Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары
Үлгерімі нашар немесе үлгермейтін оқушылармен жұмыс істеу

Еңбекке жарамдық:

  • қызметті түрлендіру

  • кабинетті желдету (проветрить)

  • серпініс кезеңін өткізу

  • қажеттілік және жеткіліктілік қағидасын ұмытпау

Үлгерімі нашар балалармен атқарылатын жұмыс түрлері:

  • жеке жұмыс карточкасы

  • тесттер

  • өзгертілген тапсырмалар

  • тренажер-карточкалар

  • шығармашылық тапсырмалар

  • ақпарат-карточкалар

  • есептің шешім үлгілері бар карточкалар

  • конспект-карточкалар

Мұғалімдерге! Ұстамдылық алгоритмі:

1. Баланың психологиялық дамуы бойынша не білу қажет:

  • түсіну (жолдары - кинестетикалық (дене қозғалысы мен мимика), есту, көзбен көру)

  • назар аудару (ерікті, еріксіз)

  • ес, зерде (вербальды, вербальды емес Вербальды қарым-қатынас -. тіл (есту) арылы байланыс, вербальды емес - қимыл тілі)

2. Әр баланы түсініп, қабылдауға ұмтылу

3. Сабақта еркіндік және қолайлы орта қалыптастыру

4. Не көрсету қажет:

  • дұрыс талап етушілік

  • шексіз сабырлық

  • әділ қатаңдық

  • оқушының мүмкіндіктеріне сенім

5. Оқушының позициясына тұру

6. Мысқылшылдыққа жол бермеу

7. Еркін диалог жүргізе білу

8. Вербальды емес қарым-қатынасты (тірегіш сигналдар, суреттер, таблицалар, схемалар, жоспарлар) қолдану

9. Сөздіктермен және басқа нықтама материалдармен жұмыс істеуге үйрету

10. Оқытуда не қолдану қажет:

- Алға озып оқыту

- Топпен атқарылатын жұмыстардың әр түрлері

- Өзара тексеру, өзін өзі тексеру

- Сабақта блок-конспекттерді қолдану

11. Оқу материалын тиімді бөлу (қиыны - алдында!)

12. Сабақ материалын көп рет қайталап, бекіту

13. Қызметтің алгоритміне тырысы

Үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс істегенде төмендегі ережелерді сақтау қажет:

  • Оқушыға тосын сұрақ бермеу, тез жауап беруді талап етпеу, оқушыға ойланып, дайындалуына уақыт беру.

  • Жауапты ауызша емес, жазба түрінде талап еткен дұрыс.

  • Ауқымды, көлемі үлкен, әр-түрлі, күрделі материалдарды қысқа мерзімде игеруін талап етуге болмайды. Ол материалды ақпаратқа байланысты бөліп беру.

  • Бұндай оқушыларға жаңа тақырып бойынша жауап беруін талап етуге болмайды. Үйде дайындалуға мүмкіндік беріп, келесі сабақта сұраған жөн.

  • Жауап сұрап, ынталандыру арқылы оқушының өзінің күшіне, біліміне деген сенімін арттыру. Бұл сенімдік оған емтихан, бақылау жазған кезде көмек етеді.

  • Оқушы жауапты дайындап жатқан кезде.

Балалар нені түсінеді, неден нәтижесі бар, не қолдарынан келеді, соны жақсы көреді. Кез келген бала жақсы баға алғысы келеді. Сыныптастары мен мұғалімнің көмегімен алғашқы жетістіктерге жетуі өте маңызды. Мұғалім шын жүректен баланың көрсеткіштеріне қуанғанын көрсете білуі керек. Оған қалай жетуге болады?

Бұл жағдайда деңгейлеп оқыту әдісісіз нәтижеге жету мүмкін емес.

Деңгейлеп оқыту әдісін сабақтың әр кезеңінде қолдана аламыз:

  • тақырыпты бекітуде

  • үй тапсырмасын тексерерде

  • өзіндік жұмыста.

Деңгейлеп оқытуда дидактикалық материалдар қолдануы көзделеді:



© 2010-2022