Ашық тәрбие сағаты Нанның қадірі 8 Ғ сыныбы

Раздел Классному руководителю
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бейнеу ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» ММ

Ашық тәрбие сағаты

Нанның қадірі




Сынып жетекшісі: Р. Ашыкбаева

Сыныбы: 8«Ғ»



2015-2016

оқу жылы

Сыныбы: 8 «Ғ»

Тақырыбы: Нанның қадірі

Мақсаты:

  1. Нанның оңай жолмен дастарханға келмейтінін, ол үшін көптегени адамдар еңбек ететіндігін ұғындыру;

  2. Оқушылардың сөйлеу тілін, сөздік қорыншығармашылық қабілеттерін арттырып, өздігінен қорытынды шығаруға жаттықтыру.

  3. Еңбек адамдарын сыйлау білуге,нанды үнемдеуге, қадірлеуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Түрі: проблемалық сабақ.

Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, топтық жұмыс, әңгімелеу.

Көрнекілігі: мультимедиядан сюжетті суреттер, мақал - мәтел, бейнетаспа.



Сабақтың барысы:



  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Ой қозғау.

  • Балалар, мен сендерге қазір мәтін оқимын. Сендер мәтіннің не жайында екенін аңғаруға тырысыңдар.

Жерге шыр етіп түскеннен кейін сен онсыз тұра алмайсың. Ол дастарқанға ең бірінші қойылады. Ол жарқырағағн алтын емес, бұрқыраған ақша емес. Бірақ, оған баға жетпейді. Оның пішіні, көлемі әр түрлі, бірақ бәрінің де дәмі сондай тәтті. Оны барлық адамдар сүйсініп жейді. Негізінде ас атасы деп аталады. Ол не деп ойлайсыңдар?

  • НАН!

  1. Қызығушылығын ояту.

  • Балалар, осы нан туралы көрініске назар аударыңдаршы.

Бейнетаспадан ертегі көрсетіледі.

  • Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?

  • Енді осы ертегіге ат қояйықшы? (оқушылармен еркін талқылау жүргізу)

  • Балалар, халқымыз үшін нан қашанда қастерлі. «Нан - ел ырысы, өмір азығы». Елдің дәулеті дастарханымен өлшенеді. Ал, дастарқанның сәні наннан басталады. Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы дастарқан сәні, тіршіліктің нәрі туралы «Нанның қадірі» деп аталады.

I кезең «Ұшқыр ойдан - ұтымды жауап» деп аталады.

  • Балалар, нан сендердің отбасыларыңдағы дастарқанға қалай келеді? (Оқушылардан сұрау)

  • Яғни, балалар нан дастарқанға жеткенше қанша тер төгіледі екен. Оның дәмін, құнын еңбекпен нан тапқан адам ғана шын мәнінде сезінеді.

«Көзін сатып жеген нан,

Кептеледі өңешке.

Терін сатып жеген нан,

Балдан тәтті емес пе?» - деген сөз өте орынды.

  • Демек, тракторшы жер жыртады, бидай тұқымын топыраққа себеді. Диқаншы оны суарады, арамшөбін отайды. Комбайыншы піскен егінді жинайды. Жүргізуші бидайды диірменге тасиды. Диірменші ұн тартады. Наубайшы нан пісіреді. Дүкенші нанды халыққа сатады. Үлкендер еңбек етіп, ақша табады. Сол ақшаға сатып алынған нан отбасыңның дастарқанына қойылады. Үнемі нан болу үшін қаншама адамның еңбек ететінін байқаған боларсыңдар.

Біз үш топқа бөліндік.

I топ: Диқаншылар

II топ: Диірменшілер

III топ Наубайшылар

II кезең «Ексең егін, ішерсің тегін» деп аталады.

Топтық жұмыс.

  • Бұрынғы білетінімізге және жаңа игеріп, білгендерімізді пайдаланып жұмыс істейміз. Мен ұазір әр топқа бидай үлестіремін. Бидайдың тапсырмасын орындаймыз.

I топ: Нанға байланысты мақал - мәтелдер жазу.

II топ: Нанға байланысты тыйым сөздерді жазу.

III топ: Нанның суретін салу. Ұннан жасалатын тағамдарды атау.

III кезең «Берсең аларсың, ексең орарсың» деп аталады.

I топ: Нанға ассоциация құру.

II топ: Нан туралы эссе жазу.

III топ: сөздерден (мақал - мәтелдерден) сөйлем құрастыру.

IV кезең «Артық болмас білгенің» деп аталады.

  1. Қазақстан Республикасының физикалық картасын көрсетіп отырып, астық өндірілетін облыстарымен таныстыру. Орал, Ақтөбе, Шымкент, Ақмола, Петропавл сапалы астығымен әлемге әйгілі. Еліміз биылғы жылы 8-9 млн тонна астық өндірді.

  2. Еліміздің Елтаңбасын мультимедиядан көрсету. Мысалы, Елтаңбада бидай масағы бейнеленген.

Әнұранымызда да

«Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы», - деген жолдар бар. Ол біздің Отанымыздың байлығын көрсетеді. Біз оны мақтанышпен айта аламыз.

V кезең «Наннан қасиетті еш нәрсе жоқ» деп аталады.

  • Балалар, сонымен бүгінгі сабақтан нені білдік:

Наннан қасиетті еш нәрсе жоқ, тіршілік жоқ, нанды қастерлеу керек, жерге тастамау керек, ысырап етпеу керек, үнемдеу керек.

Ендеше, өмір нәрі, тіршілік арқауы, адам өмірінің өзегі - нанды қадірлейік достар!.



© 2010-2022