Классный час на тему Казахстан одна страна, один народ, одна история

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Қазақстан жолы - 2050, бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ

Мақсаты:

Оқушыларға Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.

Барысы:

«Атамекен» әні

Қазақстан туралы не білеміз?

Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын. Мен еліммен мақтанамын. Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.

Ой қозғау:

- Біз қандай мемлекетте тұрамыз?

- Қазақстан.

- ҚР - ның халқы қай тілде сөйлеу керек?

- ҚР - ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.

- Біздің тұңғыш президентіміздің аты - жөнін білесіңдер ме?

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

17 қаңтар күні «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауын жариялады.

«Елбасына»

Ауыр күнді артымызға тастауы -

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады - ау кісілік!

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен - кіші, ағайындар - бәріміз.

«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

Мұғалім сөзі.

Міне, оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.

Бір мақсат - бұл «Мәңгілік Елді» нығайту, біздің Отанымыз - Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту!

Бір мүдде - бұл біздің ортақ құндылықтарымыз, еркін және өркендеген елде өмір сүруге деген талпынысымыз!

Бір болашақ - бұл Мәңгілік елдің біздің ортақ үйіміз Қазақстан Республикасының гүлденуі!

Слайд.

«Қазақстан жолы - 2050, бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»

- Ендеше, балалар, бүгін Жолдау туралы әңгімелесеміз.

Қазақстан - 2050 стратегиясының логотипін таныстыру

2050 Стратегиясының жаңа логотипі бірліктің мазмұны. Ол қазақтың ұғымындағы бірлік пен қауымдастық белгісін бейнелейтін әлем иллюзиясының бірігуі мен үндесу идеясын көрсетеді.

Біріншіден, логотиптің негізі болып табылатын шаңырақты біз алдымен елтаңбадан көре аламыз. Шаңырақ өз үйіміздің призмасынан көрінетін аспанның символы. Бізде ортақ аспан, ортақ Отанымыз Қазақстан және ортақ ұлттық идеямыз 2050 Стратегиямыз бар. Шаңырақ сөзі «шаң» - күн деген ұғымнан бастау алады. Сол себепті де болар, ол қазақстандықтарға көпұлтты елдегі бірліктің белгісі ретінде танылады.

2050 Стратегиясының жаңа логотипінен қазақ киіз үйінің керегесін де аңғара аламыз. Керегенің мақсаты киіз үйді біріктіріп ұстап тұру десек, біз алып отырған кереге белгісінің Стратегия айналасындағы ұлтымыздың ұйысу идеясы болып табылады.

Сонымен қатар, қиылысқан сызықтардан еліміздегі барлық ұлт өкілдерінің бірлігі, сондай - ақ, еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейінгілердің өзара татулығын байқаймыз. Өйткені, қазақстандықтардың барлығы тізе қосып әрекет қылғанда ғана ұлы белестерді бағындыра алмақ.

Стратегия символының негізі мемлекеттік елтаңба, шаңырақ, кереге, дархан дала көкжиегі, теңіздің шексіздігі, ағайынды жұрттың қол ұстасуы мен ел бірлігі.

Белгінің мазмұны бірлік пен қуатта.

Аталмыш белгі Қазақстан халқына етене таныс және жақын болып келетін дөңгелек шеңбер түріндегі қиылысқан жартылай мөлдір сәулелерден тұрады.

Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.

Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.

Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы - Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.

Өлеңдер оқылады. (тіл, тәуелсіздік, отан туралы)

Қорытынды:

- Жолдау туралы не түйдің, осы айтылған тарауларда не айтылмады?

«Ойын»

«Мен президент болсам халыққа Жолдауым…» Оқушыларға өз ойларын айтқызу.

Ән: Көк тудың желбірегені. (тыңдалады)

Қорытынды:

Мен 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.

Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.

Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.

Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.

Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын.







Классный час на тему Казахстан одна страна, один народ, одна история

© 2010-2022