Презентация по казахкому языку на темуОтан отбасынан басталады

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Дені саудың - жаны сау».
Тәрбие сағатының мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының басты байлық екендігін түсіндіру. Денсаулық негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада дұрыс жүру екенін ұғындыру. Шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.
Құрметті ұстаздар, оқушылар қауымы! Бүгінгі «Дені саудың - жаны сау».
сайысына қош келдіңіздер! Біз, бүкіл адамзатпен бірге үлкен тарихи кезең 21 ғасырда өмір сүріп отырмыз. Осы ғасырда өркениетті елдер қатарынан орын аламыз десек, біздің халқымыз салауатты қоғамда өмір сүруі керек.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиясында «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әлқуаты» тармағында азаматтарымыздың өмірі соңына дейін сау болуы ж/е жас ұрпақ дұрыс жетіліп, өсуі үшін денсаулығын күтуі керек. Бүгінгі тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтаға арналады.
Топтарды таныстыру:
1 - топ - «Шымыр» тобы - « Шынықсаң шымыр боласың».
Шапшаңдығыңа қайран қалам,
Жете бер мақсатыңа армандаған
Майысып, өнерімен тәнті еткен
Асылхандай баланы қайдан табам.

Көңіліңнің қошын - ай, көпшіліктің досындай.
Ақ ниетті кең пейіл, біздің Еламан осындай.

Шыңдап күнде мен енді, шынықтырып денемді,
Деген оймен Сағыныш, жарысуға келіп тұр.
2 - топ - «Сымбат» тобы - «Сымбатты болу қолыңда»
Көркіне қарап тұрсаң бал тамады,
Сөйлесе қас шебердің аңсағаны.
Ән айтып, би билеу, бір Зухраның бойынан табылады.

Көргенде жымиып, әрқашанда күліп жүреді үнемі.
Жарыста озып шығам деп, сайысқа Архат келеді.

Біздермен ойнап күледі, cырымызды біледі.
Қасымызда Елдос, қақтығысып жүреді.
Өнерлеріңді салыстырып, өздеріңді жарыстыратын, қазылар алқасымен таныстырып қояйық
1. Ольга Вячеславовна
2. Гульнар Ануаровна
3. Людмила Николаевна
Мәңгі бақи есте қалар, қызықты бір ойын болсын,
Білімдірек шәкірт озар, сұрақтары қиын болсын.
1. Бәйге сайысы.
1. Пайдалы тағамдар /айран, балық, ет, өсімдік майы, сәбіз, пияз/.
2. Пайдасыз тағамдар /фанта, бәліш, чипсы, шоколад, кока - кола/.
3. Зиянды әдеттерді атаңдар?/темекі шегу, қолды аузына салу/.
4. Лондонда өткен олимпиадалық ойындарда біздің құрама неше алтын, неше күміс, неше қола жеңіп алды? /7 + 1 +5/
5. Қазақстанның әуесқой боксшысы, Лондон Олимпиядасының чемпионы, алтын жүлдегер кім?/Серік Сапиев/
6. Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада жеңімпазы атанған бірінші қазақстандық кім?
7. Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата? /көкпар, қыз - қуу, асық ату, аударыспақ/.
8. Қазақтың ұлттық тағамы (бесбармақ)

2. Көрініс - «Жаман әдеттерден аулақ бол».
3. «Кім жылдам» ойыны. / қарындашпен астын сызу/
«Шымыр» тобы Денсаулыққа пайдалы факторлар.
«Сымбат» тобы - Денсаулыққа кері әсер ететін факторлар.
Еңбек, еріншек, күн, жалқаулық, су, ауа, арақ, жеміс - жидек, насыбай, дұрыс дем алу, үйірмелерге қатысу, спортпен айналыспау, көп ұйықтау, ластық, дұрыс тамақтану, тамақты асығып жеу, қолды сабындап жу, дастарқан басында қисаймай түзу отыр, тамақтанып отырғанда сөйлеу, қасықты оң қолыңмен ұстау, күн тәртібін сақтамау, тамақтанып отырып сөйлемеу, ащы мен тұщы тағамдарды көп жеу. нан екі қолмен үзіп жеу, тамақтан соң аузыңды шәю, жеміс - жидектерді жумау, асқа бата беру.
Үй тапсырмасы. Жарнама. «Денсаулық - зор байлық».

«Шымыр» тобы: Мынау айран. Бұл сүттен жасалады. Оның денсаулыққа пайдасы зор. Спрайт ішкенше, осы айранды сатып алып ішкен тиімді. Әрі арзан, әрі дәмді.
«Сымбат» тобы: Мынау сиырдың сүтінен жасалған құрт, оның тіске көп пайдасы бар. Ол тісті қатайтады. Орбит алғанша, осы құртты сатып алған тиімді.
«Шымыр» тобы: Мынау алма, кәмпит басқа да тәттілерді жегенше жеміс - жидектерді же.
«Сымбат» тобы: бұл сабын. Бұл сабынның пайдасы денедегі микробтарды жояды. Бетті, қолды күнде жуып отыру керек.
«Шымыр» тобы - Денсаулықтың тағы бір дауасы - таза ауа. Табиғат ананың адам ағзасының жетілуіне тартар сыйы көп. Ауасыз өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан ауаның ластанбауына өз үлесімізді қосайық.
«Сымбат» тобы -
Денсаулық мықты болуы үшін ми демалысы - ұйқының орны ерекше. Адамға су, ауа, ас қалай қажет болса, ұйқы да сондай қажет. Дені сау бала тәулігіне10 сағат ұйықтауы керек. Бала күн сайын белгілі бір мезгілде ұйықтап, бір, бір мезгілде тұруы керек.
4. Ойын «Білек күрес».
Білек күшін сынаймыз.
Кім епті екенің сыныпта,
Күштілер бар біздерде
Төтеп берер тығырықта деп, оқушылар білек сынысады.
Біреуінің жүрегінің түгі бар, біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар,
Біреуінің күмбірлеген күйі бар, енді біреудің қатты істейтін миы бар.
5. «Тапқырлық» сайысы. Мақал - мәтелдерді аяқтау.
1. Денсаулық -........................ (зор байлық)
2. Тәні саудың -....................... (жаны сау)
3. Емнің алды -................................ (еңбек)
4. Тазалық - саулық негізі, саулық -................. негізі. (байлық)
5. Шынықсаң -..................... (шымыр боласың)
6. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын............. ізде. (жол)
7. Көзің ауырса, қолыңды тый, ішің ауырса....... /аузыңды тый/
8. Жан ауырса тән азады, қайғы басса жан...../азады/
9. «...... қадірін ауырғанда білерсің»
10. «....... жасырған өледі»
6.«Шығармашылық тапсырма» берілген суреттерден сөздерді табу.
7. «Шопан» сайысы. Мына жатқан обручтарға шарларды апарып салу керек және ал екінші барғанда оны жинап әкелу қажет.
8. «Жұмбақ сайысы».
1. Ертемен күнде сен,
Қолыңды сүйкесең,
Кетіп кір - ласың
Тап - таза боласың
Бұл не?(сабын)
2. Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тілі жоқ, сөзі жоқ.
Бірақ та тісі бар
Басыңмен ісі бар
Бұл не?( тарақ)
3. Ақ қарда тек тұрмадым, қос тақтаймен зырладым. /шаңғы/.
4. Аяқтарым қалтылдап, қос тай міндім жалтылдақ.
Шапса жұбын жазбайды, бір - бірінен озбайды. /коньки/
5. Иілсең иіліп,
Түйілсең түйіліп,
Қарайды кісіге
Ұқыпты ісіне
Бұл не?(Айна)
6. Шомылған баланы
Аймалап алады.
Сипайды қолын да
Сипайды жонын да
Бұл не? (Сүлгі)
7. Бір атым бар, құлын болып тумаған.
Құнан болып өспеген. /велосипед/
8. Ұрып қалсаң кері атып, оралады өзіңе.
Көрсең досы бері атып, қайтып барар өзіңе./ доп/.
9. Қазақтың ұлттық ойындары асық ойнау.
Қорытынды. «Қара жорға» биі.
Әділқазылар алқасы әр топтың әділ бағаларын беріп, марапаттайды.

Тақырыбы: «Әдепті бала - арлы бала».
Мақсаты: Балаларды кішіпейілдікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру, оқушыларды әдептілікке, сыпайлылыққа тәрбиелеу.
Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік тақырыбында өтеді. Әдептілік - адамдардың өзара жақсы қарым - қатынасының, жүріс - тұрысының ережесі. Мысалы, уәде беріп орындамаса, басқа кісіге дөрекі жауап берсе, үлкенді сыйламаса, ондай адамды жұрт «әдепсіз екен» дейді. Онымен басқа адамдар қарым - қатынас жасаудан қашады, оны сыйламайды. Кейбір оқушылар әдептілік ережесін байқамай немесе білмей бұзады.
Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек.
Әдепті бала қандай болуы керек? /оқушылардың жауаптары/.
Шаттық шеңбері. Музыка ойнап тұрады. Оқушылар шеңбер құрып, қолдарындағы гүлдерді бір - біріне ұсынып тілек айтылады. Мысалы, Қайырлы күн. Сабағыңды жақсы оқы. Алланың нұры жаусын.
Рахмет балалар, осы гүл шоғырлары біздің тәрбие сағатымыздың сәтті өтуіне көмектеседі деп ойлаймын.
Адамгершілікке байланысты проблемалық жағдайларды шешу үшін сұрақтарға жауап берейік.
Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда алдыңнан бір үлкен кісі шықты Сен не істер едің?
Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырғанда сен не істер едің?
Автобуста, қоғамдық орында егде адамды көргенде не істейсің?
Балалар жүр көшеде, естіледі айқай шу. Сен де шықтың, көршіңді қағып кеттің байқамай. Мұндайда не деу керек? /Кешіріңіз деу керек/.
Осы келген бетіңде, допты қудың, жарыстың. Көшенің сол шетінде, кезікті бір танысың. Ұмыттың сен не деуді? /Сәлеметсіз бе? деу керек/.
Үй артында қоқысты, жатқан көптен үйіліп, атаң сенің жинап жүр.
Не дегенің жөн еді? /Көмектесейін деу керек/.
«Жақсы, жаман әдеттер». Берілген кестеден оқушылар жақсы әдеттерді бір сызықпен, жаман әдеттерді екі сызықпен сызу керек.
«Тасымақ ойыны» қағазға жазылған әдепті балаға тән қасиеттерді таңдап, екінші орынға тасу.
«Ескірмейтін ескі сөз».
Тыйым сөздерінің мәні неде? Қазақ халқы осындай ырымдар мен тиымдар арқылы ұл - қыздарының оғаш та осал қылықтарын сынап, тәртіпке салып тәрбиелеген. Күнделікті өмірде ата - әжелердің, ата - аналардың айтып отыратын тыйым сөздерін еске түсірейік.
Саусағыңды аузыңа салма. Таңдайыңды қақпа.
Шелектегі суға аузыңды салма. Бас киіммен ойнама.
Басыңды шайқама. Жағыңды таянба.
Үйге қарай, үйді айнала жүгірме. Дастарханды баспа.
Тізеңді құшақтама. Бос бесікті тербеме.
Сыпырғышты тік қойма. Бетіңді баспа.
Экологиялық тәрбие беретін тыйымдар:
Жалғыз ағашты кеспе. Малды теппе.
Суға дәрет сындырма. Құстың ұясын бұзба.
Баланы қауіптен сақтандыратын тиымдар:
Отпен ойнама. Оттан аттама.
Пышақты шалқасынан қойма. Түнде суға барма.
Пышақтың жүзін жалама. Аяқ - қолыңды жіппен байлама.
«Сыңарын тап» Мақал - мәтелдерді аяқтау.
Жығылып жатып................. /сүрінгенге күлме/.
Күлме досыңа...................../келер басыңа/.
Ауру қалсада.................... /әдет қалмайды/.
Әдепті бала арты бала......./әдепсіз бала сорлы бала/
Ұяда не көрсең.................../ұшқанда соңы ілерсің/
Жаксыдан үйрен................/жаманнан ширен/
Жаксы туса - ел ырысы....../жаңбыр жауса - жер ырысы/
Қызым саған айтам.........../келінім сен тыңда/
Дария жанынан................./құдық қазба/
Умен ойнамабатарсың...../отпен ойнама жанарсың/
Ағасы бардың - жағасы бар..../інісі бардың тынысы бар/
Жылы - жылы сөйлесең....../жылын інінен шығады/
Атаның баласы болма......./адамның баласы бол/
Әдепті бала ата - ана мақтар..../әдепсіз бала ата - анасын қаксатар/
«Не арттық» ойыны.
Ақылды, шыдамды, мәдениетті, орынсыз, мақтаншақ.
Зерделі, төзімді, мәдениетті, жалқау.
Күншілді, өтірікші, ұмытшақ, адамгершілікті.
Салғырттық, көрсеқызарлық, сабаққа кешігетін, еңбекқор.
«Біз мейірімді баламыз».
Менің қолымда шарлар бар, түстерін айтыңдаршы. Шардағы тапсырмаларды орындау. «Жалғастыр» ойыны:
«Не істеуге болмайды?» деген сөзді мұғалім айтады, оқушылар әрі қарай өздері жалғастырады.
1. Үлкендердің алдын -
2. Кішкене баланы -
3. Құстарды -
4. Қыз баланы -
5. Сабақтан -
6. Үйге жүгіріп -
7. Үлкен кісіні -
8. Оқу - құралдарын -
9. Сыныпта айғалауға -
10. Ысқыруға -
11. Құстардың ұясын -
Слайдтар көру - оқушы ережесімен танысу.
«Кім жылдам ойыны» Оқушыларға тапсырмалар беріледі. Берілген сандарды алфавит бойынша қарап, әріптерді тапқанда сөздер шығады.
«Санамақ» ойыны». Ортаға бір оқушы шығады, ол әрбір адым аттаған сайын әдепті балаға тән қасиеттерін атаса, келесі шыққан оқушы әдепсіз баланың қасиеттерін атау керек.
Балалар бүгінгі тәрбие сағатынан әрқашанда кішіге мейірімді, бір біріңе қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаңдар өсе келе ата - анаңның, отаныңның мақтанышы боларсыңдар. Барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысасыңдар деп ойлаймын.
Көңіл бөліп бұл сыныпқа.
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрерменге.
Мың рахмет, мың рахмет.

«Балаңыз кішіпейіл ме?»
Баланы жастан бақпасаң, жамандықтан қақпасаң, Қадірден жұрдай қасқа боп, кешкенің өмір босқа тек, - демекші баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйініп қуанбайтын ата - ана жоқ шығар. Отбасы - адамзаттың алтын ұясы.
Кішіпейілділік деген ұғымға ілтипаттылық, әдептілік, сыпайылық, қамқорлық, біреуге жәрдем көрсетуге бейімділік, адамдардың іс - әрекетін түсіну, көргенділік сияқты түсініктерді енгіземіз.
Өмірде көптеген адамдардың жақындарының қас - қабағына қарап, солардың қамын ойластырып жүретін бауырмалдығына сүйінсек, ал енді біреулердің ағайын - туысқа өте салқын, жат бауырлығына қынжыламыз. Ал осының себебі неде?
Біздер үлкен кісілердің жастарға деген наразылығын жиі естиміз. Көбінесе олар қатыгез, мейірімсіз, немқұрайды, селқос, біреудің жан - дүниесін қайдан түсінсін, қайғысына ортақтаса алмайды, сезінбейді деп жатады. Осының себебі қайда? Оның себебін қайдан іздеген жөн.
Баланы кішіпейілдікке тәрбиелеуде кейбір ата - аналар елеулі қателіктер жіберіп отырады. Мысалы, 7 сынып оқушысы Алманың әжесі қайтыс болды. Алманың шешесі он төрт жасар қызын төрт күнге жолдас қызының үйіне жіберді. Ондағы мақсаты «Алма қайғырмасын, ол онсыз да күйгелек, ызаланғыш, көңілшек. Әсерленгіш бала қайғыдан сырт болсын» - дегені. Алма өзінің әжесін жақсы көре тұра, оның жерлеуіне қатыспады. Алма үйіне қайтып келгенде есіне әжей түсіп, жылағысы келсе, шешесі - «Бар қыдырып кел, паркке бар, киноға бар жолдастарыңмен деп қызының көңілін аулаған болады.
Алайда шешесі қызының бойындағы жақын адамның қайғысына ортақтаса білу сияқты сезімтал қасиетті өз қолымен жоғалтып жатқанын сезінбеді.
Кейде қонаққа бара қалсаң, сол үйдің бүлдіршіні «апа балмұздақ аламын, 20 теңге берші» немесе «компьютер ойнаймын, 50 теңге берші» деген сөздерін ата - аналардың өздері де қолпаштай жөнелетінін көріп жүрміз. Сонымен бірге кей ата - аналар баланың үлкендермен бірге дастарханға жағаласа отырып, тәтті - дәмділерді қалталарына сықап салып алғандарына да көз жұма қараса, енді біреулері «бала» емес пе» деп жуып - шайып жатады. Сонысымен - ақ балаларын теріс қылыққа бастап тұрғандарын түсінбейтіндері өкінішті.

Тағы бір қарапайым ғана мысал, жас өспірімдер ағаштарды жиі сындырады, отырғызылған гүлдерді жұлады, жануарларды ұрып соғады. Кішкентай балалар осының бәрін саналы түрде істемейді, көбінесе жәндіктерді өздері қорыққандықтан өлтіруге ұмтылады, кейін осы құбылыс балада қанағат сезімін тудырып, оның әдетіне айналуы мүмкін. Мейірімсіздік осылай пайда болады. Ол жаман тәрбиенің нәтижесі. Оның пайда болуының себептерін іздесек, оның бір төркіні өз балаларын ата - анасының шексіз мейірімділігінде жатады. Шектен шыққан мейірімділік бала бойында өзімшілдікті, барлығы мен үшін болсын деген ниетті қалыптастырады. Тәрбиенің түп - төркіні от басы, ошақ қасынан басталады. «Ержеткен соң ақылы кіріп басылар» деп ойлау, кездейсоқ бақытқа үміт артқанмен бірдей. Балаға жан - жақты қамқорлық жасағанда ғана жас ұрпақ алдындағы аманатымыз орындалады

© 2010-2022