Тәрбие сағаты Денсаулық-зор байлық

Раздел Классному руководителю
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:Денсаулық-зор байлық

Мақсаты: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті байлық екендігін түсіндіру.Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға баулу және сөйлеу шеберліктерін дамыту.Денсаулықты сақтауға, ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:интерактивті тақта

Құрметті ұстаздар,оқушылар «Денсаулық-зор байлық»атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!Балалар қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңдар,шам үйдің ішін жарық қылады.Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүлді көрсең,көзің соған түседі.Біздің де өмірімізді жарық қылатын,жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?

- Денсаулық

1.Жеке бас гигиенасы

2.Салауатты өмір салты

3.Жақсы көңіл-күй

4.Күн тәртібін сақтау

5.Демалыс

6.Зиянды әдеттерден аулақ болу

7.Спортпен шұғылдану

8.Дұрыс тамақтану

«Денсаулық-зор байлық»деген сөздің астарында үлкен мағына жатыр. Адам баласы үшін денсаулықтан асқан байлық жоқ.Ол ақшаға сатылмайды,ешбір бағалы затпен тең келмейтін құнды байлығымыз.Сондықтан ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол іздегеніміз абзал.Бүгінгі тәрбие сағатымыз сайыс түрінде болмақ.Сайыс болғандықтан әділ-қазыларды сайлап алайық. Қазір 3 топқа бөлінеміз.

1-топ: «Шымыр»

2-топ: «Денсаулық»

3-топ: «Сымбат»

Сайысымыз бес бөлімнен тұрады.

І бөлім: «Таныстыру»

ІІ бөлім: «Өлеңді жатқа айту»

ІІІ бөлім:«Мақал-мәтелдің жалғасын тап»

ІV бөлім: «Өлең шығару»

V бөлім: «Жарнама»

Сайысымызды бастайық.

І бөлім: «Таныстыру»

ІІ бөлім: «Өлеңді жатқа айту»

«Жақсы сөз-жарым ырыс» деп дана халқымыз бекер айтпаған.Үйде,қоғамдық орындардарда,көшеде адамдардың бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болуының маңызы зор.Әсіресе көңілді жүру жәие күлімсіреу денсаулықты жақсартып қана қоймай,бақытты өмір сүруге мүмкіндік береді екен. Балалар денсаулыққа кері әсер ететін қандай мінез?

Ауруға әкеп соғатын - 6 әдет
1. Үнемі қайғырып, аһілеп - уһілеп жүру өкпені зақымдайды.
2. Ызақорлық, ашуланшақтық бауырды ауыртады.
3. Қызғаншақтық, біреуді көреалмаушылық бауыр мен бүйрекке зиян тигізеді.
4. Жылауықтық жүрек қабынуына әкеп соғады.
5. Шошынып, үнемі үрейленіп отыру өт жолын қабындырады.
6. Біреудің қамын жеп, үнемі шыр - пыр болып жүру көк бауырдың ауруына алып келеді.

ІІІ бөлім: «Мақал-мәтелдің жалғасын тап»

«Шымыр»тобы

1.Жарлының байлығы ...?

2.Тазалық саулық негізі ...?

3.Ауру жайын баққан біледі ...?

4.Сырқат тән жарасы ...?

«Денсаулық»тобы

1.Бірінші байлық-денсаулық ...?

2.Бас аманда мал тәтті ...?

3.Жасырғанның ...?

4.Елемеген ауру жаман ...?

«Сымбат» тобы

1.Аурудың жақсысы жоқ ...?

2.Аяншақ көзге ...?

3.Ауырып жазылған жан олжа ...?

4.Көзің ауырса аузыңды тый ...?

Әлемдегі ең пайдалы азықтар
Балық: Қартаюға қарсы ең жақсы азық, миды және жүректі қорғайды. Қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.
Жаңғақ: Жүректің қызметін реттейді.
Жұмыртқа: Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді
Көк шай: Ішектердің, тыныс жолдарының жұмысын реттейді. Салмақ реттелуін оңайлатады.
Алма: Сүйекті қуаттандырады.
Айран: Тістің саулығы үшін пайдалы, кальций қоры мол.
Қызылша: Бүйректерге пайдалы, тұз мөлшерін реттейді.
Банан: Жүректің соғуын дұрыстайды, қан қысымын реттейді.

ІV бөлім: «Өлең шығару»

Көрініс: «Дәрігер мен бала»

V бөлім: «Жарнама»

Көңілді толқытып бір шалқытатын,

Қайғыны ұмытып бір балқытатын.

Ән айтып, би билеуге не жетеді

Көңілдің қарлығашын қалқытатын.

Ән: «Жылайды жапырақ»

Қорытындылау: "Дәрігердің қолында үш түрлі құрал бар. Біріншісі - сөз. Екіншісі - дәрі. Соңғысы - пышақ.Сондықтан дәрігердің алдына бармау үшін денсаулықты қалай күту керек?

Оқушыларды марапаттау.

Шамкенова Айнаш Ондасынова,

Қарағанды облысы,

Жаңаарқа ауданы,

Бидайық ауылы,

Бидайық жалпы орта білім беретін мектебі.



© 2010-2022