақ тілі)

4.Басты байлық -денсаулық

5.Қазақстан Р.валютасы

6.Ұя салмайтын құс

7.Абылайдың шын аты кім?(әбілмансұр)

8.Бір жұмыртқа 5 минут піссе 3 жұм. ше?

9.Жылдан құр қалған жануар?

10.Жүз жыл (ғасыр)

Би: «Нозли гүлім» Оңғарбек Балжан

Балалар өздерінің сыйлықтарын аналарына табыстайды.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен концертіміз аяқталды.


© 2010-2022