Jana jil -2016 (6 th form)

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Jana jil -2016 (6 th form)

№ 32. Ә. Жангелдин атындағы жалпы орта мектебі



Тақырыбы:





Ұйымдастырушылар: Қалдыбекова Айнұр

Искакова Гүлнұр


Арыс




1 - жүргізуші: Мерей
Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар!
2 - жүргізуші:
Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабытты шәкірттер.
1 - жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!
2 - жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!
1 - жүргізуші:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
2 - жүргізуші;
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
1 - жүргізуші: Апай байқаймысыз, бұл кеште менің сыныптас достарым көңілсіз секілді. Бұларға не болған? Мына шырша жанындағы қапта не болды екен? Қане ашып көреміз бе?.

/ Шырша түбіндегі қапшықта 6 -банан жатады./ әр оқушы бір бананнан жеп жарысады

2 - жүргізуші Жоқ, жоқ, жоқ Мерей мүмкін бізге достарымыздың жасаған сыйы, жаңа жылдық тартуы болар.
Мерей былай келісейік. Бәріміз ағылшынша One, two, three дегенде қаптың аузын қонақтарымыз ашсын.

Аааа банандар екенғой ммммм бұл қапшық жай қапшық емес екенғой .
Ендеше осы банандармен ойын ұйымдастырып жіберейік.

Жеңімпаз қапшықтың ішіндегі тосын сыйлықты ашу мәртебесіне ие болады.

1 - жүргізуші:

Ал қанеки балалар маймылдың бізге қоятын сұрақтары бар екен.

маймылыдың сұрақтары қызық екен, сыныбы мен сынып жетекшілері жайлы екен.
1- Өзі әдемі, 2 қыз 1 ұлдың анасы, асты дәмді пісіреді, он саусағынан өнері тамған суретші, тігінші қалағанын тігіп киеді, сыныбы 9 кабинетте орналасқан. Бұл кім екен? (Гүлсара апай)

2- Бойы мен шашы ұзын, әдемі, ақылы көркіне сай, (Гүлнұр апай)

3-Өзі инабатты, 6 -шы сыныптағы үздік оқитын, ақылды ұлдың анасы,сыныбының оқушысы бүгінгі жаңа жылды жүргізуде, есепті шемішкедей шағатын кабинеті бірінші қабатта орналасқан. Бұл кім екен? (Жайна апай)

4- Өзі инабатты, ибалы, 1 қыз,1 ұлдың анасы, жақында ана атанғалы жүрген, сыныбы 3

-ші қабатта орналасқан. Бұл апайымыз кім екен? (Ұлжан апайымыз)

5- Үнемі көңілді жүретін, өз ісіне ұқыпты, сыныбы бірінші қабатта орналасқан, сыныбының терезелері сыртқа қараған. (Гүлнұр апай)

6- Бұл сынып өте белсенді, оқушылары ақылды, 7 үздік оқушысы бар, сыныбы 8 "Б" сыныбының қасында орналасқан сынып. Бұл сынып?

/ сұрақтар оқылған сайын бір -бір сыныптан өздері жайлы айтылып жатқан белгі береді бастайды/

2- жүргізуші: Қанекей достар, ырыс берекесі мол болған ескі жылмен қоштасып, жаңа жылымызды көтеріңкі көңілмен қарсы алайық.

Біздің маймылымызды мыстан кемпір сиқырлап қойған екен. Бәріміз бірге Жаңа жыл Жаңа жыл, Жаңа жыл деп 3 рет дауыстап айтсақ маймылымызға тіл бітеді екен.

Маймыл: Сәлем Сәлем, сәлем достар!

Жаңа жыл құтты болсын! Сіздермен көңілді мереке кешін өткізуге келдік. Қалай қарайсыңдар!

1-жүргізуші: /Мешінді ортаға алып өлеңін оқиды/

Кел, Жаңа жыл, жеттің бе тағы айналып

Дастарханды отырмыз саған жайып

Сені күтті жыл бойы жақсы үмітпен

Талай ұлыс, талай ел, талай халық

Келген сайын көңілді өсіресің

Ұлы болсын бастаған осы көшің

Төгіп-шашпай тасытып кетсең екен

Қазақ деген халықтық несібесін!

Қатал емес, мейірімді.

Қатаң емес, әділетті.

Қыстай қатты суық емес,

Тілегі ыстық, тәп - тәтті. Бұл кім? Ал табыңдар.

(Мектеп директоры)

2 - жүргізуші: Дұрыс айтасыздар!Құрметті жамағат "Жақсы сөз - жарым ырыс!" - деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты, сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы Ережепов Қонақбай Қасқырбекұлына береміз.

/Мектеп директоры құттықтау сөзін сөйлейді/

6 - сыныптардың биі Тақиялы періште филімінен үзіндң.

1 жүргізуші -:

Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,

Бақытты боп бастады жыл дастанын.

Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл,

Құтты болсын, жаңа бақыт, достарым!

2- жүргізуші: - Жаңа жыл - Мешін жылы әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.

1 жүргізуші:- Апай біз осы бір нәрсені ұмытып кеттік қой!

2- жүргізуші: - Нені ұмыттық!

1 жүргізуші: Біз шыршамыздың сәні Аяз Ата мен Ақшақарды ұмыттық. Қане, бәріміз бірге дауыстап шақырайық!

/Бәрі Аяз ата мен Ақшақарды шақырады/

Оқушылар: Аяз ата. Аяз ата!

2- жүргізуші:

Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.

Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.

Аяз ата келеді Ақшақармен,

Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!

/Аяз ата мен Ақшақар шығады/

1-Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар қош келдіңіздер! Достар бізге

Бремендік музыканттар қонаққа келіп өз өнерлерін көрсетпек. Соны тамашалайық!

2 жүргізуші: -

Жаңа жылым жол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрлет, төрлет жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын !

1-жүргізуші:

Достарым бар қуанып,
Тамашалар кештерде
Талшыбықтай бұралып
Биші бола өскенде.

«Өзбек » биін тамашалаңыздар Орындайтын 6"В" сыныбы оқушылары

2 -жүргізуші:

Қуанатын шақ болсын,

Достарымыз ақ болсын.

Бізге келген жаңа жыл,

Құт береке бақ болсын!

6 "Б"«Жаңа жыл» әні . Орындайтын 6 "Б" сыныбының оқушысы Хайділлә Ақнұр

1 жүргізуші:

Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылда - жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.

Ендеше 6" А" сыныбы қыздарының биін тамашалайық.

"Хаппи "

.

1 жүргіуші: Білесің бе, біздің достарымыздың арасында әнші, бишілермен қатар күйшілер де бар екен!

«Нағыз қазақ қазақ емес,

Нағыз қазақ - домбыра», - дей отыра 6 "Б" сыныбы оқушысы Балдиярды шақырамыз. «Әке толғауы» күйі.

2 - жүргізуші: Білесің бе Мерей, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен.

1 - жүргізуші: Дұрыс айтасыз, бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен!

2 - жүргізуші: Құрметті, ұстаздар, оқушылар!

6 "Д" сыныбы оқушыларының жаңа жыл туралы әнді ағылшын тілінде орындамақ екен. Ендеше «Джингл белс» биін тамашалайық.

1 - жүргізуші:

Достарым бар қуанып,
Тамашалар кештерде
Талшыбықтай бұралып
Биші болам өскенде.


Құрметті қонақтар, 6 "Е" сыныбы қыздарының «Үнді » биін тамашалайық!.

2 -жүргізуші: Білесің бе 6 "А" сыныбының оқушылары «Мерекем» әніне дайындап келген екен. Соны тамашалайық!

Ал енді кезекте

6 "Г" сыныбының оқушысы Сейіт Азизаның орындауындағы "Жаңа жыл" әнін қабыл алыңыздар

Жылдың әсем бұл шағы

Шыр айналдық шыршаны.

Шоқ жұлдыздай көктегі

Шыныны қағып тұр шамы.

6 "Б" сыныбы оқушыларының "Папури" биін тамашалаңыздар

1-жүргізуші:

Сәлем, достар, аман ба?

Нұр берді шырша алаңға

Қане, шашу шашайық,

Тойлап, көңіл ашайық.

Бәрі билеп жатқанда, босқа қарап тұрмайық! Барлығымыз орнымызда билеп тұраиық.

6 "В" сыныбының "Флэшмоб" биін тамашалаңыздар
2 - жүргізуші:

Жүзімізде күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап шаттанамыз бәріміз! 6 "Г" сыныбы оқушыларының "Вальс" биіін тамашалаңыздар!

6 "Е" сыныбының қыздарының орындауындағы "Шет ел" биін қабыл алыңыздар

1-жүргізуші:

6 "А" сыныбының оқушысы Абжан Мұхаммедәлінің шет ел биін тамашаланыздар.

2 - жүргізуші:

Барлық жандар бір тілекке қосқан үн

Бақыт болып бастады жыл дастанын

Қуанышпен келді той боп жаңа жыл.

Құтты болсын жаңа бақыт достарым! 6 "Д" сынып оқушысы Марал Ілиястың орындауындағы «Қайда» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші

Ал, Аяз ата, Ақша қар! Асығып тұрған секілдісіздер. Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік.

1 - жүргізуші:

Жаңа жыл - жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Қой жылы келіп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.

2 - жүргізуші:

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!










© 2010-2022