Разроботка внекласного мероприятие АЛТЫН КҮЗ

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алтын күз


Мақсаты: оқушылардың ұйымшылдығын, қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту. Табиғат сұлулығын түсіне білуге, оны аялауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: күзгі табиғатқа байланысты картиналар, шарлар, жапырақтар.

Барысы:

Министр: Тындаңыздар! Тындаңыздар! Бүгін аса мәртебелі Күз патшайымы болашақ тақ мұрагерлері арасында күз патшасы мен патшайымын тағайындау мақсатында кеш ұйымдастыруға бұйырады.

Уа, халайық, халайық

Мұнда назар салайық

Мерекесі халықтың

Алтын Күзге арналған кешімізді бастайық!

Күз патшайымы мектеп оқушыларымен бірге флешмоб билеп шығады.

Күз патшайымы:

Сәлем менің достарым,

Өмірге көп қосқаным.

Күз сыйлығын алындар

Сыйлығына қанындар


Министр:

Біздерде ойын-сауық басталады,

Тамаша күй тартылып, ән салады.

Қошеметтеп қол соғып отыралық,

Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.


Күз патшайымы:

Әділқазы, алқасына бір сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар сайыстарда неше бір

Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл, - дей келе бүгінгі сайысымыздың әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!


Министр: Осы сайысымыздың бағдарламасымен таныс болыңыздар.

  1. Таныстыру. 3 мин. 3 ұпай.

  2. «Күз кереметі» үй тапсырмасы. Хан мен ханшайым жеміс-жидектерден, ағаштан, жапырақтан жасалған бұйымдар және салаттарын таныстырады. 3 мин. 3 ұпай.

  3. «Өнерлінің өрісі кең». Әр сынып өз өнерін көрсетеді. 5 мин. 3 ұпай

  4. «Білімді мыңды жығар!» әр топқа жұмбақ жазылған жапырақтар таратылады. 2 жұмбақтан 2 мин. 3 ұпай.

  5. «Күз сәні» 5 ұпай

  6. Стенгазет қорғау 2 мин 3 ұпай

Құрметті әділқазылар сайыс барысында жұптардың сөйлеу шеберлігіне, күзгі киіміне, тәртібіне қарап отырыңыздар, бағалау барысына бұлда өз әсерін тигізеді.


Күз патшайымы:

Құрметті көпшілік көрерменім

Жақсылыққа әрдайым артқан сенім.

Ақжол тілеп үкілі үміттерге

Таныстыру шартына кезек бердім.

Әділқазылар бағалауы


Күз патшайымы: әрбір болашақ патша мен патшайым да, олардың уәзірлері де, он бармағынан өнер тамған болуы шарт.

Министр: Құп, патшайым. Патшайымның бұйрығы бойынша, әр сынып өздерінің күз сыйынан жасалған бұйымдарымен және салаттарымен таныстырылсын.


Әділқазылар бағалауы

Министр:

Әсем әуен салдырған

Сәбилер де алғыр жан

Бал дәуреннің қызығын

Есте қалар балдырған - деп мектеп даярлық сынып оқушыларының өнерін тамашалайық.


Күз патшайымы: Өнер жастан жаныңдар

Шақырған сайыстарға бірі-бірін

Өнерпаздар дарындылар

Көрейік, ән-би, күйді көрермендер

Көрсетсін сайыскерлер өнерлерін-деп жұптарды өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.


Әділқазылар бағалауы

Министр: Патшайымның бұйрығымен шетелдерден сіздерге арнап моделдер шақырдық. Қабылалыңыздар.


Әділқазылар бағалауы

Министр:

Ән салындар, күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Күздің тойын тойлайық

Би билейік, ойнайық.

Күз патшайымы: алдарыңызда 1 сынып оқушылар


Күз патшайымы:

Сайыскерлер, білімге қалайсындар?

Сендер өтер әлі де талай сын бар.

Министр:

Жұмбақты ал, қоржыннан, қымсынбай кеп

Шешімін тапсаңдар, жарайсыңдар.


Министр: Патшайымның қалауымен өнерлі суретшілер салған қабырға газетті қорғауға жұптарды шақырамыз.

Күз патшайымы: үміткерлеріміз бірінен-бірі өткен өнерлі әрі білімді екен. Қайсы-бірін тандарымды білмей дал болып тұрмын.

Министр: Патшайым уайымдаманыз бұған біздің әлілқазыларымыз көмектеседі.

Күз патшайымы: Олай болса, қорытынды сөз әділқазылар алқасына беріледі.


Марапаттау


Күз патшайымы:

Жеңістер мен жеңілістерден тұратын,

Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс, болсан егер ұғатын

Министр:

Келешекте әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің шыңдалсың қалыспандар.

Өнерлілер көбейсін күннен-күнге,

Өмір күрес әлі талай жарыстырар.

Күз патшайымы:

Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып

Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып

© 2010-2022