Көмекке зәру отбасы балаларына азды-көпті қол ұшын беру – әр адамның борышы. “Мектепке жол” акциясы бойынша мақала

Көмекке зәру отбасы балаларына азды-көпті қол ұшын  беру –                              әр адамның борышы. (“Мектепке жол” акциясы Приречный ауылында)           Биыл жетінші жыл Батыс Қазақстан облысының  Балалардың құқықтарын қорғау департаменті  Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің жыл сайынғы жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясын ұйымдасқан түрде өткізуде.      Көп балалы, аз қамтылған отбасы оқушыларына қолдау көрсету және барлық мектеп жасындағы балаларды міндетті ор...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Көмекке зәру отбасы балаларына азды-көпті қол ұшын беру - әр адамның борышы.

("Мектепке жол" акциясы Приречный ауылында)

Биыл жетінші жыл Батыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің жыл сайынғы жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясын ұйымдасқан түрде өткізуде.

Көп балалы, аз қамтылған отбасы оқушыларына қолдау көрсету және барлық мектеп жасындағы балаларды міндетті орта біліммен қамтамасыз ету үшін жалпыға бірдей білім беру айлығы мен «Мектепке жол» акциясы 2014 жылғы 1 тамызда басталып, 30 қыркүйекте аяқталады.
Біздің ауылда биылғы оқу жылы акция «Балаға мейірім сыйла!» үндеуімен өтуде. Акцияның негізгі міндеті - аз қамтылған отбасыларындағы оқушылардың жаңа оқу жылына дайындалуға және балалардың әлеуметтік жағдайлары бойынша мектепке бармауын алдын алу. Олардың мектеп формасы, оқуға қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтылып, алаңсыз білім алуына жағдай жасау.

Приречный жалпы орта білім беретін мектебінде Республикалық «Мектепке жол» акциясының өтуіне байланысты іс- шаралар жоспары құрылып, логотип жасалып, ақпараттық стенд безендіріліп ілінді. «Мектепке жол» акциясын өткізу бойынша апта сайынғы мониторинг жасалып дер кезінде аудандық білім бөліміне тапсырылып отырды.

Көмекке зәру отбасы балаларына азды-көпті қол ұшын беру – әр адамның борышы. “Мектепке жол” акциясы бойынша мақала

Республикалық акцияның өту барысында Приречный жалпы орта білім беретін мектеп әкімшілігінен шаруашылық қожалық, жеке кәсіпкер иелеріне хаттар жолданып, «Лаура», «Бисен», «Танас», «Михайл», «Ақшал», «Прогресс», «Мамбетов» шаруашылық қожалықтары, «Баклан» жеке кәсіп иесі, сонымен қатар Придорожный селолық округінен «Арай» шаруашылық қожалығының қолдауымен 24 бала үшін 105 000 теңге көлемінде көмек көрсетіліп, мектепке дайын болды.

Көмекке зәру отбасы балаларына азды-көпті қол ұшын беру – әр адамның борышы. “Мектепке жол” акциясы бойынша мақалаКөмекке зәру отбасы балаларына азды-көпті қол ұшын беру – әр адамның борышы. “Мектепке жол” акциясы бойынша мақала
Жалпы мектепте 22 аз қамтылған, 15 көпбалалы отбасынан шыққан, 10 жартылай жетім, 2 қамқоршыда тәрбиеленетін, 2 мүгедек оқушы бар. Көмекке зәру отбасы балаларына азды-көпті қол ұшын беру - әр адамның борышы. Бұл істе ұстаздарымыз да белсенділік танытып, қайырымдылық қасиетті іс болғандықтан әркім өзінің жүрек қалауы бойынша қолынан келген көмегін көрсетуде. Сонымен бірге қадағалаусыз және панасыз, мектептен шет қалып, жүйелі түрде оқуға бармай жүрген балаларды анықтау үшін мұғалімдердің қатысуымен рейд жүргізілді. Рейд барысында балаларды жалпыға бірдей міндетті оқумен қамту мақсатында аулалар аралау жұмыстары ұйымдастырылды. Аталған шара аясында әлеуметтік себебі бойынша оқумен қамтылмаған бала анықталмады.

Көмекке зәру отбасы балаларына азды-көпті қол ұшын беру – әр адамның борышы. “Мектепке жол” акциясы бойынша мақала

Демеушілердің көмек көрсетуі арқасында балалардың барлығы мектепке дайын болды. Барлық қажетті құралдармен қамтылған балалар 1 қыркүйек күні білім нәрімен сусындауға мектепке барды.

Мектеп әкімшілігі мен ата-аналар атынан осы қожалық иелеріне алғысымызды білдіреміз.

Қыркүйек айында жалпыға бірдей білім беру қорынан 6 оқушы қысқы киіммен қамтамасыз етілді.

Көмекке зәру отбасы балаларына азды-көпті қол ұшын беру – әр адамның борышы. “Мектепке жол” акциясы бойынша мақала Көмекке зәру отбасы балаларына азды-көпті қол ұшын беру – әр адамның борышы. “Мектепке жол” акциясы бойынша мақала

Көмекке зәру отбасы балаларына азды-көпті қол ұшын беру – әр адамның борышы. “Мектепке жол” акциясы бойынша мақала Көмекке зәру отбасы балаларына азды-көпті қол ұшын беру – әр адамның борышы. “Мектепке жол” акциясы бойынша мақала

Акцияның жыл сайын өткізіліп, дәстүрге айналуы қоғам тарапынан жасалып жатқан еліміздің болашағы баянды болуы үшін өскелең ұрпақты адами-рухани тәрбиелеу, қазақстандық балалаларға көмек және қолдау көрсету жолының жалғасы болып табылады.

Бакисова А.К.

Приречный ЖОББМ





© 2010-2022