Сабақ тақырыбы: Мен шаттанамын

Раздел Классному руководителю
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Мен өзін-өзі тану пәнін жүргізгенде шабыттанамын»

Эссе

«Кімде - кім өзін-өзі тани білсе, ол өзінің не істей алатынын және не істей алмайтынын түсіне біледі»,- деп Сократ айтпақшы, мен бұл мамандықты бекер таңдаған жоқпын.

Б.Момышұлы: «Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді.... Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген екен.

Ұстаз - адамгершіліктің нұрын төгетін адам. Ұстаз жолы қиын әрі қызықты жол.

Мен өзімді рухани сәулеткер деп білемін. Әдетте, сәулеткерлер белгілі бір нысанның сұлбасын сызып, жобасын жасайды. Сол секілді мен де оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттердің, адами құндылықтардың құйылуына орасан еңбегім зор. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуына менің және әріптестерімнің үлесі зор. Өзін-өзі тану пәнін жүргізу арқылы мен шабыттанамын. Бұл пән адамның жүрегінің түбіне еніп, ақылына ақыл қосып, қате жіберген сәттерінде түзетіп, жүрегіне мейірім мен махаббат толтырып, жалпы адам баласын тәрбиелейтін пән. Осы пәнді жүргізу барысында өз бойымда барлық адами қасиеттер болуын үнемі жадымда сақтап жүремін. Себебі, мен бағыт беруші әрі өскелең ұрпақты тәрбиелейтін тәлімгермін. Бұл пән адамды еріксіз шабыттың кемесіне мінуге жетелейді.

Шығармашылықта емес, жай тіршілікте де ұстаздың әсері көрініп тұрады. Менің оқушыларым шығармашыл әрі ізденгіш, адамгершілік қасиеттері жоғары, жан-жақты, бар адами қасиеттер бойында жиналған, мен үшін қымбат, аяулы да ардақты шәкірттер .

«Қайыңнан шипа да ізде, шабыт та ізде» - деген дана халқымыз. Мен оқушыларым үнемі жадырап, пәндерге деген қызығушылығы жоғары болып, бақытты болып жүрсе, жүректерінде махаббат пен мейірім толып, жанашыр жандар болса мен әр кез шабыттанамын. Оқушыларда жүрек оты сөнбей лаулап жүрсе мен бақыттымын.



«Ескелді ауданы әкімдігінің Мелькомбинат

НОМ мектепке дейінгі шағын орталығымен»

Молбаева Ж.М.

© 2010-2022