Сабақтың тақырыбы: Үздік топ

Раздел Классному руководителю
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Үздік топ

Сабақтың мақсаты:

Оқушылармен жұмыс жасауда ақпарттық технологияның мүмкіндігін пайдалана отырып, оқушылардың танымдық, ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру.

Формасы: топтық сайыс

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, қима қағаздар, математикалық жұмбақтар.

Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, мен оқушылар. «Үздік топ» сайысына қош келдіңіздер!

Балалар, бұл жол басы даналыққа,

Келіңдер, түсіп, байқап қаралық та.

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,

Соларды көре тұра қалалық па?

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге - ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға, сол алда - дегендей, бүгінгі сайыста сендер өз білімдеріңді көрсетесіңдер.

Сабақтың тақырыбы: Үздік топ

  1. Тұлғалар.

Елімізге танымал тұлғалардың суреттері беріледі. Сол тұлғалардың есімдерін атаулары қажет. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен есептелінеді.

Сабақтың тақырыбы: Үздік топ

  1. Білгенге маржан

Әдебиеттік оқу

І топ.

  1. Ең алғаш мектеп ашқан кім?

  2. Мәтіннен үзінді оқу (топ мәтінді, авторын табады)

  3. Өлеңді жалғастыр.

Ең қымбат жан -..., ана

Қыс көлігі - ... шана

Ақылы көп - ... дана

Асық ойнайды - ... бала

ІІ топ.

  1. Тұңғыш саяхатшы кім?

  2. Мәтіннен үзінді оқу (топ мәтінді, авторын табады)

  3. Өлеңді жалғастыр.

Ат әбзелі -..., таға

Ініден үлкен - ... аға

Көйлектің басы - ... жаға

Бес деген жақсы - ... баға

Қазақ тілі

І топ.

  1. Сөйлем дегеніміз не?

  2. Сөйлем туралы не білесіңдер.

ІІ топ.

  1. Сөз құрамы дегеніміз не?

  2. Түбір, қосымша жайлы не білеміз?

Математика

І топ.

  1. Санды өрнек неден тұрады?

  2. Мен бір сан ойладым. Ойлаған санмен 45-тің қосындысы 85-ке тең. Мен қандай сан ойладым. 40

  3. Жұмбақ есеп

Атама гүл сыйладым,

Апама гүл сыйладым.

Әкем менен көкеме

Әжем менен тәтеме

Бір-бір гүлден сыйладым.

Неше рахмет жинадым?

Неше кісіге гүл сыйладым? 6 гүл, 6 рахмет

ІІ топ.

  1. Әріпті өрнек неден тұрады?

  2. Мен ойлаған саннан 32-нің айырмасы 45-ке тең болады. Мен қандай сан ойладым? 77

  1. Жұмбақ есеп

Белдеспек боп кілемде

Он балуан кеп тұр еді,

Ермекпенен күресіп,

Құлап түсті біреуі

Ерланменен күресіп,

Ұшып түсті бесеуі

Дайындалып күреске

Тұр олардың нешеуі? 10-1-5 = 4

Дүниетану

І топ.

  1. Адам немен тыныс алады? Ауамен

  2. Өсімдіктің жер асты мүшесі? Тамыр

  3. Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік қалай аталады? көкжиек

ІІ топ.

  1. Адамға қажетті жағдайлар? Ауа, су, жарық, жылу, тағам

  2. Өсімдіктің жер бетіндегі бөлігі? Сабақ

  3. Көкжиек тұстарын ата. Оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс.

3 бөлім

Тіл өнер

І топ.

  1. Денсаулық - зор ... (байлық - богатство)

  2. Жесең ащы, көзіңнен шығарар жасты (пияз - лук)

  3. Еңбексіз өмір - сөнген .. (көмір - уголь)

  4. Өзі қардай аппақ, жесең сондай тәтті-ақ (қант-сахар)

  5. Өзі қу, жүрген жері айқай-да шу (түлкі-лиса)

ІІ топ.

  1. Аттан тай озады, атадан кім озады? (бала-ребенок)

  2. Ас атасы - ... (нан-хлеб)

  3. Сиыр- корова, қой - .. . (баран)

  4. Қанаты бар ұшпайды, Су астында қыстайды (балық - рыба)

  5. Ашу - дұшпан, ақыл - ... (дос - друг)

4 бөлім

Жорға топ басшылар жарысы

І топ басшы

  1. Қыс айларын ата.

  2. Жасың нешеде?

  3. Екі сабақтың арасында не бар?

  4. Аптаның бірінші күні

  5. Күзде жапырақтар қайтеді?

  6. 5+2 қосындысы

  7. Сыныпта неше қыз бала бар?

  8. Тақтаға немен жазамыз?

  9. Сиыр, қой, жылқы, қой бұлар -

  10. Қияр, қызанақ, пияз, қауын, қарбыз бұлар -

ІІ топ басшы

  1. Көктем айларын ата.

  2. Сыныпта неше ұл бар?

  3. Қыста не жауады?

  4. Әліппедегі 1-ші әріп

  5. Түнде аспанда не көрінеді?

  6. 10 саны неше таңбалы сан?

  7. Дәптерге немен жазамыз?

  8. 8 бен 3-тің айырмасы

  9. Шапан, тон, пальто, күртеше бұлар -...

  10. Алма, алша, алмұрт, шие бұлар - ...

қосымша

  1. Сенің атаң әкеңе кім?

  2. Әкеңнің анасы саған кім?

  3. Өзіңнен кіші қыз бала?

  4. Өзіңнен үлкен ұл бала?

Қорытынды

ХХІ ғасыр білі мен ғылым ғасыры. Білім мен біліктіліктің бәсекеге түсер ғасыры.білімді топтың даңқы арта түсері сөзсіз.

Бүгінгі білім - ертеңгі байлығымыз. Осындай білім бәсекесін қорытындылайтын да уақыт жетті. Өздеріңіз көріп отырғандай, жеңімпаз топты анықтап, оларды марапаттауға рұқсат етіңіздер.

Оқушыларды марапаттау.

© 2010-2022