Тәрбие сағаты Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз

Раздел Классному руководителю
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз.

Мақсаты: Өскелең ұрпақты ұлт- жандылыққа тәрбиелеу.

1-жүргізуші
Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз.

2-жүргізуші:
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!

1-жүргізуші:
Әнұраным жан ұраным
Айтар әнім сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам әнұраным деп хормен Әнұран

1-оқушы:
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған
Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

2-жүргізуші:
Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі
бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ
халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің
бірі.
1-жүргізуші:
Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан
ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт
бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді.

2-оқушы:
Жас арудың жанарында - Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында - Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында - Желтоқсан.
Жауыздықты жасқаған да - Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да - Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да - Желтоқсан.
Намысымның шырағы да - Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да - Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да - Желтоқсан.

2-жүргізуші:
Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі
1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10.00
да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып
келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің
пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.
2-жүргізуші:
Осыдан 25 жыл бұрынғы Алматы оқу орындарының бірінің жатақханасының алдындағы оқиға. Көрініс.
Көрініс
- Қыздар, мен газет әкелдім.
- Не жаңалық шығыпты?
- КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Д.Қонаевты алып, орнына
В.Колбинді тағайындапты.
- Колбин деген кім екен?
- Қайдан келіпті?
- Колбин Ульяновтан келіпті.
- Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат басқарсын!
- Біз демократияны талап етеміз.
- Қане жүріңдер, қыздар, жігіттер алаңға кетейік!

3-оқушы:
Сүймейтұғын болдық қой, сүймей ғұмыр
Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр.
Колбин деген кім екен, қайдан келген?
Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?

Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,
Бізге оны ешкім аяп бермейді.
Тәуелсіздік - Қайрат, Ляззат, Ерболдың,
Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.
2-жүргізуші.Ортада ән «Сәлем саған туған ел» орындайтын Айман
1-жүргізуші:Рахмет саған Айман өнерін үстем болсын
Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.
2-жүргізуші:
Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт Қайрат. Қайрат есіл ер көзі тірісінде жазған өлеңдері адам жүрегін тебірентеді.
Соның бірі «Менің тағдырым».

4-оқушы:
Өмір бойы жолым болып көрмеді,
Жылап келем бұл дүниеге келгелі.
Қайғы шаңы басты менің денемді,
Түспейді шаң сілкінсем де мен енді.
Жолдаған сәлемімді дос алмады,
Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны.
Айта берем, айта берем қайбірін,
Ауыр менің, ауыр менің тағдырым.
Тағдыр мені аямады, қорлады,
Жалынсам да, жыласамда болмады.
Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің



© 2010-2022