Батыр ата Бауыржан Момыш-ұлы

Сабақтың мақсаты:  1)Ұлы Отан соғысы жылдарында қолына қару алып, елінің азаттығы үшін шайқасқан жауынгер – жазушысы ерлігін паш ету; Оқушыларға батыр жазушы тұлғасын таныту,олардың ерлік рухтарын үлгі ету. 2) Өз ойларын , пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге төселдіру. Жүйелі сөйлей  білуге үйрету. 3). Отанды сүюге, қайраттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Презентация, Б.Момышұлының, М. Габдулиннің, Т. Бигельдиновтың, Т. Тоқтаровтың портреттері, жазған кітап...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мухамедрахимова Гульжанар Жаскайратовна-бастауыш сынып мұғалімі

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Батыр Бауыржан.

Сабақтың мақсаты:

1)Ұлы Отан соғысы жылдарында қолына қару алып, елінің азаттығы үшін шайқасқан жауынгер - жазушысы ерлігін паш ету;

Оқушыларға батыр жазушы тұлғасын таныту,олардың ерлік рухтарын үлгі ету.

2) Өз ойларын , пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге төселдіру. Жүйелі сөйлей білуге үйрету.

3). Отанды сүюге, қайраттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:

Презентация,

Б.Момышұлының, М. Габдулиннің, Т. Бигельдиновтың, Т. Тоқтаровтың портреттері, жазған кітаптары, батыр туралы жазылған естеліктер.

Әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау, проблемалық сұрақтар қою, шығармашылық жұмыс.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық:

Амансың ба, алтын күн,

Амансың ба, көк аспан

Амансың ба, достарым,

Амансыңдар ма, қонақтар.

Сабағымызды бастайық

Жамандықты тастайық. - Жарайсыңдар,балалар, көңіл күйіміз жақсы болса, көңілді отырып сабағымызды бастайық.

Слайд №1

Шүйінші, халқым, шүйінші!

Шүйіншіге сүйінші!

Шаттан, ата-анамыз,

Шаттан, аға-бабамыз,

Кек қайтарып фашистен,

Соғыс бітті жеңіспен,

Жеңдік жауды күресте

Жасалсын той-мереке.

(Т. Жароков)

І. « Ой қозғау » :

  • Өткен сабақтардан қандай батыр, ержүрек, ел қорғаған адамдарды білесіңдер?

( Қабанбай, Бөгенбай, Исатай, Махамбет, Ағыбай, Қарасай мен Ағынтай, Нұркен, Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан, Төлеген т.б.)

  • Осы батырлардың ішінде қайсысы Ұлы Отан соғысына қатысқан?

  • Нүркен, Мәлік, Бауыржан, Төлеген Тоқтаров.

  • Дұрыс айтасыңдар, қазақтың елін, жерін қорғаған осындай батыр азаматтары болған.

Ойын « Тұлғаны таны » Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлердің портреттерін көрсетемін,соңғысы Бауыржан Момышұлы.

Тақтадағы мына кластерді толтыра қояйық.

Батыр ата Бауыржан Момыш-ұлы

Батыр ата Бауыржан Момыш-ұлыБатыр ата Бауыржан Момыш-ұлыбатыр

Батыр

Батыр ата Бауыржан Момыш-ұлыБатыр ата Бауыржан Момыш-ұлыБатыр ата Бауыржан Момыш-ұлыБатыр ата Бауыржан Момыш-ұлыБатыр ата Бауыржан Момыш-ұлыБауыржан мұғалім




соғысқа қатысқан күшті

жазушы

ІІ. Жаңа сабақтың мағынасын тану.

  • Сабақтың тақырыбы қандай екен?

  • Бүгін біз « Батыр Бауыржан » деген мәтінді оқиық деп отырмыз. Ол кім деп ойлайсыңдар?

  • Ол Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр.

  • Ол - жазушы.

а). Мұғалімнің кіріспе сөзі: 1941 - 45 жылдары Ұлы Отан соғысы болғанын білеміз.Сол соғыстың біткеніне биыл 65 жыл толайын деп отыр. Бүгінгі тақырыбымыз « Батыр Бауыржан » мәтінінде Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы туралы айтылады. Ол Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батыр.

Сол кездегі Отанымыздың жүрегі - Мәскеуді жаудан азат еткен жауынгерлердің бірі. Ол Жамбыл облысы, Жуалы ауданында туған. Соғысқа қатысып, соғыс біткесін де Мәскеуде қалып, әскери академияда болашақ офицерлерге дәріс берген. Бейбіт өміріміздің келешек ұрпақтарына арнап, жазған көптеген кітаптары бар. Ол қазақша да, орысша да жазатын жазушы.

Міне, алдарыңда батырдың жазған « Артымызда Мәскеу», « Қанмен жазылған кітап », « Наша семья », « Психология войны » деген кітаптары тұр. Мына кітап А.Бектің «Арпалысы» Бауыржанның майданда көрсеткен ерліктері туралы жазылған. Ал мына екі кітап батырдың баласы Бақытжанның « Восхождение к отцу » деген, әкесі туралы жазған кітабы болса, « Шуақты күндер » деген повесті - келіні Зейнеп Ахметова жазған.

ә) Мәтінмен жұмыс: «Алма - кезек оқу » стратегиясы. Оқушылар кезекпен оқиды.

- Балалар, енді мына кестені толтырайық.

Ұнаған жері

Өз пікірім

Қазақ командирлерін жинап, оларға «Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді » дегендей, намыстарыңды қолдан бермеңдер деп қайраттындырғаны ұнады.

Бұған дейін Қарасай, Ағынтай батырлардың ерлігін оқығамыз. Қазақ деген талай көрешекті көрсе де, осынша жерді сақтап қалған батыр халық екен.

Мына кестені Қызғалдақ толтырды, басқа балалар да осы мазмұнда толтырғандарын оқып береді.

ІІІ. « Ой толғаныс »

а). Ерлік, батырлық туралы мақал - мәтелдер, айту үшін сайыс ұйымдастырайық

1. Батыр бір өледі, 1. Батыр туса - ел ырысы,

Қорқақ мың өледі. Жаңбыр жауса жер ырысы.

2. Болат қайнауда шынығады, 2. Батыр - елдің сәулеті.

Батыр майданда шынығады, Бал құрақ - көлдің сәулеті.

3. Отан үшін отқа түс - күймейсің, 3. Алыс жол атты сынайды,

Арың үшін алыссаң - өлмейсің. Ауыр жол ерді сынайды.

ә). Бауыржан батыр туралы әңгімені оқыдық, кестені толтырдық енді манағы кластерді қайта қарастырайық, толықтыратын жерлерің болса, толықтырайық.

1941- 45 Ұлы Отан соғысы

Батыр ата Бауыржан Момыш-ұлы

Батыр ата Бауыржан Момыш-ұлыБатыр ата Бауыржан Момыш-ұлыбатыр Бақытжанның әкесі

Батыр

Батыр ата Бауыржан Момыш-ұлыБатыр ата Бауыржан Момыш-ұлыБатыр ата Бауыржан Момыш-ұлыБатыр ата Бауыржан Момыш-ұлыБатыр ата Бауыржан Момыш-ұлыполковник Бауыржан Ержанның атасы




соғысқа қатысқан Жамбыл облысында туған

жазушы

Биылғы жылы 9 мамырда соғыстың біткеніне неше жыл толады? (65 жыл) .

б). Шығармашылық жұмыс. Қазір ел қорғаған ержүрек батыр Бауыржанға арнап өлең шығарамыз. Оған дейін батырлық, ерлік туралы Бауыржан Момышұлының қаламынан туған қанатты сөздерді дәптерлеріңе жазып алыңдар.

1. Бақаның бағынан, сұңқардың соры артық

2. Өлтірсең, өлімнен құтыласың,

Өлтірмесең, өлімге тұтыласың.

3. Намысты нанға сатпа.

4. Таяқтан тайсалмасаң, семсерден сескенбесең, жеңдім дей бер.

Бұқсаң - сұқты, тығылсаң - тықты.

Именсең - езді, өлдім дей бер.

5. Жұмсақтан жолбарыс шықпайды.

6. Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тіке тұрып өлген артық.

- Ал, қанекей, кімнің шабыты келді, кім батырға арнап өлең шығарамын дейді?

1. Нұрсұлтан: 2. Қымбат:

Батыр атам Бауыржан Батыр деп ел мақтаған

Баласы бар Бақытжан. Мақтанышым Бауыржан

Атасынан аумаған Москваны қорғаған

Немересінің аты - Ержан Бастығы боп Бауыржан.

в). - Ол ерекше патриот, халық үшін жанын аямаған қазақтың батыры, сендер мына кітаптарда Бауыржанның жасаған ерліктері жайлы өскесін оқисыңдар.

Қазір Бауыржанның туған ауылына Бауыржан Момышұлының аты берілген.

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау. Сабақ соңында « Ел қорғауға әзірміз » деген әнді айтып сабағымызды аяқтадық.

ІV. Үйге тапсырма: Мәтінді оқып, сұрақ дайындау. Өлең шығару.Жергілікті ардагерлер туралы әңгіме дайындау.

© 2010-2022