Тәрбие сағаты Ұлы Жеңіске 69 жыл (3 сынып)

Раздел Классному руководителю
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты Ұлы Жеңіске 69 жыл (3 сынып)Тәрбие сағаты Ұлы Жеңіске 69 жыл (3 сынып)

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы

«Күршім ауылы Ю.А. Гагарин атындағы №1 орта мектебі» КММ-нің

бастауыш сынып мұғалімі Амренова Кулира Сулейменовна










Тәрбие сағаты Ұлы Жеңіске 69 жыл (3 сынып)

Сабақтың тақырыбы:Ұлы Жеңіске 69 жыл!

Мақсаты:Оқушыларға патриоттық,интернационалдық тәрбие беру

Ұлы Отан соғысының батырларының ерлік істерін үлгі ету.

Оқушыларды Отанын сүюге,елін қорғауға баулу.

Көрнекілік:суреттер,гүл,шарлар,буклет.

Мұғалім: Құрметті қонақтар!Ұлы Жеңістің 69 жылдық мерейтойына арналған тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.

Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні,

Жақсы үміттің шырағы жанды міне!

Аспан бетін қаптаған қара тұман

Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні!

1941-1945 жылдар. Адамзат тарихында болмаған соғыста, бірлік,достық жолында жан қиған,бүкіл адамзаттың азаматтықты қорғап қалған соғыста жүзге тарта қазақ қаҺармандарына айбарлы атақ берілді.Батырлардың батырлары: Бауыржан Момышұлы,Төлеген Тоқтаров,Мәлік Ғабдуллин,Нұркен Әбдіров,Талғат Бигельдинов,Рақымжан Қошқарбаев,

«Шығыс жұлдыздары» Мәншүк Маметова,Әлия Молдағұлова,Сұлтанмахмұт Баймағанбетов, Хиуаз Доспанова.

Қара бұлтқа оранбасын күн көкте,

Барлық халық бейбіт өмір сүрметке

Отанының бақытты үшін мерт болған

Батырларды есінде ұста,құрметте!

Назым: Ығысқан жауы түрінен

Бауыржан батыр қол бастап.

Москваның түбінен

Ерліктер жасап ол асқан

Волокалам жолында

Жауымен талай арбасқан

Іздері бар артында

Бауырлас ізгі ерлердің

Іздерін қалай шаң баспақ.

Перизат: Туған жер,өскен орта,байтақ дала,

Махаббат,ыстық,жүрек құмарлана

Сүйеді Төлегендей ер баласын,

Баулыған батырлыққа Отан-Ана!

Баласын алып Алтай құшағына,

Сүйеді,жүрегіне қысады да

Сырласып,таң атқанша бірге болып,

Таң атса,тау қалады,ол ұшады да.

Дидар: Ор кеуде,отты жүрек,батыр Мәлік,

Зор даңқың дүниені кетті жарып,

Майданда ризамыз,ойнадың сен,

Бейне бір найзағайдай,жарқыл қағып.

Сәбит: Арты ажал,өмір,алда үміт,

Есімі ердің жаңғырып,

Есінде жұрттың мәңгілік

Жас қыран Нұркен Әбдіров.

Нұрлыбек: Баймағамбеттің Сұлтаны-

Байсалды туған батырым

Жағасы жаудың жыртады

Жолбарыс болып атылып.

Бекарыс: Ажал боп төнген жауына

Дауылды көктің қыраны

Оралды Алатауына

Ерліктің өжет бір әні

Таңғалтқан батырлығымен

Тарланбоз Талғат ағамыз

Жеңістің күні келгенде

Көшеге жайнап шығады

Сөнбесін оның жұлдызы

Сөнбесін өмір шырағы.

Мұғалім: «Ат ауыздығымен су ішкен

Ерлігімен су кешкен»сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып,Отан қорғауға біздің батыр апаларымыз «Шығыс жұлдыздары» Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова асқан ерлік көрсетіп,батырлықпен қаза тапқан,Хиуаз Доспанова-Ұлы Отан соғыста ұшқыш болған алғаш қазақ қызы.

Ерлат: Шығыстың қос шынары.

Әлия ,Мәншүк қайсар қызы қазақтың.

Ерлігіне таң қаламын ғажап тым.

Солар төккен қызыл қанның арқасы,

Қазақстан аспанында азат күн.

( «Әлия» -орындайтын Төлегенова П.)

Мұғалім: Ұлы Отан соғысында еліміздің тәуелсіздігі мен халқымыздың бақытты үшін

ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етіп ,1 минут үнсіз тұрып еске түсірейік.

1945 жыл,9 Мамыр.Біздің қаһарман халқымыз жауды тізе бүктірді.Сонан бері 69 жыл бейбіт жыл артта қалды. 1945 жылы 8-мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап,қол қойды.Ал,9 мамыр күні бұрын-соңды болмаған 1000 зіңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне,Жеңіс күні осылай келген еді.

Ақбота: Жеңіс,Жеңіс!

Бабамыздың-қызыл қаны төгілген

Кеше туған және біздің

Бағымыз боп көрінген.

Ән «Ел қорғауға әзірміз» сөзі: М. Әлімбаевтікі, әні: К. Қуатбаевтікі

Елдана: Жеңіс,Жеңіс!

Мектебіміз-ашқан бізге есігін

Ұмытылмас өткеніміз,-

Батырлардың есімі.

Назым: Қия шыңға өрмелеңдер,

Болашаққа батыл бар.

Жеңіс-деген өрен ерлер-

Мәңгі өлмейтін батырлар!


Ерлат: Әсем әндей,қоңыр күйдей

Жылдан жылға жаңғырып

Жаса,Жеңіс-ел ерлігі,

Сен жасай бер мәңгілік.

Оқушылар: «69 жыл» - Бейбіт көктем таң атқаны,

«69 жыл» -Шуақты күн таратты әнін

Есімде содан бері алпыс тоғыз рет,

Ашылды Жеңіс күннің парақтары.

Ән: «Ақ көгершін»(оқушылардың барлығы ортаға шығып орындайды)

Тәрбие сағаты Ұлы Жеңіске 69 жыл (3 сынып)




Тәрбие сағаты Ұлы Жеңіске 69 жыл (3 сынып)Тәрбие сағаты Ұлы Жеңіске 69 жыл (3 сынып)

© 2010-2022