«Президент – біздің көшбасшымыз» атты ашық тәрбие сағаты

Аңқаты ЖОББ мектебінің 8-ынып жетекшісі Амангул Жаксылыковна Нахуанованың «Президент – біздің көшбасшымыз» атты ашық тәрбие сағаты. БҚО, Теректі ауданы, Аңқаты ауылы. Тәрбие сағаты: «Президент- біздің көшбасшымыз» Мақсаты: 1желтоқсан Президент күніне орай елбасының отбасы, ұшқан ұясы, жасаған істері, жазған еңбектері туралы айтып, елін сүйген елбасын сыйлай білуге,құрмет тұтуға тәрбиелей түсу.Ол туралы мол мәлімет беру. Көрнекілігі: Президент портреті, еңбектері,слайд, отбасы туралы, қызметтері...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Аңқаты ЖОББ мектебінің 8-ынып жетекшісі Амангул Жаксылыковна Нахуанованың «Президент - біздің көшбасшымыз» атты ашық тәрбие сағаты. БҚО, Теректі ауданы, Аңқаты ауылы.

Тәрбие сағаты: «Президент- біздің көшбасшымыз»

Мақсаты: 1желтоқсан Президент күніне орай елбасының отбасы, ұшқан ұясы, жасаған істері, жазған еңбектері туралы айтып, елін сүйген елбасын сыйлай білуге,құрмет тұтуға тәрбиелей түсу.Ол туралы мол мәлімет беру.

Көрнекілігі: Президент портреті, еңбектері,слайд, отбасы туралы, қызметтері туралы слайдтар.

Барысы:

  1. «Шаттық щеңбері».

  2. «Ұшқан ұя»

  3. «Білім баспалдақтары»

  4. «Жанұя бақыты»

  5. «Өнегелі өмірі»

  • Құрметті оқушылар, ұстаздар қауымы! 1желтоқсан күніне орай өткізілгелі тұрған «Президент -біздің көшбасшымыз» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Ортаға шығып, «Шаттық щеңберін» жасайық. Мына тақтаға назар аударайық.

-Шаттанамын мен де!

Шаттанасың сен де!

Шаттанамыз бәріміз!

Арайлап атқан күнге! Сәттілік серік болсын, бізге!

«Топтастыру» бөлімі.

-Ең әуелі, Президент деген кім? Осы төңірегінде өз ойымызды тақтаға жазамыз.

(Көшбасшы, елбасы, елді басқаратын адам, өнегелі, ақылды, саясаткер, білімді, көп тілді адам болуы керек,адамдармен қарым-қатынасы өте жоғары деңгейде болуы керек.)

-1 желтоқсан -қандай күн?

-Президентіміз кім?

- Біз тәуелсіздігімізді қашан алдық?

- Неше жыл болды Тәуелсіздікке?

-Міне, балалар,жақсы біледі екенсіздер. Енді Президентіміз туралы толық білу үшін тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Елбасының ата-анасы туралы мәліметтерді бізге Аягөз бен Қарлыға айтып береді.

Әбіш өте көңілді, қадірлі, ел арасында құрметке ие адам болған. Ол тек қазақ тілінде сөйлеп қана қоймай, орыс және балқар тілінде еркін сөйлеген. Қазақ әндерін тамылжытып қоймай, орыс әндерін де орындаған. Өте әңгімешіл, әңгіме айтқанды ұнататын болған. Жанындағы адамдарға пайдалы кеңестерін беріп жүрген. Бірде Әбіш өз үйіне жер аударылып келген балқар отбасын алып келеді. Олармен өз шаңырағында тату тұрады. Олармен бауырласып, тілдерін үйреніп кетеді. Ол бақша баптап, шаруашылықпен айналысқан. 1971 жылы дүниеден озған.

Н.Назарбаевтың анасы Әлжан 1910жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қасық ауылы маңындағы моланың басында дүниеге келген. Үшқоңырға жер аударылған әкесімен келген Әлжан Әбішпен танысады. Екеуі көп ұзамай отбасын құрады. Ол кісіөте сауықшыл адам болады. Әнді керемет орындай білген. Және суырып-салмалық өнеріде болған. 1977 жылы дүниеден озған.

-Өмірі, оқыған оқу орындары туралы, атқарған істері туралы Гүлнұр,Аружан, Сарбина, Ақгүлім әңгімелейді.Слайд арқылы тәрбие сағатын өткіземін.

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы (1940) - тәуелсіз Қазақстанның тұнғыш Президенті. Туып-өскен жері-Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылы. Днепродзержинск техникалық училищесін (1960), Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын (1967), Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін (1976) бітірген. Экономика ғылымның докторы, академик. Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. 1969 жылдан бастап комсомол және партия жұмысына ауысты. Жоғары мемлекеттік және партиялық қызметтерді 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болып сайланған кезден атқара бастады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Министрлер Кеңесінің төрағасы (1984-1989), әрі Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі (1990-1991), Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990 жылдың ақпан-сәуір айлары) болып қызмет атқарды. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1990 жылдың 24 сәуірінде Н.Ә.Назарбаевты Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының ең алғашқы Президенті етіп сайлады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті ретіндегі қызметінің заңға сәйкес екенін 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлау одан әрі орнықтыра түсті. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы атауының Қазақстан Республикасы болып өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысына сәйкес Н.Ә.Назарбаев 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті лауазымымен қызметке кірісті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Басқолбасшысы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының Төрағасы, Қазақтардың Дүние жүзі Қауымдастығының Төрағасы. Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның және басқа да бірқатар шет елдің жоғары ордендері мен медальдарымен марапатталған. Нұрсұлтан Әбішұлы әлемнің аса ірі мемлекет басшылары мойындаған қазақ мемлекетінің ең алғашқы басшысы, дүние жүзіне әйгілі саясаткерлердің бірі.

Елбасының бастамасымен ашылған оқу орындары. Гүлнұр айтады.

Халықаралық ақпараттық технологиялар универсиеті.

Қазақстан менеджмент институты. Экономика және болжау институты.

Қожа АхметЙассауи атындағы Қазақ-түрік университеті. Л.Гумилев атындағы Еуразия университеті. Назарбаев университеті.Бірқатар лицейлер мен колледждер

Ақынжанды балалар, шешен тілді балалар баршылық. Соларға сөз кезегін береміз.

Елбасына арналған өлеңдер, тақпақтар өте көп. Солардың бірі ретінде Болат Үсенбаевтың «Біздің Президент» тақпағын мәнерлеп, жатқа оқу үшін Аяулымды ортаға шақырамыз.

Елбасының еңбектері туралы Аятбек айтып береді.

"Президентке арналған өлеңім"(Жыр жазамын қалам алып қолыма.) (Ойлануға 5 минут)

Гүлдана, Аятбек, Аружан, Ақгүлімдердің тақпақтарын тыңдайық.

Елбасы туралы түсірілген деректі фильмге кезек береміз. Интерактивті тақтадан көрсетемін.

-Осымен, «1желтоқсан -Президенткүніне» орай өткізілген «Президент -біздің көшбасшымыз» атты ашық тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймын.Қатысқандарыңызға, көргендеріңізге, тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!

«Президент – біздің көшбасшымыз» атты ашық тәрбие сағаты.«Президент – біздің көшбасшымыз» атты ашық тәрбие сағаты.


«Президент – біздің көшбасшымыз» атты ашық тәрбие сағаты.

«Президент – біздің көшбасшымыз» атты ашық тәрбие сағаты.


Тұңғыш Президенттің отбасы.

«Президент – біздің көшбасшымыз» атты ашық тәрбие сағаты.


© 2010-2022